Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуМектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады: 1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік; 2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқудағы мақсат; 3. зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері. Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі. Мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады: Бірінші, зат есімнің грамматикалық категориялары туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін зат есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды.Ондай тәсілдер әр түрлі болады: Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің категорияларының негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады. Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен байланыстырады. Екіншіден, мұғалім Ү сынып көлемінде оқылатын зат есімнің грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады. Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн. Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі – көптік, тәуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін иатериалдардың көлеміне қарай әдістерін белгілейді. Ол әдістердің жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі. Бағдарлама бойынша зат есімнің морфологиялық белгілері ІІ сыныптан бастап оқытылады. Бастауыш мектептің ІІ сыныбында зат есімнің жекеше, көпше түрі, көпшенің морфологиялық белгісі өтіледі де, ІІІ –ІҮ сыныптарда бұл қайталанып оқытылады.Ү сынып оқушыларына зат есімнің жекеше, көпше түрлері бастауыш мектептің өзінде таныс болғандықтан, енді оларды грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейнеленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім солардың мағынасын түсіндіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін көптік жалғауы жалғанатыны туралы ережемен таныстырады. Сонымен қатар оқушыларға көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге жалғану варианттарын шатастырып алушылық және неліктен бір жалғаудың түрленіп вариантқа бөлініп кету заңдылықтарын мектеп қабырғасынан үйретудің маңызы зор. Ол үшін буын үндестігі мен дыбыс үндестігі еске түсіріліп қайталанылады да, үндестік заңына байланысты сөздердің соңғы буынының жуан, жіңішке әуеніне қарай үйлесіп келуіне байланысты екендігі түсіндіріледі. Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы түсіндіруге болады. дауысты р й -лар, -лер у з ж л м -дар, -дер н ң қатаң дыбыстан -тар, -тер соң Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай: Алдымен көптік жалғау деген тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз. Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз. Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ-жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады: Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз: 1. Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға. 2. Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен –дар, -лер болып тұр? 3. Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса. 4. Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір. 5. Көптік жалғауы қандай жағдайда т дыбысынан басталады, мысал келтір. Бұл сияқты кеспе қағаздарын үлестіріп берген соң, «Тыңдап отырыңдар, қатесі болса, түзейсіңдер» деген ескерту айтып, мұғалім кеспе қағазы арқылы жауап беретін оқушылардың жауабын үнтаспаға жазып алады да, өздеріне қайта тыңдатып, оқушы жауабының дұрыс не теріс екенін тексереді. Жаңа материалды бұлайша бекітіп, жаттықтыру – сабақты жандандырып, түрлендірудің бір түрі және балалардың ынта-жігерін арттыру үшін қолайлы. Сондай-ақ, зат есімнің сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтынын да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі: 1. Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа. 2. Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң. 3. Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм. 4. Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш. 5. Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас. 6. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар. 7. Жұптық ұғымды білдіретін затесім атаулары: көз, қол, аяқ. Көптік категориясының негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру. Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін екендігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Мысалы, көптік жалғауы сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда. Абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем есебін білдіреді: ой-лар, су-лар. Даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын білдіреді: әке-лер, шеше-лер. Заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: ас-тарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Осындай әр жақтық мағынада, мағыналық реңкте жұмсалатындықтан, көптік жалғауы әр түрлі стильдік қызмет атқаратындығын да айта кеткен жөн. Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс Скачать |