Ибраев Мерғали (1942-1997 ж.ж.)


Ибраев Мерғали (1942-1997 ж.ж.)

 

Мерғали Ибраев 1942 жылы 13 маусымда Абай ауданы Қарауыл ауылында туған.

Орта мектепті бітірген соң Семейдің педагогикалық институтына түсіп, армия қатарына барып келген соң аудандық газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметін атқарады.Осы тұста қаламы ұшқыр журналист, ойлы да өрнекті жазатын ақын ретінде таныла бастайды.

1970-1978 жылдары » Лениншіл жас» ( Жас алаш) газетінің Семей, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі болып істейді.

1969 жылы Қазақстан жастарының » Жас керуен» атты жинағына енген бір топ өлеңдерінен бастап «Темір тұлпар», «Күміс тау», «Өнегелі өркен», «Құтты қоныс», «Судағы сәуле» атты өлең жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

» Мерғали ақын және шын ақын»,- деп жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, Мерғали Ибраевтың шығармалары тақырыбы сан алуан, өлең дастандары терең мазмұнға құрылған, ақындық шеберлікпен өрнектелуімен оқырманын баурап алады.

Ақын 40-қа жуық ән мен күйдің авторы.

Оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып, ақын туындыларын ел жүрегіне ұялата түсуде. Ағамыздың ұлттық театр өнерінің дамуына лайықты үлес қосқан драматургтік еңбегі ерекше. Күй атасы Құрманғазы өміріне арналып жазылған тұңғыш драманың авторы. Сол сияқты «Қалқаман-Мамыр, «Құрманғазы», «Шәкәрім», «Қайырлы таң, әке!» сияқты драмалық шығармалары Қарағанды, Семей театрларында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алды.

Табиғатында сегіз қырлы, бір сырлы Мерғалидың өмір жолындағы басты қызметі — журналистік. Жаңалықты жылдам сезгіш, қоғам, заман көшінің алдыңғы сапында болу, өз ұлтын сүю, оның болашақ тағдырын, мәдениетін, тілін рухани байлық салт-дәстүрін марапаттау оның журналист»к туындыларының өзегі.

Бір ғана мысал Қайта құру деп аталатын кезеңде «Семей таңы», «Ақжол», атты айдар ашты, осы бөлімніңі арнайы ұйымдастырушы да, оның тұрақты авторы да Мерғали болды, нақты архив материалдарына сүйене отырып жазған тарихи мақаласының саны 50-ден асып кетті.

Мерғали Ибраев әдебиетке сіңірген еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Журналистер одағының сыйлығымен бағаланған.

 


Скачать