Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер


Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер

 

Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – кез-келген мекеме мен кәсіпорынның қызметіндегі маңызды міндет. Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде құжат кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекетін қамтамасыз ете отырып, ұйым қызметінің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Басқару қызметінде құжат еңбек құралы болып та, сол сияқты еңбек нәтижесі болып та табылады.

Басқару қызметінің барлық нысаны тиісті құжаттар арқылы көрініс табады:

жоспарлау – жоспарларды дайындау;

есепке алу – статистикалық, бухгалтерлік және жедел-техникалық құжаттарды жасау және өңдеу;

басшылық – басқару құжаттарын шығару;

нұсқау – нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар дайындау;

бақылау – жазбаша түрде мәліметтер жинау.

Сөйтіп, кәсіпорында жасалатын құжаттар – оның өзіне жүктелген функцияларды іске асыруы.

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру шартты түрде екіге бөлінеді: құжаттарды уақтылы және сауатты дайындап, ресімдеуді ұйымдастыру (құжаттау); құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру: қабылдау-өткізу, өңдеу, есепке алу, тіркеу, бақылау, сақтау, мұрағатқа дайындау, жою.

Құжаттарды дайындау рәсімдері де, сол секілді олармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру да арнайы нормативтік-құқықтық және нормативтік-әдістемелік актілермен нақты реттелген.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алып, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам ретінде даму бағдарын анықтағаннан кейін, обьективті түрде іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісінің заңдық базасын жасау мәселесі туындады. 1991 жылдан 1997 жылға дейінгі 7 жыл ішінде бұрынғы нормативтік құқықтық база мен әдістемелік әзірлемелер заңдық күшін жойды. Ал республиканың құқықтық жағдайына сәйкес жаңасы әлі жасалған жоқ болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты қысқа мерзім ішінде іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат саласының мемлекеттегі орны мен рөлін айқындайтын, оның құзыретін, функциялық міндеттерін және өзге салалармен байланыс аясын нақтылайтын ұлттық Заң әзірлеу қажеттігі туды. 1998 жылы Парламент мемлекетіміз тарихындағы тұңғыш «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңды қабылдап, оған 1998 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қол қойды.

Еліміз тарихындағы өзіндік тұжырымдамасы бар бұл тұңғыш Заң алыс және жақын шет мемлекеттердің құжаттамалық қамтамасыз ету саласы мен мұрағат ісін дамыту тәжірибесіне сүйеніп жасалды. Ол үш бірдей міндетті атқарады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау; олардың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекет, қоғам және азаматтар мүддесіне сай қолдану.

Ұйымдастыру тұрғысынан «Қазақстан Республикасы мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган» (қазір — өкілетті орган) және «Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі жергілікті өкілетті орган» (қазір – жергілікті атқарушы орган) ұғымдарының заң жүзінде бекуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мұрағат ісін басқарушы және жүргізуші органдардың құрылымдық жүйесін айқындау маңызды бір кезең болды. Жоғарылы-төменді барлық буындар бойынша басқару жүйесі мен мұрағат саласының біртұтас құрылымы жасалды. Ол барлық облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының республикалық және жергілікті басқару органдары мен облыстық, қалалық, аудандық дәрежедегі мемлекеттік мұрағаттардың оңтайлы жүйесін қамтыды.

Елімізде деңгейі әртүрлі мемлекеттік мұрағаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын құжаттармен толықтырып, сақталуын қамтамасыз ету және құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу, мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен азаматтарды ақпараттық қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалану және жариялау, мұрағат құжаттары бойынша ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру, мұрағаттану мен құжаттану саласы бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізу, сондай-ақ, ішкі пайдалану үшін де, толықтыру көзі – ұйымдарда қолдану үшін де әдістемелік құралдар әзірлеу міндеттерін жүзеге асырады.

Құжаттама саласындағы негізгі Заң қабылданғаннан кейін еліміздегі басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мен мұрағат ісі саласының қызметін құқықтық реттеу процесі оң сипат ала бастады. Заңды жетілдіру барысында «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже» әзірленіп, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысымен бекітілді. Бұл ереже арқылы құжаттарды Ұлттық мұрағат қоры құрамына ендіру және шығару, құжаттарды есепке алу мен сақталуын қамтамасыз ету тәртібі нақтыланды.

Уақыт өте келе аталмыш Заңды кейінірек қабылданған бірқатар заң нормаларымен үйлестіру қажеттігі туындады. Осыған орай 2001 жылы 10 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 256-II Қазақстан Республикасының Заңы құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру, құжаттардың сақталуына қолданушылардың жауапкершілігі, мұрағат құжаттарын қолдану арқылы алынған ақпаратты орнымен пайдалану мәселелеріне қатысты бірқатар ережелерді нақтылауға мүмкіндік берді. Мұрағат құжаттары ғылыми, ғылыми-көпшілік зерттеу жұмыстарына және практикалық мақсаттарға қолданылуымен қатар, азаматтардың еңбек жолын, атқарған қызметтерін, жалақысының мөлшері мен басқа да құқықтық, заңдық мүдделеріне байланысты фактілерін куәландыру үшін негіз болады.

Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттік мұрағаттардың осындай маңызды әлеуметтік функциялары ескеріліп, оның түсініктемелік аппараты «жеке құрам бойынша құжаттар» деген терминмен толықтырылды. Жеке құрам бойынша құжаттар – қызметкердің еңбек жолын куәландыратын және зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін ақша аударылуы жөніндегі мәлімет беретін құжаттар жиынтығы. Мұнан соң Заңға арнаулы мемлекеттік мұрағаттар қатарын толықтыру, мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі республикалық және жергілікті органдар арасында міндеттерді бөлісу, мемлекеттік бақылау формаларын айқындау т.б. мәселелерге қатысты өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Белгіленген заң ережелері аясында Қазақстан Республикасының «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар», «Ұйымдастыру-басқару құжаттары. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар», «Қағаз негіздегі құжаттар. Мұрағаттық сақтау ісіне қойылатын жалпы техникалық талаптар» мемлекеттік стандарттары бекітілді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері», «Ведомстволық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелері» тіркелді. Құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік заңды тұлғалар ведомстволық мұрағаттарында құжаттарды уақытша ведомстволық мұрағатқа сақтауға тапсырудың тәртібі мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы бұйрықтары белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған мемлекеттік стандарттары құжаттама жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында мынадай артықшылықтар береді:

1) іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісі саласындағы бірыңғай терминологияны, соның ішінде қазақ тіліндегі терминдер жүйесін қалыптастырады. Бұл іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдетуге нақты негіз жасамақ;

2) Ұйымдардың ресми құжаттық бланкілеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының, сондай-ақ логотиптер мен эмблемалардың (тауарлық белгілер) түрлі-түсті бейнелерін салу туралы негізгі талаптарға жол ашады. Бұл еліміз территориясында түзілген құжаттардың ұлттық және мемлекеттік тұрғыда реттелуін қамтамасыз ететін негізгі элементтердің бірі болып табылады;

3) ресми ұйымдастыру-басқару құжаттарына арналған 27 деректемелік белгінің орналасу және ресімделу схемасын жасауға мүмкіндік береді;

4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы салынған құжаттық бланкілерді жасау, есепке алу және сақтау тәртібін орнықтырады;

5) мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың қоймаларында құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдылық, санитарлық-гигиеналық, жарық режимі мен физикалық-химиялық режимдерінің негізгі нормативтік параметрлерін айқындайды.

Құжаттама саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган құжат түзу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөнінен жетілдіре түсу мақсатында «Ұйымдастыру-басқару құжаттарын ресімдеуге қойылатын уақытша талаптарды» әзірледі. Оны 2000 жылы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы бекітті. Осылардың негізінде«Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері»жасалып, заң жүзінде белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізілді. Бұл ереже Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының 2003 жылы 29 сәуірдегі № 33 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу № 2331, 2 маусым, 2003 жыл) бекітілді. Бұлар  басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету теориясы мен практикасының нақты жағдайын есепке алады. Тұрпатты (типтік) ережелер ұйымға келіп түсетін, шығатын және ішкі айналымда болатын қағаз құжаттар мен электрондық құжаттарды тіркеу және ресімдеу, олардың орындалуын бақылау тәртібін белгілейді, есептік тіркеуге алу формасының түрлерін, соның ішінде автоматтандырылған түрін орнықтырады, іс номенклатурасына, істерді түзу мен ведомстволық мұрағаттарға тапсыру жөніндегі талаптарды нақтылайды. Ол қазір мемлекеттік мұрағаттарды толықтыру көздері – ұйымдарды басқару ісін құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде кеңінен қолданылып келеді. Кейіннен Тұрпатт 



Скачать