Жазба әдебиет және сын


Жазба әдебиет және сын

 

Лекция мақсаты:

Қазан  революциясына  дейін  қазақ  әдебиет  сынының  туып,  ішкі  жанрлық  белгілерімен  көріне  бастауын дәлелдеу.

Сұрақтар:

  1. Жазба әдебиеттің дамуының сынның дамып өркендеуіне ықпалы
  2. Абай, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып т.б. шығармаларының жарық көруі – сыншыл көзқарастың қалыптасуы
  3. Төңкеріс алдындағы әдеби ағымдар. Әдеби сынның түрлі жанрларының дамуы.

Сын  жанры  жазба  әдебиетке  тән  жанр.  Қазақ  әдебиетіндегі  ағымдар  және  олардың  сынға  әсері.  Жазба  әдебиет  өкілдері  Абай,  Сұлтанмахмұт,  Омар,  Сәбит,  Мағжан,  Сәкен,  Шәңгерей,  Мұхаметжан  шығармаларының  сын  жанрын  тудыруға  жасаған  ықпалдары.

Қазан  революциясы  қарсаңында  өлең  жинақтарының  көптеп  жариялануы,  оған  алғы  сөздер  түріндегі  дәйектеме  сындардың  жазылуы.  Дәйектеме-сынның  эстетикалық  талдаудан  гөрі  түсіндіруге,  мәселенің  жәй-күйін  баяндап  беруге  бейімділігі,  дәйектеме-сынның  әр  қилы  формада  көрінуі.  Дәйектеменің  авторлық  сынға  (автокритика)  жақындығы,  оқушы  назарын  белгілі  бағытқа  бейімдеуі.  Әдеби  сын  элементі  қалың  дәйектемелердің  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталуы  және  ой-пікірдің  қоюлығы.

Ғұмырнаманың  тууы.  Абайдың  1909  жылғы  өлеңдер  жинағы,  оған  Кәкітай  Ысқақаовтың  «Абай  (Ибрахим)  Құнанбайұлының  өмірі)  деген  мақаласының  қоса  жариялануы  және  оның  тарихи  мәні.

Абай  жинағын  құрастыру  принципі,  оның  сыншылық  ой-пікірге  қатысы.

Абайтану  ілімінің  басталуы.  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газетінде  Абай  туралы  жарияланған  мақалалардың  мән-мақсаты  және  эстетикалық  құны.  Ұлы  ақын  творчествосының  қазақтың  әдеби  ой-пікірінің  оянуына,  сын  жанрының  тууына  жасаған  әсері  мен  ықпалы.

Қазан  революциясына  дейін  қазақ  әдебиет  сынының  туып,  ішкі  жанрлық  белгілерімен  көріне  бастауы.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

-  Дәйектеме – сын дегеніміз не?

- Абайдың өлеңдер жинағының тұңғыш жариялануы туралы не білесіз?

- Қазақ тілінде кітаптардың жариялануы.

Әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Шығармалар. А, 1989.
  2. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы,1966.
  3. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы, 1986.
  4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980.
    1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998.
    2. Кәкішев Т. Сын сапары. — Алматы, 1971.
    3. Кәкішев Т. Оңаша отау. — Алматы, 1982.
    4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. — Алматы, 1996.
 


Скачать