ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХVІ ғ.)
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХVІ ғ.)Лекция мақсаты: Доспамбет жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар:
Доспамбет жырау ХVІ ғ. 90 жж. Донның төменгі ағысындағы Азау деген жерде туған. Жыраудың әкесі әскер басыларының бірі болған. Зерттеуші М.Мағауиннің пікірі бойынша, ол ХV ғ. ІІ жартысынан ХVІ ғ. алғашқы ширегіне дейін жасаған. Доспамбеттің өзі де ат жалын тартып мінгеннен жорықтарға қатысып, талай жерлерді аралаған. Стамбул мен Бақшасарайда болған. Бізге жеткен шығармаларының рухын айтпағанның өзінде оның талай ұрыс-қағыстың куәсі болғандығын көрсететін жолдары жеткілікті. («Айнала бұлақ басы тең…», «Сіреу, сіреу, сіреу қар…»). Ақын өзінің Азов пен Қара Теңіз жайлаған ноғайлы хандығынан шыққан батыр екенін, Әл- Ғұсман патша жұртынан, Әли ағаның күйеу баласы, діни сенімі — мұсылман, Есақай, Қосай, Ер Досай деген ұлдарының болғанын айтады. Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы — ерлікті дәріптеу. Жырау жорықта жүріп, жау оғынан жараланып қаза тапқан. Халық эпосы үлгісіндегі толғаулары бұған куә. «Тоғай,тоғай,тоғай су…» толғауынан жыраудың ақындық мәдениетінің жоғары екенін білуге болады. Әрбір өлеңінің өзіндік қасиетін, оның ырғақтылығын әр тармақ басындағы сөздердің ұйқасы, ішкі үйлесімділігі ашып тұрады. («Айналайын Ақ Жайық…», «Қоғалы көлдер, қом сулар…»). «Алғаным Әли ағаның қызы еді…» деп басталатын өлеңінен сүйген жар сипаты, жетім-жесір қалған сәби мен қалыңдық қамы, олардың көңіл-күйлері аз ғана жол өлеңмен шебер берілген. Ақын тілінде өзіндік көркем образ, халықтық теңеулер де көп кездеседі. Доспамбет толғаулары терең ойлы көркем туындылар. Дүниетанымы кең, өмір өткелдерінен өткен тәжірбиелі, зерделі. ХVІІІ — ХІХ ғғ. қазақтың батыр ақындары Доспамбет жырларын ерекше қадірлеп, сол сарындас өлеңдер шығарған. (Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп…» т.б. Махамбеттің «Мен едім», «Әрайна», «Күн қайда», «Айналайын Ақ Жайық» т.б өлеңдері). Доспамбет жырау шығармалары өзіндік өткір тілге, ерлік күреске негізделген. Жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп ұрыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірмен қоштасқан кезінде Доспамбеттің жасы әлі отызға толмаған еді. Доспамбет шығармашылығы зерттелуі жағынан әлі де тың тақырып. Жырау мұрасы садақ толы сайгез оқты бората атқан батырдың бейнесін сомдауымен, алты құлаш ақ найзамен жауын шаншыған қаҺарманды суреттеуімен, Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды толғауымен құнды. Доспамбет — қазақ әдебиетінің өсу-өркендеу тарихында елеулі роль атқаратын суреткерлердің бірі. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Әдебиет:
2. Бектуров Ж. Художественно-композиционные особенности поэзии жырау и акынов. (Автореферат дисс.) А., 1990. 3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). А., 1989. 4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973. 5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968; Ғасырлар бедері. А., 1991; Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994. 6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. А., 1996. 7. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1967 Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997. 8. Негимов С. Өлең өрімі. А., 1980; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. А., 1991. Скачать |