Герундий мен герундиялық айналымдардың ауларылу жолдары


Герундий мен герундиялық айналымдардың ауларылу жолдары

 

Герундий инфинитив және есімше сияқты ағылшын тілінің етістіктерінің бір формасы болып табылады. Құрылысы бойынша ол есімше формасына ұқсайды, бірақ есімшенің өткен шақта қолданылатын түрі герундийге ұқсамайды, яғни Patriciple ІІ формасы.

Gerund                Active                          Passive

                   Infinite                doing                                      being done

                   Perfect                 having done                 having been done

Герундий аударма кезінде ағылшын тілінің формасы бойынша –ing жалғауы бар басқа етістіктермен немесе грамматикалық формалармен шатастырмау үшін оның ерекшеліктерін жақсы білу қажет, — ing жалғау бар етістік герундий деп аталады, егер:

  1. сөйлемде бастауыштың қызметін атқарса – бұл жағдайда ол етістіктен туындаған зат есім болып, ешқашан артикльсіз және көпше түрдің –s жалғауынсыз қолданылады. Мысалы: Smoking is harmful – Шылым шегу денсаулыққа зиянды.
  2. етістікке қатысты болып тұрған предлогтан кейін тұрса. Мысалы: On completing the experiment, we decided to consult the supervisor– Тәжірибені аяқтаған соң, біз басшымызбен ақылдасуды ұйғардық. The result depended on the problem being  solved on time – нәтижелер мәселенің уақытында шешілуіне байланысты.
  3. етістіктен кейін тұрса. Мысалы: They regretted having told about him – Олар оған бұл туралы айтқандары үшін өкінді.

Герундий бастаманы, жалғасатын немесе аяқталған іс әрекетті білдіретін етістіктерден кейін ғана тұра алады: start, begin, continue, do on, finish, stop.    Өздеріне тән предлогтары бар және олардан кейін герундий қолданылатын етістіктер тізімін жаттап алу қажет, өйткені сол етістіктердің орыс немесе қазақ тілдерінде ағылшын ағылшын тіліндегідей предлогтары жоқ, сондықтан аудармашы шатасып кетуі мүмкін:

account  for — түсіндіру, differ in — ерекшелену, be interested– қызығушылық таныту,  keep from – кедергі ету,  result from – нәтиже болу, succeed in– қол жеткізу.

  1. тәуелдік жалғауында тұрған етістіктен кейін немесе ілік септігінде тұрған зат есімнен кейін тұрса. Мысалы: Do you mind my  opening the window? – Менің терезені ашып қоюыма қарсы емессіз бе?; His coming late was not a surprise to anyone –оның тым кеш келгені ешкімді таң қалдырмады;  My friend’s becoming the prize winner pf the contest a good news for all of us — менің досымның байқау лауреаты атануы баршамызға тамаша жаңалық болған – ды.
  2. келесі сөз тіркестерден кейін қолданылады:

cannot help –бір нәрсені жасай алмау,  I cannot help thinking about it- Мен бұл жайында ойламай тұра алмаймын.

it is worth(it is worth while)- бір нәрсені жасау қажет,  It is worth while reading this book – Бұл кітапты оқып шығу қажет.

it is no use — пайдасы жоқ, нәтижесі жоқ, бостан босқа, It is no use waiting for him – оны күтудің пайдасы жоқ.

Жоғарыда айтылған мысалдарға сәйкес қазақ тіліне аудару барысында герундий зат есім, көсемше, құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі бола алады.

Қазақ тіліне аударған кезде герундийдің сөйлем мүшелерінің қызметерін           атқаратынына назар аударыңыз:

  1. Бастауыш – Implementing market reforms in a lengthy process –Нарық реформаларының жүзеге асуы – бұл ұзақ мерзімді процесс. Ескерту: Есімшемен шатастырып алмаңыз — Implementing market reforms it is necessary to keep in mind social needs of the population — Нарықтық реформаларды жүзеге асыра отырып, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін ұмытпау қажет.
  2. Тура толықтауыш – Would you mind showing us the whole process?- Бізге процестің барлығын көрсетіңізші. Would you mind their showing us the whole process?- Сіз олардың бізге процестің барлығын көрсетуге қарсы емессіз бе?

Тура толықтауыш қызметінде герундий келесі етістіктерден кейін қолданылады: avoid ( қашқақтау), engoy ( ұнату),  excuse  (кешіру), intend ( ынталану),  like ( жақсы көру), prefer ( қалау), revent (кедергі ету),  regret (өкіну),  try ( талпыну),  withstand ( қарсы тұру).

  1. Предлогы бар толықтауыш  — We have succeeded  in maintaining productivity level over the whole period- Біз барлық берілген уақыт бойынша өнім өндіру деңгейін сақтай алдық.
  2. Пысықтауыш – In establishing a refinance rate it is necessary to take into account a monthly inflation rate- Қайта қаржыландыру талаптарын бекіткен кезде айлық инфлияцияның деңгейін назардан тыс қалдырмау қажет.
  3. Анықтауыш —  There is little probability of financial assistance being provided this year- Биылғы жылы қаржылай көмек көрсететініне кәміл сенім жоқ.

Герундиялық айналым екі формада болып зат есім ретінде және құрмалас сөйлемнің құрамдас бөлігі болып аударылады:

  1. Тәуелдік есімшедегі зат есім (есімдік)+герундий. Мысалы: Professor Johnson’s (His) presenting a paper at the conference was not announced until yesterday-Профессор Джонсонның (оның) конференцияда баяндама қорғайтыны кеше ғана хабарландырылды. The outcome depends on all of factors being used together- Нәтиже барлық факторлардың бірге қолданылуына байланысты болады.
  2. Ағылшын сөйлемнің бастауышы (герундийдің субьектісі емес) + герундий. Мысалы: All the former Soviet republics are alike in having their poorly developed infrastructure- Бұрынғы совет республикалары өздерінің нашар дамыған инфрақұрылымдарымен ұқсас болып келген.

 

Практикалық тапсырма

Берілген сөйлемдерді ағылшын тіліндегі герундий және герундиялық айналымдардың аударылу жолдарына көңіл бөле отырып, ана тіліне аударыңыз:

  1. Calculating consumer price index is part of general statistic procedure.
  2. He could not help telling the results of the negotiations.
  3. It is worth while having all the data together before discussing them.
  4. Would you mind our taking part in the discussion?
  5. High credit emission in 2nd quarter resulted in the inflation rate having been considerably raised.
  6. Both the companies are alike in being represented in the European market.
  7. In dealing with statistic data it is necessary to have all the factors involved.
  8. Upon being shown in tables, the figures were subject to thorough analysis.
  9. There is high probability of their being invited to the congress as special guests.
  10. We’ll probably think of trying another approach in this matter.
  11. The manager insisted on all the employees getting bonuses.
  12. President Coleman’s being late was accepted with patience.
  13. In spite of not having special training, they performed quite well at all the stages of the experiment.
  14. In addition to being accommodated in double rooms, they were asked to check out of the hotel four hours before the usual time.
  15. They objected to the talks being held without all the parties represented.
  16. Do you think it’s worth while beginning this project without waiting for the confirmation to arrive.
  17. Such result may be accounted for by their having started the experiment in the middle of the year.
  18. 18.           Newton’s having discovered the laws of mechanics determined the development of science for many years to come.
 


Скачать