М. ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


М. ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 

Лекция мақсаты:  М.Жұмабаева шығармаларының мәнін ашу.

Сұрақтар:

1. М.Жұмабаевтың шығармашылық өнердегі ізденісі. Мағжан-символист.

2. М.Жұмабаев поэмаларының тақырыптық жүйесі.

3. Мағжан – лирик.

 

Кезінде көркем әдебиетті тек таптық тұрғыдан бағалаудың ықпал-әсерінен қазақ әдебиеті тарихынан орынсыз шеттетілген талантты ақын М.Жұмабаев шығармашылығы. Мағжанның «Шын сорлы», «Сорлы қазақ», «Бір күн», «Туған жерім – Сасықкөл» т.б. өлеңдерінде әлеуметтік керағарлықтың көрініс табуы. М.Жұмабаевтың шығармашылық өнердегі ізденісі: В.Брюсов, К.Бальмонт, А.Блок тәрізді символист ақындарға еліктеп, өлім менді жырлауы, күнделікті күйбең тірлік тауқыметінің шаршап-шалдығу сарындарының пайда болуы. Мысалы, ақынның «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Өмір», «Алдамшы өмір», «Мені де, өлім, әлдиле» және т.б. өлеңдері. М.Жұмабаевтың өткен тарихтың деректеріне сүйене отырып, «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертек», «Батыр Баян», «Жүсіпхан» поэмаларын жазуы. Әсіресе, «Батыр Баянда» қазақ тарихының елеулі орны бар Абылай, Батыр Баян сияқты қайраткерлер образының жасалуы. «Жүсіпхан» поэмасында адам қанын суша ағызған зұлымдықты, қатігездікті, қаталдықты әшкерелеуі. Жүсіпхан образының символикалық мәні, сол арқылы сталинизм дәуірінде етек алған әміршіл-әкімшіл жүйені сынау. Лирик ақын М.Жұмабаевтың өз шығармашылығында халық өмірінің шындығына бет бұрып, «Тоқсанның тобы» дастанын, махаббат, табиғат көріністері, балаларға арналған өлеңдер жазуы

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Мағжан-символист деген тақырыпта ой қозғаңыз.

2. Ақынның поэмалары арқылы жеткізгісі келген идеясы.

3. Мағжан – лирик.

Әдебиет:

  1. Жұмабаев М. Шығармалары.-Алматы, 1989
  2. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы // М.Жұмабаев. Шығармалары.-Алматы, 1989
  3. Елеукенов Ш. М.Жұмабаев.-Алматы, 1990
  4. Асқаров Е. «Батыр Баян» туралы бірп дерек // Жұлдыз, 1989.-№8
  5. Құдаш С. Қазақ ақыны М.Жұмабаев // Қазақ әдебиеті, 1988.-№52
  6. Сәдуақасов Т. М.Жұмабаев туралы // Жұлдыз, 1990.-№1
  7. Нұрғалиев Р. Алыптар қайта оралғанда // Қазақстан коммунисі, 1989.-№5
 


Скачать