Батыр жырау - Қожаберген


Батыр жырау - Қожаберген

 

Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтам-бердi, Үмбетей, Тәтiқара, Жанкiсi (Көшебе керей) жыраулар шә-кiрт болып,одан үлгi-өнеге алса, батырлықта Бақсары, Бөгенбай, Жәнiбек (Кiшi Арғын) үшеуiнен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717-1758ж.ж.) дейiнгi батыр атаулы сол Толыбай сыншыұлы ордабасыға шәкiрт болып,одан тәлiм-тәрбие алыпты. Қожабергеннiң бар айыбы сол, оның өмiрi мен қоғамдық қыз-метiнiң, шығармаларының дер кезiнде жиналмай-зерттелмей қал-ғандығы, iздеушiсi болмағандығы. Қожаберген шығарма-ларының кейбiреуi қазақ халқының ХIХ ғасырда өмiр сүрген педагог жазушысы, ағартушы-демократы Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы Орынбор баспасында жарық көрген “Қазақ хрестоматиясынан” (жинақ) және оның 1896 жылы Қазанда жарық көрген “Мәктубат” деген кiтабынан орын алған, ол жинақтарда ақынның бiрнеше өлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Соңғы жиырма бес жылда Толыбайсыншыұлы ақынның өмiрi мен шығармашылығы бiр шама зерттелiп, ол 1983 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген. “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi” атты жинаққа ендi және онда Қожа-берген жыраудың “Елiм-ай” әнi мен күйiн, жыр-дастанын шығар-ғандығы айтылып,сол зерттеуде талданып жазылды. Қожаберген ақынның өмiрi мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журнал-дарда, облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақала-лары жарияланды. Атап айтқанда, филология ғылымынын канди-даты М.Жармұхаммедов “Қазақ әдебиетi” газетiнде 1981 жылы 15 мамырда ““Елiм-ай” жыр-дастаны” атты, ғылыми қызметкер Г.Тұрсынова “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1981 жылғы 6-санында “Қаратаудың басынан көш келедi” деген, белгiлi драматург-жазушы Н.Әбутәлиев “Жұлдыз” журналының 1984 жылғы 3-санында Қожаберген жырау атты, осы жолдардың авторларының бiрi “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1988 жылғы 6-санында “Елiм-ай” деген, 1988 жылы 27 қыркүйекте жазушы Н.Әбуталиев пен әдебиетшi-ғалым М.Жармұхамедов “Алматы ақшамы” газетiнде ““Елiм-айдың” аторы кiм?” атты, шежiрешi М.Болатов “Жезқазған туы” газетiнiң 1982 жылғы 22 қантардағы санында ““Елiм-ай” жыр-дастанының авторы Қожаберген жырау хақында” деген, белгiлi әдебиетшi-ғалым Т.Сүлейменов “Еңбек таңы” журналының 1989 жылғы 2-санында “Қазақ есiмi хақында” атты, шежiрешi, қарт мұғалiм Е.Қалданов “Қызыл ту” газетiнiң 1990 жылғы 23-24 қазандағы сандарында “Елiм-ай” атты деректi де көлемдi мақалаларын жариялатқан едi. Бұлардан басқа да Қожа-берген жырау туралы бiрнеше автордың 1982-2001 жылдар аралы-ғында газет-журналдарда отызға тарта зерттеу мақалалары жарық көрдi және сол Толыбайсыншыұлы ақынның есiмiн атап оның шығармаларынан үзiндiлер келтiрiлген бiрнеше автордың жиырма шақты мақалалары 1988-2001 жж. Аралығында республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде жарияланды. Олардан басқа Ш.Смағұлов, Қ.Омаров, Қ.Биғожин, Қ.Мұқанов, Ғ.Қадрәлi, С.Жұмабаев сияқты жергiлiктi зерттеушiлердiң ғылыми мақалалары және жергiлiктi жазушы Ожан Қалиевтiң Қожаберген-ге арнаған дастаны жарық көрдi. Сондай-ақ, Қожаберген жырау филология ғылымдарының кандидаты Т.Сүлейменовтiң 1991 жылы “Өнер” баспасынан жарық көрген “Сегiз серi” атты монографиялық еңбегiнен орын алды онда автор Қожаберген жырау - Сегiз серiнiң арғы бабаларының бiрi екендiгiн әрi оның iрi тарихи тұлға, үлкен ақын екендiгiн айтыпты. Сонымен қатар, жазушы Н.Әбуталиев өзiнiң 1991 жылы “Жалын” баспасынан шыққан “Сегiз серi” атты зерттеу еңбегiнiң бүтiндей бiр бөлiгiн Қожаберген жырауға арнағанын айтуға мiн-деттiмiз. Осы аталған автор Толыбайсыншыұлы (1663-1763 жж.) ақынға арнап, “Ордабасы Қожаберген” атты монографиялық еңбек жазып, ол 1995 ж. “Жетi жарғы” баспасынан жарық көрдi. Сол Н.Әбуталиевтiң 1998 жылы баспа бетiн көрген “Шоқ жұлдыз” де-ген зерттеу еңбегiнен де Қожаберген жырау орын алды. Осы сөз зергерiнiң 1986 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген “Өттiң дүние” повесiнде Қожаберген жырау тұлғасының сомдала түскенi байқалды. Қожаберген жырау да, оның жолын қуушы мұрагерлерiнiң бiрi - Сегiз серi Баһрамұлы да 1989 жылы жарық көрген Қазақ кеңес энциклопедиясының қысқаша төрт томдығының төртiншi томынан орын алды. Онда да “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын 1723 жылғы қазақ халқына келген iрi апат кезiнде шығар-ғандығы айтылған. Сонымен қатар, “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмi толығынан және екiншi бөлiмiнiң бас жағы “Дала дидары”, “Ауыл” газеттерiнiң беттерiнде 1991-1992-1993 жж. жарық көруi де ақтаңдақ орнын ретiмен жаба түскендей. Солтүстiк Қазақстан облысының (Қызылжар аймағының) топырағында бұрынғы - соңды дүниеге келген ақын-жыраулардың (Кеңес дәуiрiне дейiнгi) өмiрлерi мен қоғамдық қызметтер туралы деректер мен шағармаларының дер кезiнде жиналмай - зерттелмей қалуына, бiрiншiден, облысымызға 1936 жылға дейiнде, одан кейiн де әдеби-тарихи экспедицияның сапарларға шықпауы себеп болды. 1936 жылы жазда жазушылар: Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Ғабит Мүсiрепов - үшеуi бастаған бiр топ әдебиетшiлер мен тарихшылар экспедиция жасаған. Олар облысымыздан Қожа-берген жыраудан бастап, Бiржан Берденұлы ақынға дейнгi ақын-жыраулардың өмiрлерi мен қоғамдық қызметтерi туралы деректер мен олардың шығармаларын жинапты. Алайда аталмыш экспедициялық топтың жинаған мұралары 1937 жылғы зобалаңда құрып кетiптi. Екiншiден, облысымыздан не әдебиет зерттеушiсi, не тарих зерттеушiсi, не ән-күй зерттеушiсi шықпауы да ақын-жырау, шешен бабаларымыздың еңбектерiнiң зерттелмей қалуына тағы себепкер болды. Қожаберген жырау шығармалары, әсiресе, “Елiм-ай” тарихи жырының бiрiншi бөлiмi және екiншi, үшiншi бөлiмдерiнiң үзiндi-лерi, “Баба тiл” дастаны және басқа өлеңдерi туған республика-мыздың әр облысында тұратын жекелеген азаматтардың абдыра-сының түбiнде сақталып, бiздiң кезеңге жеткен. Ел iшiнде “Ата тек”, “Қойлыбай әулие”, “Қызылжар” дастандарының үзiндiлерi, “Үш би”, “Үш Тәуке”, “Үш құрдас”, “Күлдiрмамай”, “Едiге биге”, “Жетi жарғы” және басқа өлеңдерi ұшырасып қалып жүрдi. Толыбайсыншыұлы ақын “Бағылан баба”, “Фархад баһадұр”, “Ғадыл Танаш”, “Едiге баба”, “Балға-Балта батырлар”, “Ер Аббас”, “Ер Көшебе”, “Ата тек”, “Баба тiл”, “Алтай батыр”, “Елiм-ай” және басқа көптеген дастан, “Қойлыбай әулие”, “Бiлерсiң”, “Күлдiрмамай”, “Жетi жарғы”, “Үш би”, “Қайран, жастық”, “Едi-ге биге”, “Жастық”, “Ақсауыт”, және басқа бiрталай өлеңдер, “Бүркiт қонған”, “Көк Есiл”, “Айша”, “Қызылжар”, “Қайран, Арқа”, “Елiм-ай”, “Қалмақ қырылған”, “Ел айырылған” және бiраз күйлер шығарса да, оның толып жатқан шығармаларының ба-сым көпшiлiгi бiздiң кезеңге келiп жетпедi. Қожабергеннiң әндерi мен күйлерiнiң соңғы орындаушысы Iргебай Қоржынкөлұлы (1891-1966 жж.) осыдан отыз жетi жыл бұрын Ресейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданындағы Күмiскөл (Қожаберген жыраудың Күмiс көлi атанған көл ғой) деген селода ауырып қайтыс болды. Бұл күнде “Елiм-ай” әнiн Алматы қаласының тұрғыны, сәулет өнерi ғылымының кандидаты Төлеубек Сейiтқалиұлы Қараменде-тегi Орындап жүр. Сонымен қатар, 1723 жылғы аса iрi апаттың халық ұғымында қалған атауы “Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама” деген сөз тiркестерi де Қожабергеннiң “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмiнiң аяқ жығында келетiн мына шұмақта әдемi зерленген:

Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды, Халқыма аштық, соғыс жаман болды. Басталып ел сұлауы Алакөлден, Ақтабан шұбырынды заман болды.

Алакөлдi кейiн бiреулер жаңылысып Алқакөл деп керi ұғынған сияқты. Өйткенi, Алқакөл деген атақты үлкен көл қазақ даласында арғы-бергiде болған емес. Баба жырау бәйбiшесi Айшаны ертiп, сол 1723 жылдың қараша айында (бас кезiнде) өз елiне келе жатып, орталық Сарыарқадағы Қорғалжын көлi аймағында ағайын-туғандарымен, ұлдарымен, қызымен аман табысады. Өйткенi, Қожабергеннiң елi Керей-Уақ та, оған көшiп келiп паналаған Барабы, Барын, Ескер атты Сiбiр татарының рулары да, Шалабай Башқұрттары да 1723 жылы ала жаздай жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғысып, ақыры жеңiлген соң, көше қашып, сол жылы жаздың аяғында Қорғалжын аймағына келiп қоныстаныпты. Оны Толыбайсыншыұлы батыр-ақын “Елiм-ай” жырының екiншi бөлiмiнiң басында айқын суреттеп кеткен. Қожабергеннiң бәйбiшесiнiң есiмi - Айша, ол Кiшi жүз iшiнде Он екi ата Байұлыға жататын Есентемiр елiнiң басшысы Қабылан бидiң қызы екен. Толыбай сыншыұлы жыраудың Айшадан туған Әди, Әли, Әсет, Есет, Әбет, Науан, Мәди, Нәби, Ақыл, Бағдат, Мамай, Ноғай, Сағади, Тоқтамыс, Бектемiс, Бекет, Балқан есiмдi он жетi ұлы, Зейнеп есiмдi жалғыз қызы болыпты. Ақынның аттары аталған он жетi баласының жетеуi және ер жеткен он бiр немересi ұзақ жылға созылған ұлт-азаттық соғыста жау қолынан мерт болған екен. Қожаберген жырау өмiр сүрген заманда Керей-Уақ бытырамаған, қалың ауылды, адам саны көп ел болыпты. 1723-1759 жылдары аралығында болған қанды айқастарда көп жауынгерлерiнен айырылса да, Орта жүз Керей-Уақ 1795 жылдың наурыз айына дейiн ара жiгi ажырамаған, ауыз бiрлiктi жұрт болыпты. Орталық Сарыарқадағы Қорғалжын аймағында (қазiргi Ақм 



Скачать