Көне дәуірдегі әдебиет


Көне дәуірдегі әдебиет

 

Лекция мақсаты:

Көне дәуір әдебиетіндегі сүбелі ойлармен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдебиеттегі сыншыл пікірлер.
  2. Қорқыт ата, әл-Фараби сыни көзқарастары
  3. Ж.Баласағұни «Құтты білік, Қожа Ахмет Иассауи «Даналық кітабы», Ахмет Игунеки «Ақиқат сыйы» т.б. жазба ескерткіштеріндегі ойлар.
  4. Ақын-жыраулар поэзиясындағы сыншыл ойлар.

Көне  түрік  жұртында  туған  әдеби-мәдени  мұралардың  ортақтығы.  Этникалық  жіктелістің  көркемдік  бояуды  ажарлай  түсетіндігі  және  олардың  әралуандығы.  YI-XI  ғасырлар  -  бүкіл  түрік  әдебиетінің  тарихи  эстетикалық  аренаға  шығуы,  өзіндік  дәстүр  қалыптастырған  дәуірі.

Орхон-Енисей  ескерткіштерінің  эпостық  сипаты  және  олардың  түрік  поэзиясын  тудырудағы  тарихи  ролі.

Көне  түрік  дүниесі  мен  мәдениетінің  тоғысуы,  оның  әлеуметтік,  ғылыми-эстетикалық  салдары.  Отырардан  шыққан  әл-Фарабидің  әлемнің  екінші  ұстазына  айналуы.  Саяси-әлеуметтік  тұжырымдар  мен  қатар  ғылыми-эстетикалық  қисындары.  «Ғылымды  меңгеру  және  оның  мақсатын  түсіндіру»,  «Сөз  ғылымын  классификациялау»,  «Музыканың  ұлы  кітабы»,  «Өлең  өнерінің  қағидалары»,  «Өлең  мен  ұйқас»  т.б.  шығармалары.  Әл-Фарабидің  әдебиеттану  ғылымы  жүйесімен  тұжырымдаған  ой-пікірлерінің  бүгінгі  таным-білікке  әсері  және  ұласу  жайлары.

Әл-Фарабидің  ақындық,  сазгерлік  және ғалымдық  айналасы,  олардың  түрік,  сөз  өнеріне  жасаған  ықпалы  және  қазақ  әдебиетіне  қатынасы.

Түрік  тілінің  тұңғыш  поэтикалық  ұлы  ескерткіші – «Құдадғу  білік»,  оның  авторы  Жүсіп  Хас  Хажиб  Баласағұнның  «Құтты  білікке»  өлеңмен  және  қарасөзбен  жазған  алғысөзі,  оның  сыни  танымға  қатысы.  Әділ-Дәулет-Ақыл-Қанағат  ұғымдарының  мәні  және  олардың  баламасы.  Өлең  сөздің  қадір-қасиеті  туралы  ойлар.

Махмұд  Қашқари – түрік  лұғатшысы  әрі  поэзиялық  інжу- маржандарды  жинаушы.  «Жаз  бен  қыстың  айтысы»  1985  жыл  жинағындағы  нұсқалар.

Суфизмнің  идеялық  және  поэтикалық  негізін  қалаушыларының  бірі,  түрік  әдебиетінің  классигі  Қожа  Ахмет  Иассауи  және  оның  «Диуани  хикметі».

Адамгершілікті  ардақтау,  даналыққа  бас  ию,  шешендікті  қадірлеу,  әділеттікті  насихаттау,  қанағатшылықты  пір  тұту  тахуалық  тәрбие  негіздері  болумен  қатар  рухани  таным-білікті  қалыптастыруы.

Насреддин  Рабғузи,  Сүлеймен  Бақырғани  шығармаларындағы  жалғастық  Ахмет  Иүгінеки,  Саиф  Сараи,  Хорезми,  Күли  Гали,  Лутфидің  көркем  туындылары,  Захириддин  Бабыр,  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали  Жалаиридің  тарихи  еңбектерінің  танымдық  сипаттары.

Қазақ  хандығы  тұсындағы  ұлы  жыраулар  мен  ойшылдардың  сыни  толғамдарының  мәні.  Мағыналы  шешендік  сөздердің  мемлекеттік  деңгейге  көтерілуі,  қоғамдық  және  эстетикалық  сананың  бұлағына  айналуы.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

- Көне дәуір әдебиетіндегі сынның алғашқы белгілері қандай?

- Әл-Фарабидің  ғылыми еңбектері туралы не білесіз?

- Ақын-жыраулар поэзиясынан қандай сыншыл ойларды кездестіруге болады?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
  2. Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
  3. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
  4. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы, 1993.
  5. Ысқақұлы Д. Сын сонар. – Алматы, 1994.
 


Скачать