Жырау мен жыршылдық дәстүрдің Қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы


Жырау мен жыршылдық дәстүрдің Қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы

 

Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы.Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға,шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр. Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты. XV ғасырдың біріншісі жартыснда Жәнібек пен Керей хандардың қазақ хандығын құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқты халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады. Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады. Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры» деген анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен. «Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады» деп сөз өнерін, тіл тағылымын ардақ тұтқан қазақ халқы сонау XV ғасырда да жырларды қадірлеген болуы керек. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап жыр әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында да талай хандарға, сұлтандарға, әмірлерге, өз ықпалын тигізіп, халықтың игілігіне айналғаны анық. «Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар өздері «өлең» және «жыр» деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға болады. 1.Өлең. 2.Жыр. Өлшем жағынан минусин татарларының батырлық жырларына ұқсас, өлеңге қарағанда ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде еркін араласып келіп отыратын үш бунақтан (көбінесе екі бунақтан) құралады.Ұйқас соңына келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде» деп белгілі зерттеуші В. В. Радлов түсінік бергендей жыр қазақ поэзиясының арғы атасы іспеттес.(Радлов В. В. «Алтын сандық» Алматы 1993 жыл 10- бет) жалпы жыр өлшемі поэзияда ерте туған өлшем. Ғалымдардың зерттеуінше жырлардың ұйқас түрлері 10-ға жуық. Жыр негізінен дара ұйқасты және аралас ұйқасты болып екіге бөлінеді.Аралас ұйқастың өзінің салалары көп. Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет» - делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты. Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Бұл пікірге мысал келтіретін болсақ, Доспамбеттің Арғымаққа от тиді, Қыл мықынның түбінен. Аймедетке оқ тиді, Отыз екі омыртқаның буынынан, Зырлап аққан қара қан Тыйылмады жонның уақ тамырынан. Сақ етер тиді саныма Сақсырым толды қаныма Деген жолдарынан жыраулардың қолбасы, батыр болып, әрқашан алғы шепте жүріп, жоу оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын байқаймыз. Таза, мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза, мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады. – дейтін Асан қайғының терең философиялық толғаулары да осы жыраулардың еншесінде. Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып, аңызға айналып жүрген жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық жыраулар шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып немесе біреулердің өз жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде. Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің «Диуани-лугат-ат түрк» еңбгінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жырау – жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. Сонымен қатар Қорқыт (IX ғасыр), Сыпыра жырау (XIV ғасыр) есімдері арқылы біз жыраулық поезияның тамыры әріде жатқандығын білеміз. Дегенмен XV-XVII ғасырлар жыраулар поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген шағы болып табылады. XV-XVII жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мақсатын алдыңғы орынға қойды. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа тәрбиелік өредегі ұлы туындылар қалдырды. XV- XVII ғасырдағы жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік, қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен ездік, қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы басқа жайындағы философиялық туындылар жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипаты болды. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы, Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет жырау, Тіленішұлы Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды. Олар жаңа әдеби салаларды қалыптастырушылар ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар болып табылады. Олар шығарған әдебиет үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал тақілетті тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ елді жеңіске бастаған батырлардың көзсіз ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту жоқтау немесе қара қылды қақ жарған әділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл иелерін қошамет тұтар арнаулар болатын. Солардың бірі Сыпыра жыраудың келер ұрпаққа арнаған жыры бата іспеттес және онда болашаққа деген сенім мазмұны да ұялаған. Көп ішінде сөйлесем, Жас жігіт саған қарасам – Қара лашын тұйығынсын Асылыңа қарасам – Құс алатын қырғисың Қызыл тілге келгенде Сар садақтың оғындай Көлденеңдеп сырғисың Көрмегеннен сұраймын, Асылыңды білдірші Қай ұлыс елдің, жарқыным?! Сөзді жұптап, түйдектеп Бәйге атындай шұлғисың! – деп келетін жыраулар поэзиясының ауқымы шектеулі емес. Қоғамдық-әлеуметтік, тарихи жағдайлардың кейбір мәселелеріне байланысты, халықтың көңіліндегі мұң-мұқтажын болжау, танып тоқтам айту, сол жыраулық мақаммен сөйлеу, жыраулық сарынмен жеткізу де кездеседі қазақ әдебиетінде. Мысалы, Махамбет поэзиясының Қазтуған, Шалкиіз, Марғасқа жырларымен астарласып жатуы. Жалпы жыраудың қазақ қоғамында атқарған қызметіне келетін болсақ – сөз өнерін сүйеніш етіп, шешендігін шебер пайдаланып жүрген жыраулардың аса бір ел тарихындағы халық қамы үшін маңызды рөл атқарған тұсы қазақ хандығы дәуірі болды. Бұл кезеңде әр жыраудың өзіндік тарихи орны, әр хан тұсында саяси-әлеу 



Скачать