Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны


Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны

 

Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің  ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.

Көптілділіктің биологиялық негізі жоқ. Ал барлық адамдар бір биологиялық түрге жатады. Барлық адамдардың милары бірдей орналасқан, тіс, омыртқа сүиектері, тамақ қорытатын ішкі ағза органдары да бірдей. Адамдардың бәрі оттегі дем алады, ол жоқ болса өліп қалады. Адамға тән осы анотомиялық және физиологиялық  жағдайларды ескере отырып, адамдардың тек бір ғана тілде сөйлеуі керек қой деп ойлайсың.

Шындығында адамдар тегі жағынан бірнеше топқа бөлінеді, терісінің түсі, көлемі, сүйек құрылысына қарай, қан құрамына тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Осы жағдайды ескере отырып, әлемде тек 5-6 ғана тіл болуы тиісті, бірнеше тіларалық диалектілер ғана өмір сүруге тиісті сияқты.

Ал шындығында жағдай мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда санақ бойынша әлемде 5 мыңға жуық тіл бар. Тілдердің нақты саның дәл атау мүмкіндігі болмай тұр, өйткені өз бетінше дамыған тілдер бар, сол тілдермен қатар жүрген диалектілер бар. Мұндай көптілділік, әрине, мұқият зерттеуді керек ететіні анық.

Аудармашының кездесетін қиындықтары тілдің ерекшелігімен және сол тілдің әр турлі жағдаяттарда кездесетіндігімен тығыз байланысты. Бұл жерде үш түрлі қиындықты атауға болады: тілдік бірліктің семантикалық, яғни мағыналық ерекшелігі, «өмір құбылысының » сәйкес келмеуі, тілден тысқары өмір шындығын суреттеудегі тілді пайдалану, өмір шындығы мен осы шындықты мәтінде суреттеп берудегі өзгешелік.

Тілдік бірліктер — бұлар бар обьектіні белгілеп беретін жай жарнамалар емес. Әрбір тілдің өзіне тән тұрақты белгілері бар, өзіне тән өзгеше мән-мағынасы бар. Бұл өзгешеліктер басқа бір тілмен сәйкес келмейді. Сондықтан аударма ісі бір формадан екінші формаға жай ауыса алмайды. Ол үшін аудармашыға қай тілдік бірліктің мәні түпнұсқадағы мазмұнға сәйкес келетінін біліп алу керек. Лингвистикада кездесетін тағы бір екінші кедергі-әрбір тілдің ерекшелігі мен өмір шындығын суреттеуі. Әңгіме жиі еске алатын экзотикалық дәлелдеулер емес, немесе эскимостарда кездесетін қардың түсіне байланысты емес, немесе аргентина бақташылары бағатын әртүрлі түстегі аттар емес, көптеген күнделік жағдайда кездесетін құбылыстар емес. Қазақ тіліндегі «қол» сөзін ағылшын тіліндегі «hand» және «arm», қазақ тіліндегі «саусақ» ағылшын тіліндегі « finger» «toe»,  қазақша «ит», «күшік » ағылшын тіліндегі «dog» немесе қазақ тіліндегі «ат» немесе «тұлпар» сөздері ағылшын тіліндегі «horse». Осылайша бір сөздің әр түрлі бөлінуі, аударманың бірнеше нұсқасының болуы аудармашының алдына айрықша мәселе туғызады, аудармашы қай нұсқасын таңдағанда дұрыс болады екен деп ойланады.

Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл — өзінше жеке мәдениет.

Орыс тілінде «дала» деген сөз не? Бай әйел Ларина немен шұғылданған? Пушкин сөзімен айтсақ, ол әйел, Ларина «брила лбы»? Ағылшын адамы орыс тіліндегі « Будешь третьим?» сөзін қалай түсінуі керек? Ал ағылшын тіліндегі «Aunt Sally» деген не? «Marshes» деген не? «Braun Betty»-дің талғамы қандай? Деген сияқты сөйлемдерді қалайша дұрыс аударған орынды? Қандай жағдайда болмасын, аудармашы бөтен мәдениеттің оқиғаларымен, тілдің өзіне ерекшеліктерімен тән таныс болуға міндетті ғана емес, оны өз аудармасында көркем суреттеп, оқырманға түсінікті етіп баяндауға тиісті.

Бірақ тілдік факторлар тек аудармада ғана қиындық келтірмейді және оны жою үшін де жағдай туғызады. Әрбір тіл өз дербестігімен ерекшеленгенімен, оның құрылысы мен қолданылуы бпрлық тілдерге ортақ бір принцип бар, ол аудармада қолайлы жағдай туғызады. Барлық тілдер екі жақты бірліктерден құралады, ол тілдің дыбысталуы мен мағынасына байланысты. Олардың бәрі сөздік құрамнан, грамматикалық құрылысынан тұрады, ойды жүйелеп бір адамнан басқа ұлт өкіліне жеткізудің құралы болып есептеледі. Барлық тілдер хабарлама құраудың, тілден тысқары шындықты берудің басты құралы. Тілдер әр түрлі амал-тәсілдермен түсінікті болған уақыт категориясын, уақытын  жекелеген заттар мен құбылыстардың атауларын, жекелеген обьектілердің белгілерін, басқа да модельді атауларға түсініктеме береді. Тілдер көптеген әмбебап (универсалды) қасиеттерге ие. Оның осы әмбебап қасиеттері адамзаттың ойлауы мен айналадағы дүниенің бірлігін айғақтайды.

Әр түрлі лингвистикалық пәндердің жағдайы аудармашылық іс-әрекеттің көптеген маңызды аспектілерін сәулелендіріп ғана қоймай, аударманы зерттеушілердің  құзырына талдаудың бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынады, бұл күрделі құбылыс (феномен) туралы обьективті анықтама алуға жағдай туғызады. Қазіргі аудармашылық лингвистикалық зерттеу әдістерін кеңінен қолданады, оны толығымен пайдаланады және оған қажетті өзгерістерді енгізеді.

Аударма кезіндегі процесте әртүрлі тілдегі мәтіндер арасында белгілі бір қатынас орнатылады, аудармаға зер сала отырып, оны қолдану кезінде салыстырмалы түйіндеу жасалады. Мәтіндерді салыстыру-аударма туралы аса маңызды ақпараттың қайнар көзі. Бүгінгі таңдағы аудармашылықта төрт түрлі жүйелі анализ жасалады. Біріншіден, аудармашының мәтіні түпнұсқалық мәтінмен салыстырылады. Бұл салыстыру түпнұсқа мен аударманың мазмұны мен құрылымының жақындығы туралы бағалы деректер береді. Аударма ісі (поцесі) барысында  қолданылған стандартты амал-тәсілдердің үйлесімі туралы да хабардар етеді. Екіншіден, бір түпнұсқаның аударылған бірнеше варианттары,нұсқалары салыстырылады, бұл аударма нұсқалары бірнеше аудармашының жұмысы болуы мүмкін. Бұлай ету жеке-жеке әр аудармашының  өзіне тән аудармашылық ерекшеліктері мен кәсіби қасиеттеріне тәуелді емес болатын, алайда олардың бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды шығаруға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, аударылған мәтіндер сол аударылған тілдегі түпнұсқалармен салыстырылады. Осы жолмен мәтін аударылуға тиісті аударма тілінің өзіне тән ұлттық ерекшелігі мен ұлттық қасиеттерін ашуға мүмкіндік аламыз. Бұл не үшін жасалады? Оған жауап: Кейде аудармашы мәтін аударылуға тиісті  тілдің өзіне тән ұлттық ерекшелігі мен ұлттық қасиеттерінен,заңдылықтарынан, сақталуға тиісті ережелерінен ауытқып кетеді де, аударманың қате болуына алып келеді. Аудармашы саналы кейде санасыз түрде мәтін аударылуға тиісті  тілдің ауызекі қолданылу аясын кеңейту мақсатымен әртүрлі калькалар мен кірмелерді, тура сөзбе-сөз аудрушылық, қолданылуға тиісті формаларды өзгертушілік сияқты өзі қолданғысы келген әдіс-тәсілдерді сүйеніп кетеді. Әрине, аудармашы бұны мәтіннің аудармасын барынша дұрыс та түсінікті етіп аудару мақсатында жасайтындықтан, бұндай келеңсіздіктерге кешірім жасалады. Яғни бұл да бір аударма ісінің нормасы сияқты қабылданады. Төртіншіден, шетел тілі (ИЯ) мен аударылатын тілдердегі қатар мәтіндер  (ПЯ) салыстырылады. Басқаша сөзбен айтқанда, бір жанрға және бір стильге жататын мазмұны жағынан үндес мәтіндер салыстырылады. Бұл аудармашыға мәтін аударылуға тиісті  тілге стилистика жағынан үйренісуіне яғни адаптациялануына мүмкіндік береді.

Әртүрлі тілдердегі салыстырмалы анализ мәтіндердің бір-біріне ұқсастығын, олардың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістерді анықтайды. Сол сияқты мәтіндердің жекелеген элементтерін салыстырады.

Компонентті анализді қолдану тілдік бірліктерді бөліп алуға және оны түпнұсқадағы тілдік бірліктердің  ой  жиынтығымен салыстыруға мүмкіндік береді. Шетел тілдегі және сөз аударылуға тиісті  тілдегі сөздің бір -біріне сәйкес келушілігі қарастырылады. Ағылшын тілінде «student» орысша аудармасы «студент» аударған кезде ол «жекеше түр» және «оқушы» болады да, бірақ ол  «жоғары мектепте оқушы » және «мужской родта» деген мағынысынан айрылады. Ал керісінше, орыс тіліндегі «Хороший студент не будет прогуливать лекции» деген сөйлемде «мужской род» түсінігі бейтараптанып кетеді, себебі мұнда тек ер адамдар туралы айтылып тұрған жоқ, жалпы студенттер сөз болып отыр. Ал «жоғары мектепте оқушы » деген түсінігі  «лекция» сөзінен –ақ білініп тұр. Сондықтан бұл фразаны ағылшын тіліне аудару үшін «student» сөзі де жеткілікті: «A good student would not stay away from his lectures».

Аударма процесін суреттеп жазу үшін трансформационды  әдіс түпнұсқаның мазмұнын түсіну үшін беріледі және аударманың  соңғы вариантын (түпнұсқасын) анықтайды. Екінші жағынан аудару процесі тіларалық трансформацияның маңызды бір түрі болып есептеледі.

Аударманы зерттеу кезенінде аса маңызды орын алатын тәсіл лингвистикалық модельдеу әдісі. Бұл аудару процесінде теориялық модельдерді құру. Бұл процесс аудармашының басында бірнеше ойлану операциялары арқылы жүзеге асады, ол бақылауға алынбайды, өз алдына  «қара жәшік» болып көрінеді. Лингвистикалық модель аудару процесінде түпнұсқаның түрленіп аударма мәтініне айналып, жақсы ойға  алынған, көзделген нәтижеге жететінің дәлелдейді. Қазіргі аудармада аударманың бірнеше моделі бар, бұл аударма процесінің бірнеше әдіс-тәсілдерімен іске асатындығын айқындайды.

Аудармашылар лингвистер мен психологтардан ин 



Скачать