Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық - идеялық негізі


Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық - идеялық негізі

 

1.Жиырмасыншы ғасырдың басын¬дағы қазақ ойшылдарының көзқарас¬тары терең демократиялық және гума¬нистік сипатта болды. Олардың шығар¬маларында жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер — адам¬ның болмысы мен еркіндігі, өмір¬дің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы ретін¬де қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді. Филосо¬фиялық мә¬селелерді ізгілік пен қарау¬лық аясында қарастырып, дүниета¬ным¬дық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі. Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақын¬дарының бірі Мағжан Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын таланты¬мен ерекше шұғылаға бөледі. “Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген, — деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы “Мағ¬жан¬ның ақындығы туралы” деген мақа¬ласында, — Абай да сөздің ішін мә¬нерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жа¬сауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әде¬биетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ”. Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің сауалдарына қайтарған жауабында “Мағжан — мәдениеті зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын бо¬лады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушы¬ларының ішінен ке¬лешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп біле¬мін” деп жазады. Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларын¬да айтылатын қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Кері¬сінше, уақыт озған сайын ұлттық, ұлыстық, жалпыадамзаттық -әлеу¬меттік проблемалар қата¬рында алдымыздан қайта шығып отыр.Ал оның жырларындағы терең толғаныстардың философиялық-дү¬ние¬та¬нымдық астары, ақынды сан түрлі сезімге түсірген жағдайлардың әлеуметтік мәні зерттеушілер назарынан тыс қалып ке¬леді. Иә, Жүсіпбек Ай¬мауы¬тов сөзімен айт¬сақ, “Мағжан сыршылдығымен, сурет¬шілі¬гімен, сөзге еркіндігімен, тапқыш¬тығымен күшті, маржандай ті¬зіл¬ген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды за¬рымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңай¬тады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер бе¬реді”. 2. Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдение¬тінің, жалпыадамзаттың тағдыры толған¬дырады. Ес білгеннен көкжиек¬ке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух кеме¬рінен асып төгіледі: “Шынында менің өзім де — от, Қысылған қара көзім де — от. Мен оттанмын, от — менен Жалынмын мен жанамын Оттан туған баламын”. Ақынның “от” деп отырғаны — халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи және философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқы¬лы ғана бодандықтан құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді танытуға болады деп есеп¬тейді. “Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен — Күн ұлы, көзімде күн нұры бар. Мен келемін, мен келемін, мен келем, Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар”. Жоқ, бұл — кезінде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-жақын ұлыстарға мәдениет пен шаруашы¬лықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ кейін тағдырдың жазуы¬мен әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке перзентінің аспандағы айды алам деп секірген тарпаңдығы емес. Бұл — өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көші¬нің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген аза¬маттың парасатты да мақсатты әрекеті Мағжан ақын болса, халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы мен ұлттық рухын сілкіндірудің қажет¬тігін, ортақ мүдде жолында топ¬тасқан ұлттың ғана азаттық алып, әлемдік өрке¬ниеттік қауымдастық қатарына бәсекеге қабілетті болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын-ақ түйсініп, өршіл жырға айналдырып, айта алған. Және туған халқының сол замандағы қиын халін, кенжелеп қалған тұрмыс-тіршілігін көре отырып, осылай жасаған: “Ұйқы басқан қабағын, Бастыра киген тымағын, Жалқаулықты жар көрген. Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен, Бірге жусап, бірге өрген. Алаш деген елім бар, Неге екенін білмеймін — Сол елімді сүйемін!”, — деп суреттейді ақын сол замандағы ұлтының болмысы мен тұр¬мыс-тіршілігі ту¬ралы. Ақын әлемде не болып жатқа¬нымен шаруасы жоқ, “алдындағы малы¬мен”, “ескі заңымен” қоңырқай тірші¬лік кешіп жатқан халқын сүйіп қана қой¬майды, оның ертеңгі болашағының жар¬қын болатынына сенеді. Оның сол жарқын болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын паш етеді. Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұма¬баев¬тың өмірлік мұраты... 3.Жас ұрпаққа арналған “Педаго¬гика” оқулы¬ғын¬да ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезін¬дегі қазақ зиялыларының ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат — бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан құтқару, жаңа ұлттық сананы қалып¬тастыру, өзге өркениетті елдер қатарына қосу болғаны белгілі. Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың жолдарын із¬деп, басын тауға да, тасқа да соққан. “Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, Отырайық жиылып, оңдалайық. Мың жылғы өткен қумай ата заңды, Өнерден кем қалмайық, ойланайық, Жер қалар, біз жиылып қала салсақ, Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ”, — деп, отырықшы тұрмысқа көшіп, қала салуды елді, жерді ешкімге бермей, сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде ұсынады. Сондай-ақ: “Ескіше тұрып егеспе, Заман — түлкі, тазы бол Базарша дүкен құр енді”, — деп халықты сауданың тілін білуге, қазіргі тілмен айтқанда, на¬рықтық экономика заңдарын меңгеруге шақырады. Ал мына өлеңінде ақын: “Кітап әпер, оқысын, балаң қолына, Малды аяма оқу-білім жолына. Өнер алып, басқалармен қатар бол, Қосыл бірдей азаматтың тобына!” — деп, қазақ ұлтының әлемдік өркениет көшіне қосылуының жолын өнер-білім¬нен, жас ұрпақты өзге елдердегі заман¬дастарымен бәсекеге түсе алатындай етіп тәрбиелеу ісінен іздейді. Мағжан Жұмабаев — тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік проблемаларымен шектеліп қалмаған ойшыл. Дана ақын ойы қазақтың кең даласынан жоғары көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді: “Адамзат баласына енді көштім: Япыр-ай, осындай-ау адам-дағы Бірі күшті, біреуі жаман-дағы Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң, Дүние де жақсылықтан аман-дағы”. Адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі қайшылықтар бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші ғасырдың басында олар әлдеқайда күрделене түскен сыңайлы. Бұл әлемде күшті мен әлсіз, бай мен кедей қалай бейбіт қатар өмір сүре алады? Күштінің әлсізді жем қылуы, өз мүддесіне пайдалануы, өз ықпалында ұстауы өзгермейтін заң ба әлде? Бүгінгі жаһандану заманында талай елдің алдында тұрған осынау сауалдардың жауабы кезінде Мағжан ақынды да толғандырыпты. Ол, міне, мынау: “Күшсіздер де тырысып, қатар болсын! Дедім де жөнелдім мен қолым сермей!” Қалай “тырысады”, қалай “қатар болады”? Әрине, өзін-өзі дамыту, содан соң бір-бірімен бірігу арқылы.

4.Ұлт тағдыры, ұлыс бірлігі туралы “он ойланып, жүз толған¬ған” қазақ ақыны бірте-бірте әлемдік ойшылдар қатарына көте¬ріліп, жалпыадамзаттық проблема¬ларға өзінше үн қатады. Адам¬дардың жаппай пайда қууы, өнер-білімнің өзін пайда табудың, біреуге зорлық жасаудың құралына айналдыру — адамзатты апат¬қа соқтыратын жол екенін Мағжан сол кезде-ақ сезінген. Пай¬дакүнемдік рацио¬налдық ойлауға негізделген Батыс өрке¬ние¬ті ақынды қатты шошындырады. Шы¬ғыс философиясындағы се¬зімдік таным әдісі, пайдалылыққа емес, руханилыққа басымдық беру дәстүрі Мағжанды қатты қызық¬тырған. Әлемді апаттан құт¬қаратын Шығыстағы дәл осы руханилық нұры деп есептейді ақын. “Көп білем деп бөлуге, Көп күлем деп өлуге Жақын қалды Күнбатыс... Қысық көзді Күншығыс, Болсын соңғы бұл жүріс. Күнбатысқа жүрелік... Гүл қылайық қаласын, Ұл қылайық баласын, Мейірім есігін ашалық. Мұндарларды адасқан, Айырылып естен шатасқан Күншығыстың жолына Салайық, шетсің демейік, Аямайық көмейік Күншығыстың нұрына...&rdquo 



Скачать