МАТАСУ АМАЛЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
МАТАСУ АМАЛЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІСын есімдер бұл тіркеске басыңқы компонент болып тек субстантивтеніп қатысады. Бағыныңқы компонент болын зат есім, есімдік, сын есім сөздер қатысады: бояудың көгі, жүйріктің жүйрігі. Соңғы екі мысал «зат есім— сын есім», «сын есім — сын есім» болып құралған сөз тіркестерінің көбінесе сынды талғаулық, тандаулық ретте атау үшін жұмсалатынын байқатады. Төрт аяқтының жүйрігі, ақылдының ақылдысы. Бұлар — өте жүйрік, өте ақылды деген сияқты таңдаулы шырай формаларына функция жағынан жарысып жұмсалатын тіркестер. Талғаулық, таңдаулық мағына беру қызметінде аталған тіркес ауызекі сөйлеу тіліңде ғана жұмсалады. Аналитикалық морфологиялык, форма мен синтаксистік форманың (сөз тіркесінің) функция жағынан жуық келуі тілдегі бір заңдылықты ескертеді. Тіліміздің түрлі уровеньдері (қабаты) —лексика — морфология — син-таксис — функция жағынан біріне-бірі жуық келіп, ка-тар жүре алады. Оны кейін басқа фактілерден де көреміз.[24-25б] Скачать |