Мұхтар Әуезовтың Хан Кене трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
Мұхтар Әуезовтың Хан Кене трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері Қазіргі кезде М.Әуезовтің бүкіл шығармашылық жолының өн бойында алашшыл көзқарастың созылып жатқаны жиі сөз болып жүр. Қаламгердің «Қараш-қараш оқиғасы», «Хан Кене», «Қилы заман» шығармаларынан ортақ ой-пікір жалғастығын, көзқарас сабақтастығын көреміз. Қазақ елінің бүгінгі қол жеткізген тәуелсіздігі биігінен көз салсақ, ұлттың рухани әлемінде әділ бағасын ала алмаған талай «ақтаңдақтарды» көруге болады. Ауыз әдебиетінің үлгілері мен ондағы фольклорлық деректер ұлтымыздың рухани жан дүниесінің биіктігін көрсетумен қатар тарихымыздың зерделі айшықтарын тануымызға да зор ықпал жасайды. Тарихшы ғалым Е.Бекмаханов: «Тарихи ірі оқиғалар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған халықтың ауызша шығармашылығы: дастан, өлең, қисса, батырлар жыры, ертегі, аңыз тағы басқалар арқылы қазақ халқының есінде сақталған. Осы фольклорлық материалдарда қазақтардың қоғамдық және әлеуметтік құрылысы, тұрмысы мен әдет-ғұрпы және ақырында, халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғалар айқын бейнесін тапқан» 1, 42, – деп атап көрсетеді. Семинарияда оқып жүргенде «Алаш» газетінің 1917 жылғы 16-санында жарық көрген «Қазақтың өзгеше мінездері» атты тұңғыш тырнақалды мақаласымен белгілі бола бастаған М.Әуезов бертін келе «Сарыарқа», «Абай», «Қазақ тілі», «Шолпан», «Таң», «Сана», «Жас Азамат», «Еңбекші қазақ», «Кедей айнасы», «Жаңа мектеп», «Жас қайрат» тағы басқа газет-журналдарда саясат, мәдени-ағартушылық, дүниетанымдық бағыттағы келелі ойларын алға тартып отырған. Ұлт-азаттық сарындары да осы кезеңде қалыптаса бастады. Мұхтардың Абай ортасынан шығып, Абай мектебінің сынынан өтуі, қисса дастандарды, батырлар жырын жаттап өсуі оның бала жүрегіне мәңгілік елдік сезімін қалыптастырып, ел ішіндегі түрлі әлеуметтік жайлар, қазақ халқының басындағы сол кезеңдегі ауыр халдер, отаршыл саясаттың әрекеттерімен таныс болуы оны ел ісіне араласуға итермелеген еді. Алаш тұсындағы көзқарастары мен кеңес тұсындағы қоғамдық қызметі де оның ой өрісін жан-жақты дамытып, өзіндік жеке пікірін қалыптастырғаны да шындық. Мұның бәрі жинақтала келе болашақ дарын иесінің шығармашылық бастауларына айналды. Алғашқы жылдары жазылған көркем шығармаларында елдің тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік жағдайлары суреттелінсе, жиырмасыншы жылдардың ортасына қарай қазақ даласында өтіп жатқан түрлі өзгерістерге орай ұлт тағдырына деген алаңдаушылығы шығармаларында жиі көрініс тауып отырды. Ұлт-азаттық идея – халықтың арман тілегінен туған асыл мұрат. Бұл тұста ұлттық сана мен рухани тұтастықты сақтап қалу үшін Ахмет, Әлихан, Міржақыптар «Оян, қазақ!» деп халық танымына тура жол сілтеп ұрандаса, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мұхтарлар төл әдебиетімізде ұлт-азаттық күрес тақырыбын дамытуды көздеді. Ұлттық рухымыздың биіктігін танытатын М.Жұмабаевтың «Ертегі», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян», С.Сейфулиннің «Көкшетау», Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек», М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қилы заман», «Хан Кене» сияқты әртүрлі жанрдағы көркем шығармалары әдебиет үлгілеріне айналды. Тақырып жағынан алғанда, жиырмасыншы-отызыншы жылдары әдебиетте көбінесе халық аузындағы жыр-аңыздарды, өткен тарихи оқиғаларды, тарихи адамдар өмірі мен жеке адам тағдырын жазу кең өріс алды. М.Әуезовтің де ұлт-азаттық тақырыптарға бой ұруы бірнеше таным талқысынан өткен. Әуезов ұлт-азаттық идея сарындарын көркем шығармада сонау ауыз әдебиетіндегі эпос, тарихи жырлар, тарихи оқиғалар, ұлт-азаттық қозғалыстар шындығынан желі тартып уағыздайды. Яғни, өз заманының шындығын беру үшін оны өткен заманның елдік сырлары мен ой-өрісі әрекеттерімен сәйкестендіре отырып, тарихи оқиға желісін шығарма өзегіне айналдырады. М.Әуезовтің жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы тарихи тақырыпқа жазылған шығармалары өз заманының ащы шындығын, отаршылдықтың қоғам мен санаға жасаған залалдарын көркем тіл арқылы жеткізуімен ерекшеленеді. Әдебиеттанушы ғалым З.Қабдол: «М.Әуезовтің күрделі де, іргелі туындылары негізінен тарихи тақырыпқа арнала тұрса да, түптің түбінде өз дәуірінің шындығын жазуды мұрат тұтқан» 2, 256, – деген пікірін бұған дәлел ретінде алуымызға болады. Әуезов туған халқының басынан өткен сан қилы өмір өткелдерінің ақиқатын сезіне жүріп, қатерге толы қилы заманда батыл әрекетпен тарихи тақырыптағы «Хан Кене», «Қилы заман» шығармаларымен бірге «Әдебиет тарихы» зерттеу еңбегін жазады. Бұл «Әлемге танылған «Абай жолы» эпопеясына дейінгі отыз жасар Мұхтар қаламынан туған Алаш ұранды әдебиеттің азаттық идеясын көтерген туындылары болатын» 3, 12. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға бағытталған ұлт-азаттық қозғалысы, оның кемеңгер қолбасшысы, халқымыздың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы мен жанын шүберекке түйіп, отаршылдық жүйеге қарсы күрескен Наурызбай, Ағыбай сияқты батырлардың ерлігі тарихи тұрғыдан зерттелсе де, дәл осы айтулы оқиғаға қатысушы қаһармандарымыздың рухани мұраларымызда сомдалуы жан-жақты зерделенген жоқ. Елін, халқын ойлаған ұлы жазушымыз түбінде жазадан құтылмайтынын білсе де, жан дүниесін, санасын, рухани дүниетанымын талқыға салды. Әуезовтің талқыға түсуіне себепкер болған шығармаларының бірі – «Хан Кене» трагедиясы. Хан, сұлтан, би, батыр туралы жазғандарды қатал сынға алып, қуғынға ұшыратып жатқан кезде қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы шығарма жазу ол кез үшін үлкен ерлік еді. «Қилы заман» тарихи романы мен «Хан Кене» трагедиясының жарық көру уақыты осы шығармалардың күрделі тағдырының бастауы болды. Бұл кезде кеңестік идеологиямен сусындағандар ұлттың шын мәніндегі ұлт екенін тану үшін өткенге соқпай өтпейтінін түсінбей, таза ұлттық қасиеттерді ешбір идеологияның бояуынсыз айқындау қажеттігін басқаша пайымдап жатқанда, осы бағытты қолдамаған қаламгерлерден «ұлтшылдық» таңбасын көруге асыққан кезең еді. «Ескі сарындағы байшыл, ұлтшыл әдебиет өкілдері» деп қазақ қаламгерлерін жікке бөлушілік саяси науқанға айналып, жиырмасыншы жылдардың соңына таман жарық көрген И.Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мәселелері туралы» хатынан соң мүлдем ушыға түскен. «Мерзімді баспасөз бетінде ұлтшыл жазушыларды қаралаған мақалалар жиі көріне бастады. Қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдықты әшкерелеген материалдар, әсіресе, өлкелік партия комитетінің органы «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттерінде тұрақты орын алды 4, 46, – деп жазды ғалым Д.Ысқақұлы. М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, Б.Күлеевтермен ұлтшыл бағыттағы жазушылар қатарына іліккен М.Әуезов те саяси идеологияның қысымына түсті. М.Әуезовтің «Алаш» үкіметінің ісіне араласуы, большевизмді сынауы сыныққа сылтау болып, коммунистік партия мен кеңес үкіметі жазушының жеке басына, шығармашылық ізденістеріне сенімсіздікпен қарай бастады. Саяси идеология сол тұста жарық көрген «Қилы заман» романы мен «Хан Кене» пьесасын «ұлт араздығын қоздыратын, орысқа жат жазылған, саяси қатесі мол» деген үкім шығарып, оқуға тыйым салды. Еркіндік пен тәуелсіздік аңсаған елдің күресін бейнелеген, соның салдарынан тағдыр соққысын көрген «Хан Кене» трагедиясын Әуезов сұқ көзден қызғыштай қорғайды. Коммунистік саяси идеологияның патшаға қарсы күрес уақытын пайдалана отырып ойды бүкпелеп, астарлап жеткізу арқылы тарихи материалды идеясына, негізгі айтар ойына бағындырады. «Хан Кене» трагедиясын өз заманының шындығымен салыстыра береді. «Хан Кене» пьесасы туралы қарама-қайшы пікірлердің тууы, ең алдымен, оның нысаны мен тақырыбына, тарихи тұлғаны драматургтің қалай көрсеткеніне байланысты. Осы кезге дейін Кенесарыны өз мансабы үшін қарапайым екі халықты жауластырып, араларына сызат түсірген қарақшы ретінде танып келді. Ал екінші біреулері қазақ халқын тұтастыққа, азаттық жолындағы күреске шақырған, сол бостандық жолында мерт болған тарихи тұлға ретінде бағалайды. М.Әуезов екінші пікірді жақтағанымен, Кенесарыны құр мақтамай, оқиғаның шындығын көрсетуге тырысады. Ұрпақтың санасына теріс ұғым қалыптастырып үлгерген саяси идеологиялық принциптердің салдарынан ұлт-азаттық қозғалысы ғана емес, Қазақстан ғылымы, әдебиеті мен тарихы едәуір бұрмалаушылықтар мен қателіктерге ұшырады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген соң ғана тарихи ақиқаттардың беті ашыла бастады. Еңсесі түскен елді егемендік пен бірлікке шақырған белгілі қаламгерлердің шығармаларындағы ақиқат пен аңыз арада қаншама уақыт өтсе де, өз маңызын жойған жоқ. Жетпіс жыл бойы үкіметтің саяси идеологиясымен бірге «мың құбылып» келген тарих ғылымы Кенесары көтерілісін де мансұқтап, қасақана қалтарыста қалдырып, зерттеушілердің ашық сипаттауына батылдары жетпей келді. Тіпті Кенесарының жеке тұлғасы туралы нақты тұжырымды пікір қалыптасқан жоқ. «Хан Кене» трагедиясы туралы қарама-қайшы пікірлердің тууы оның нысаны мен тақырыбына, тарихи тұлғаны драматургтің қалай көрсеткеніне тікелей байланысты. Кенесары есімімен байланысты өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарындағы оқиғалар – қазақ тарихында ұзақ уақыт бойы пікірталас тудырып келген мәселелер. Кенесары туралы пікірлер екіге бөлінді. Бір тобы Кенесары хан тағы үшін күрескен, сол ойлаған мақсатына жету үшін ешкімді де аямаған, халықты азапқа салған қатыгез деп кінә тақса, ал екінші топтағылар оны қазақ халқының еркіндігі үшін жан аямай күрескен халық қаһарманы, ұлт батыры деп мадақтады. Мұхтар Әуезов «Хан Кене» трагедиясында өмірі де, өлімі де шырғалаңға толы ірі тарихи тұлғаны терең зерттеп, бейнелеуге батыл қадам жасады. Тұлға мен зама Скачать |