Кітапханашылар байқауы


Кітапханашылар байқауы

 

Мұндай байқауды өткізу идеясы бізге француздың педагог-жазушысы Д.Пеннактың кітапханашыларға жазған арнауын оқығаннан кейін пайда болды: «Құрметті кітапханашылар, қасиетті құтхананың шырақшылары, бүкіл әлемнің, жаратылыстың сіздердің керемет жадыларыңызда рет-ретімен ұяшықтарда сақталғаны қандай бақыт (сіздер болмасаңыздар, шөп басып кеткен иен даладай болған менің жадым жол таба алмас еді), сіздерді қоршап тұрған сөрелердегі барлық тақырыптық бөлімдерді адаспай тауып алып, емін-еркін жұмыс істейтіндеріңіз қайран қалдырады... егер де сонымен қоса сіздер өздеріңіздің сүйікті кітаптарыңыз туралы оқырмандарыңызға әңгімелеп берсеңіздер, көңіліңіздің түкпірінде сақталған кітап туралы естеліктеріңізбен бөліссеңіздер тіпті тамаша болар еді-ау! Бір сәтке шежіреші-ертекші кейпіне еніңіз – сонда кітап оқырмандардың қолына өзі келіп түсетін болады».

Қымбатты оқырмандар, біз сіздердің осы байқау қорытындысы жеңімпаздарының кітаптар туралы жазған әңгіме, аннотация, пікірлерін оқып, танысып, кітап әлемімен қатынас жасауда өзіңізге қуаныш сыйлайды деп ойлаймыз. Ал ең бастысы, Сіздер ктіапты Пеннактың бекіткен ережелері бойынша оқи аласыздар: - Оқымау құқығы - Аттап өту құқығы - Ақтап оқымау құқығы - Не болса соны оқу құқығы - Кез-келген жерде оқу құқығы - Дауыстап оқу құқығы - Оқығаның туралы үндемеу құқығы.

Өз құқықтарыңызды пайдаланыңыздар, оқыңыздар және ләззат алыңыздар!

 

Жоғары сынып оқушыларына арналған ұсынысты әзірлеген: Мырзағалиева Оңай Салтыбайқызы библиографиялық-ақпарат бөлімінің жоғары дәрежелі библиографы

Зәкенұлы Т. Көк бөрілердің көз жасы: Тарихи роман. - Астана: Елорда, 2002. – 528 б.

Қымбатты жас дос, мынау алмағайып заманда, жаһандануға талпынып жатқан шақта білімді ғана оза шабады, өмірден өз орнын табады. Білеміз, сен техниканың тілін таба білесің, орыс тілін өз ана тіліңнен де артық білерсің, бірер шет тілін де меңгергеніңе шүбә келтірмейміз, ал ата-баба тарихын, еліңнің өткенін жетік білесің бе? Өз елінің, ұлтының тарихын, тілін, ділін білмей ешбір ұрпақ өз елінің азаматымын, ұлымын деп айта алмас. Ендеше жас дос, Отан тарихына етене жақындағың келсе, жоғарыда көрсетілген кітаппен танысайық. Тарихи романның авторы Тұрсынхан Зәкенұлы ата-баба жерін сағынып, армандап жүріп, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тарихи Отанына Қытайдан оралған қандасымыз. Бұл романды жазарда көп ізденген, тарихи деректерге сүйенген (еліміздің тарихы қытайдың жазба деректерінде жақсы сақталған). Шығарманың «Көк бөрілердің көз жасы» деп аталуының өзі көп мағына береді. Көк бөрі – түркі тотемі. Қадым заманнан қыр даланың иесі де, киесі де өзі болып, емін-еркін өмір сүріп жүргенде, өзінен зорға кезігіп, мәңгі бауыр басқан ұйық жұртынан айрылса, күн-түн демей жортуылда болса бөрі жыламағанда, кім жылайды? Мұнда көк бөрі – көк түркілердің ізбасары Найман мемлекетінің ел-жұрты, ессіз ерлері. Шыңғыс хан жарты әлемді жауламай тұрып, алғаш басқыншылығын қазақ жерінен бастаған. Шыңғыс хан туының астына жиналған әскер қатары ер жүрек қазақ батырларынан құралған. Шыңғыс ханның жер жарар каһарынан қорыққан қандай да ел соғыспай берілген. Ал шындығында Шыңғыс ханға бастапқыда Найман мемлекетін алу оңайға түспеген. Найман хандығының соңғы ханы Күшлік хан 20 жылға жуық күрескен, өліспей беріспеген. Романды оқып отырып, «найман» деген жұрттың ерлігіне таңдай қағамыз, ұрпағы екенімізді мақтан тұтамыз. Жас дос, алдарыңда талай сынақтар күтіп тұр. Сол сынақта әлемді дүрліктірген, аты аңызға айналған Шыңғыс хан туралы сұрақ кездесуі хақ. Міне, осы сұраққа жауапты осы романды оқысаң ғана жауап бере аласың, өйткені Шыңғыс хан бейнесі романда тарихи деректерге сүйеніп, көркем тілде жақсы жеткізілген. Шыңғыс ханның бет-әлпеті, ойлау қабілеті, саяси көзқарасы, соғыс жүргізу тактикасы, әскерді басқару ерекшелігі романда жақсы суреттелген. Романның ерекшелігі – Шыңғыс ханды қазаққа жақын қылып бейнелеген, оның «қазахи бейнесін» сомдаған. Қазір өздерің білесіңдер, белгілі адамдар арасында Шыңғыс ханның нәсілі жөнінде (моңғал ма, «лде қазақ па) талас пікір толастамай тұр ғой. Жас дос, роман көлемді болғанымен, алғашқы бетін парақтап оқи бастағаннан ақ, аттары тарихи жазбалардан мәлім болған Тайбұқа, Тұғрыл, Бұйрық, Күшлік хандар, сондай-ақ Қалтуған-мерген, Көксау Саурық сынды батырлар мен Құба-текін, Кетбұға, Майқы тектес жыраулардың елі үшін жан беріп, жан алысар ерлікке толы шытырман оқиғалары өзіне баурап алады. Ой-хой, ата-баба қанымен қорғаған, арысы Өркен тауынан (қазір Монғолия территориясы) берісі Қарақұрым тауына дейін созылып жатқан қайран туған жер-ай, деп ойлап, туған жеріңе, еліңе махаббатың арта түседі. Сонымен, жас дос, Шыңғыс хан әскерімен бармайтын жерің жоқ, найман ерлерімен бірге күресесің, қиналасың, романды бітіресің, бірақ көпке дейін сол XII ғасырдың соңы, XIII ғасырдың басында өмір сүріп жүргендей сезімнен арыла алмайсың. Міне, романның құдіреті! Жә, ендігі кезек өзіңде жас дос, романды қолыңа ал, ата-баба тарихына сапарға аттан!

 

Кітапбаева Динара Айткәрімқызы Ұлттық әдебиет және өлкетану бөлімнің жоғары дәрежелі кітапханашысы

Қазақ ертегілері. – Алматы: «Балауа баспасы». 2003. – 176 бет. Ертегілер халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасы. Осы мол дүниеден бұл кітапқа халқымызға кең тараған ертегілер енгізіліп отыр.

Қазақ ертегілері» (Кең тараған ертегілер)

- Сәлеметсіңдер ме, оқырмандар! Бұл бөлім ұлттық әдебиеттер мен өлкетану бөлімінің абонементі. Бұл бөлімде оң жаққа бұрылсаңыздар сиқырлы ертегілерге жетесіздер, сол жаққа бұрылсаңыздар кітап нәрімен сусындайсыздар. Артқа қайтсаңыздар өкінесіздер! «Оңға жүрген оңалар» - дегендей ертегілер еліндегі сөрелерде көптеген ертегілер бар. Назарларыңызға ертегі ұсынсақ. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде бір ханның үш ұлы болыпты. Бір күні хан үш ұлын шақырып алып былай депті. - Балаларым, сендерге 7 жыл уақыт беремін. Осы уақыт ішінде өздеріңнің өмірден нені қалап алғандарынды айтып, маған көрсететін боласыңдар. Сондықтан жолға шығыңдар! Сапарларың сәтті болсын! Ұлдары: - Құп әке! - Айтқаныңызды орындаймыз, - деп сапарға аттанады. Айлардан ай өтіп, жыл артынан жыл өтіп хан айтқан межелі уақыт та жетеді. Сапарға аттанған хан ұлдары сарайға қайтып оралады. Хан: - Ал, ұлдарым, 7 жыл уақыт өтті, өмірлеріңе серік болатын не таптыңдар, не көрдіңдер, сөйлеңдер - дейді. Үлкен ұлы: - Әке, менің ертеңгі ырысым да, құтым да 4 мүлік мал болмақ. 7 жылда 7 үйір жылқыммен, 7 табын сиырыммен, 7 отар қой-ешкіммен келіп тұрмын. Осы малдың көмегімен мүлік жинамақпын. Ортаншы ұлы: - Ал мен болсам, әке, үшкір найза, өткір қылыш ұстаған сарбаздармен келдім. Көк найзаның ұшымен, білектегі күшіммен бүкіл елді өзіме қаратып билеп-төстесем менен бай, менен дәулетті адам болмайтын шығар. Хан: - Ал сен ше, кіші ұлым неге үндемейсің? Кіші ұлы: - Әке, менің сізге көрсететін дүнием жанымда жүр. Міне, бұл - Кітап. Хан: Сонда 7 жыл ішінде бар жинаған мүлкің, бар көрген дүниең осы ма? Кіші ұлы: - Әке, бұл кітапқа мен бүкіл жаһанның білімін сыйғызып жаздым. Оның көмегімен малды қалай табуға болатынын, әскерді қалай ұстау керектігін білуге болады. Онымен қоса, әр түрлі жаңалықтарды оқи аламын. Менің таңдағанымның бәрі осы кітапта. Ол – оқу, білім-ғылым. Бұл кітап - адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Сол кітаптың бірі «ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ». Кітапты жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат дегендей, қане өздеріңнің білімді екендеріңді көрсетіңдерші. Бір күні таңертең кемпір төсегінен тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Бұл қай ертегіден алынған үзінді. («Ер төстік») Ең алғашқы қазақ мультфильмі қалай аталады? («Қарлығаштың құйрығы неге айыр?») Қазақтың қай ертегісінде хан қырық уәзіріне адамның, құстың, шөптің жаманын алып келіңдер деп бұйырады? (Аяз би) Осындай ертегілер сырын ашқыңыз келсе, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері қандай жағдайларға тап болғаны сендерді қызықтырса «Қазақ ертегілері» кітабында кең тараған ертегілер жинағы берілген. «Қазақ ертегілері» - Алматы: «Балауса» баспасынан 2003 жылы 176 бет болып жарық көрген. Кітапта әр ертегінің кейіпкерінің суретін көріп танысуға болады. Сыртқы мұқабасы қалың. Дүниенің кілті - осы кітапта. Оны оқып жан дүниеңді кеңейтесің (сөздік қорың көбейеді, оқу жылдамдығың өседі, ой-өрісің дамиды, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге үйретеді....).

 

Бекжанова Гүлшат Зайнолдақызы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің әдіскер-аудармашысы

Қабанбай М. Туған жердің төрт мезгілі: Хикаяттар мен әңгімелер жинағы. - Алматы: Раритет, 2004. – 192 б.

«Балалықтың бал дәмі» Марат Қабанбайдың «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» хикаяты бойынша

Әлі есімде, 4-5 сыныпта оқып жүрген кезім. Үйдегі шағын кітап қорынан М.Қабанбайдың «Арыстан, мен, виолончель және касапхана» атты кітабын алып оқығаным бар. Алғашкы бетін оқығаннан-ақ басымды ала алмадым... Енді араға 20 жыл салып М.Қабанбайдың «Туған жердің төрт мезгілі» деп аталатын сужаңа кітабын қолыма алдым. Мұқабасы адам қызығарлықтай. Ішіне &la 



Скачать