М.ШАХАНОВ, Е.РАУШАНОВ ПОЭЗИЯСЫ
М.ШАХАНОВ, Е.РАУШАНОВ ПОЭЗИЯСЫЛекция мақсаты: М.Шаханов, Е.Раушанов поэзияларының мәнін таныту. Сұрақтар:
М. Шаханов. Шығармашылық жолы. Ақын поэзиясы, өзіндік стиль ерекшелігі. Поэзиясындағы екпінділік, ырғақтылық, терең мазмұндылық және идея мәселесі. М. Шаханов – баллада жанрының шебері. Балладаларының тақырыптық жүйесі. Ақын шығармаларында кейіптеудің қолданылу сипаты. Көркем образ жасау шеберлігі. Ақын поэмалары. Поэмаларының суреттеу ауқымы, қамту уақыты, нысана еткен мәселелері. Драмалық дастандары. Тарихи оқиғалар. Адамдардың мінез-құлық, дүниетанымы, адал достық, қастерлі махаббат тақырыбының жырлануы. Е.Раушанов. Шығармашылық жолы. Ақын поэзиясының ерекшелігі. Өлеңдеріндегі өзіндік көзқарас, парасаттылық пайым, азаматтық белсенділік. Поэзиясындағы Ақын бейнесі. Лирикалық қаһарман, оның рухани өсу белестері. Поэмалары. Ондағы уақыт, қоғам, ұрпақ, ел алдындағы перзенттік парыз, азаматтық борыш туралы мәселелер. Тарихи тақырыптағы поэмалары.Ондағы ой мен образ, уақыт пен оқиға. Ақын шығармашылығында мифтік түсініктердің қолданылу сипаты. «Ғайша-бибі» поэмасындағы аңыз бен миф. Халық аузындағы аңыздық проза үлгілерінің ақын шығармаларында жаңаша сипат алып, мазмұн, мағына жағынан тереңдеуі. Мифтік құбылушылық мәселесі. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары: М. Шаханов – баллада жанрының шебері. Балладаларының тақырыптық жүйесі.
3. Е.Раушанов шығармашылығында мифтік түсініктердің қолданылу сипаты. «Ғайша-бибі» поэмасындағы аңыз бен миф. Әдебиет: 1. Қазақ әдебиетінің тарихы, 8-10 томдар.-Алматы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2000-2005 жж.2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы.- А.: Қазақ университеті, 2003.- 284 б.
Скачать |