Жазбаша аударма тәжірибесі
Жазбаша аударма тәжірибесіЖазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің басқа пәндер секілді аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар. Пәннің мақсаты – тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, студенттерде практикалық жәене аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Алайда негізгі мақсаты – студенттерге аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу. Осы пәнді оқып шығу нәтижесінде студентте келесі дағды мен іскерлік жүйесі қалыптасу қажет:
Сонымен қатар студент осы пәнді меңгеру барысында қазіргі заман жағдайында аударма ісінің ерекшеліктерін, жазбаша аударма түрлерінің бөліну ерекшеліктерін, жазбаша аударма саласындағы аудармаға қойылатын талаптармен т.б. ақпаратпен танысады. Аударма дегеніміз – белгілі бір халықтың немесе мәтіннің түпнұсқа тілінен аударма тіліне ауысуы. Осы анықтама бойынша дәлме-дәл аударма көбінесе мүмкін емес болады. Өйткені, екі тіл тек өздерінің тек грамматикалық жағынан емес, сонымен қатар мәдени ерекшеліктері және сөздердің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Ал осының барлығы аударма әдісіне және оның нәтижесіне әсер етеді. Мысалы іскерлік хатты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда «Dear Sir» деген бастаманы «Құрметті Сэр» немесе «Құрметті Мырза» деп аудару дұрыс болмайды. Мұны біз «Қадірлі директор» немесе «Қадірлі басшы» болып аударылады. Сол сияқты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударғанда «Аса құрметті Шредер мырза» сөз тіркесін «Deeply respected Mr. Shroeder» деп аударған дұрыс болмайды. Өйткені мұндай сөз тіркестерді аударғанда ағылшын тілінің қалыптасқан дәстүрі бар, яғни ол «Dear Sir» немесе «Dear Mr. Shroeder» деп аударылады. Осы мысалдар аударманың коммуникативті іс-әрекетін дәледейді, яғни аудармашы жұмыс жасап отырған екі тілдің мәдениетінен хабардар болуы қажет. Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша түрлерімен жұмыс жасай алуы тиіс. Ол үшін аудармашы осы екі аударма түрлерінің негізін және айырмашылықтарын білуі қажет. Ауызша аударманың ең басты талабы – шапшаңдылық және дәлділік. Аудармашы аударманы неғұрлым тез берсе, соғұрлым оның нәтижесі жемісті болады. Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет. Ал жазбаша аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбір аудармашы ойланып, мәтінді бірнеше рет оқып шығып аударманың әдісін әбден анықтап барып аударуы мүмкін, себебі жазбаша мәтіндер әр түрлі стильде болады. Сонымен қатар жазбаша аударма тәжірибесі пәні аударманың грамматикалық және лексикалық аспектілерін қарастырады. Қорыта келгенде аударма деп қазіргі тіл білімінің тіл арлық іс-әрекеттің лингвистикалық аспектісін оқыпүйренуде ең маңызды құралын айтамыз жәнеде аударма деген әр түрлі тілде сөйлейтін екі адамның арасындағы сұхбатты, яғни комуникацияны жүзеге асыратын құрал. Практикалық тапсырма Мына сөйлемдердің қазақ тіліндегі баламаларын табыңыз:
Скачать |