Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер




Скачать

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер

 

Қазіргі кезде лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері т.б. сипатта қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы, көркем мәтіндегі тұрақты тіркестер сөздің эмоциялық – экспрессиялық мәнін арттырады. Мұндай тұрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ұлттық болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады. Мысалы: Жоламан тез-тез адымдап, үй орнындай жерге топтала өскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың даусы пышақ кесті тына қалды [М.Ғ.] деген сөйлемдердегі тұрақты тіркестер арқылы ақпаратты ықшам, бейнелі түрде берудің өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.  

Тұрақты тіркестердің бұл қырының жарқын көрінісін сөз шеберлерінің тезінен өтіп, шығармашылық көрігінде шыңдалған көркем туындылардан кездестіруге болады. Б.Соқпақбаев та, М.Гумеров те мұндай тәсілдерді өте сәтті қолдана білген. Мысалы:  Шал да, Мұқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр [Б.С.] деген сөйлемдерден екі қаламгердің кейіпкер психологиясы мен танымын тұрақты тіркестер арқылы шебер суреттеуін айқын аңғарамыз.

Фразеологизмдер арқылы кейіпкер тілінің сөз байлығын, әсіресе, балалар тілінің тілдік қолданыс ерекшелігін дәл беруде М.Қабанбаевтың стильдік ұстанымы, баланың  өскен ортасына тән сөз саптау мәнерін ерекше талғаммен беруі қаламгердің шеберлігін танытады. Мысалы: Бүйтіп қиюым келіспей, ыза боп тұрғанда шаңдатып шапқылап жүргені шат-шәлекейімді шығарды  [М.Қ.] т.б.

Тілдегі дағдылы қолданыстан тыс құбылысты және көркем шығармадағы қолданысына қатысты авторлық шығармашылық, стиль табиғатын тануға көмектесетін, негіз болатын ерекше мәнді бір заңдылық бар. Ол – окказионализм құбылысы. Б.Соқпақбаев, М.Қабанбаев, М.Гумеровтың шығармаларына талдау жасай отырып, қаламгерлердің осы дәстүрді шебер пайдалана білгеніне айқын көзіміз жетті. Мысалы: Біз жайлауға келгелі табаны трактордай бір ай шамасы уақыт өтті [Б.С.]. Отқа тақау үлкен қара табаға жабылған тәрелкенің астынан құймақтардың құлағы қылтияды [М.Ғ.]. Түс ауа шулы үлкен қала жастанып жатқан сүңғі шыңдардың басына бұлт байланып, күннің қалпағы кисайып сала берді [М.Қ.] т.б мысалдардағы трактордай бір ай, құймақтың құлағы қылтиды т.б. авторлық қолданыстардың сәтті пайдаланылғанын байқаймыз.

Көркем әдебиетте көп қолданылатын тілдің көріктеуіш тәсілдерінің бірі – мақал-мәтелдер. Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінде де мазмұн мен ойды беруде қолданылған мақал-мәтелдердің қызметі ерекше. Бұл турасында зерттеуші Ш.Қарсыбекова: «Мақал-мәтелдер – қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің – барша болмысының айғағы» деген пайымдау айтады [2.3].  Мұндай құбылысты қаламгер  шығармаларындағы: Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атам қазақ….. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес [Б.С.] т.б. сөйлемдерде берілген мақал-мәтелдер арқылы айтылар ойды нақты жеткізуді мақсат еткен.

 Мұндай орнымен үйлесімді қолданылған мақал-мәтелдер көріктеуіш құрал ретінде мәтін тілін жандандыра әсерлендіруге қызмет етіп, белгілі бір құбылыстың негізін дәл бейнелеуде өзіндік ерекшеліктермен жұмсалады. Мысалы М.Гумеров шығармасындағы:  Жаңыл ұлына: — Е, жындымысың? – деп елеусіз жымың қағып, — «Сезікті секірер» деген. «Ел құлағы елу» деген емес пе. Жұрт кеңседегі шешім жайынан әп-сәтте хабарланып та үлгеріпті [М.Ғ.] тәрізді мақал-мәтелдерде  атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық этникалық көзқарас пен салт санасы нақты берілсе, М.Қабанбаевтың шығармаларындағы: «Тілімді алсаң, қарадан қашық, ақ атаулыға асық жүр. Ақ атаулы аспанға түсіп бара жатса, жылқыдайын жалыңды, түйедейін шудаңды төсе, қарғам!» [М.Қ.] деген сөйлемдердегі  қарадан қашық, ақ атаулыға асық жүр бояты тәрізді мақал-мәтелдерден халықтың бағзы замандардан келе жатқан этносқа тән өмір тәжірибесінің көрінісін байқауға болады.

Көркем әдебиет тілі туралы сөз болғанда, әдетте оны құрайтын екі компонентті ескермесе болмайды. Олардың бірі – авторлық баяндаудағы тіл де, екіншісі – кейіпкер тілі. «Шыңырау» әңгімесінде кейіпкер тілінің ерекшелігі автордың тілі арқылы өте сәтті берілген. Мысалы, Алма «шолақ шалады» деп, Рахат пен інісін онда жібергісі келмей, қолынан жетектеп алды да, әйелдерді бастап үйге кірді [М.Ғ.] т.б берілген тілдік бірліктерді автор халықтың сөз байлығы арасынан таңдап, екшеп алып, мақсатты түрде айтар ойдың мазмұнын аша алатын лексикалық қор ретінде пайдаланып отыр.

Мысалы «Пысық болдым, мінеки» әңгімесіндегі: «Бала» — Шалтай жездем тізесімен оюлы киізді егей түсіп, жылжып барып, Түйе атаның мұздатқышта көп тұрып қалған тұшпара секілді быт-шыт құлағына айқайлап жатыр [М.Қ.] деген сөйлемдерден қаламгердің сөз қолдану шеберлігі мен айтылар ойдың бала танымына қатыстылығын талғампаздықпен бейнелегенін байқаймыз.

Көркем шығармада кейіпкер табиғатын, болмысын ашуға маңызды көріктеуіш құралдарының бірі – диалог. Бұл жазушының когнитивтік танымы мен талғамына, шеберлігіне байланысты. Мысалы, «Үш күн, үш  түн» әңгімесінде бала психологиясындағы қымсыну, сөзге сараңдықтың белгілерін былай береді:

-Немене, поездан қалып қойдың ба?

-Иә.

- Түу-у, ашықауыз-ай, Мына аязда вагонда отырсаң болмады ма? – Билетің бар ма?

- Жоқ.

- Түу-у! Поезға қайдан отырып ең?

-Қызылжардан.  [М.Ғ.] деген үзіндіде диалогтың құрылымдық қызметі тиімді пайдаланылған.  Диалог ауызекі сөйлеу тіліне жататын қарапайым сөздердің қатысуымен жасалған.  Қаламгер кейіпкер аузына түрлі сөз орамдарын салу арқылы мінезін, атқаратын қызметін, өскен ортасын және қарым-қатынас жасайтын адамдарды әр қырынан көрсетіп тұр.

Көркем шығармадағы кейіпкер тілінің жасалуы туралы академик Р.Сыздық: «Көркем шығарма тілін талдағанда жазушының суреткерлік шеберлігі мен эстетикалық мүмкіндігін тануға болады. Жазушының өз шығармасының поэтикалық деңгейіне сай етіп тілдік құралдарға жүк арта алады ма, әр сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танып, олардың барша потенциалды қабілетін жарата білді ме деген жайттар осы әңгімеден туындайды» деген пікір білдіреді [3.47]. Прозалық шығармаларда автор диалогты түрлі сипатта қолдана отырып стильдік мақсатта құрады. Мұндай құбылысты М.Қабанбаевтың шығармаларынан да  айқын аңғаруға болады:

- Жүз сом… Аз емес пе? – деді кәңгірлей күліп.

     Циркші шал:- Аз болмаса… мардымсыз жалғыз пенсия жетпейді. Осы кептерді кәсіп қыламын, — деп жыланды.

     Ағай жомарт екен: -Мә, тағы он сом. Баламның қуанышы үшін бәрі садаға. Жалғыз ұл…  Келістік пе ? – деді. Қол алысты [М.Қ.] .

Б.Соқпақбаев та, М.Гумеров те, М.Қабанбаев та монологты беруде кейіпкер тілінің ерекшелігіне аса мән берген секілді. Мысалы, Б.Соқпақбаев әңгімелерін оқи отырып ондағы монологтың аса талғампаздықпен берілгеніне куә боламыз. Автор ішкі монологқа ерік беру арқылы кейіпкердің ішкі психологиясы мен дүниетанымын, ментальді дүниесін дәл көрсетуді мақсат етеді. Мысалы:. Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін. Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңда өсіп, өнген кереметтер емес пе… [Б.С.]. Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілген. Берілу тәсілінің өзі де ішкі монологтың табиғатына тән қасиетпен,  яғни  эстетикалық таным арқылы келген.

Шығармада бала ойының монолог арқылы берілу құбылысы «Қала және қыз бала» әңгімесіндегі басты кейіпкер Айгүлдің: «Аспандап ұшқан ақ құстар-ау, білесіңдер-білмейсіңдер, бойыма біткен бар ақтығым мен пәктігімді сендерге сыйладым, ол аз болса, күміс қоңыраудай сыңғырлаған ән-үнімді қоса ұсынып, асыл мен жасыл қасиетімнің бәрін қарымта тілемей құрбан еттім. Аяққа жығылып сұрайтыным – айналып кеп, алақаныма бір қонып кетіңдер, асыл мен жасылдың бодауы, қайтқан қаруы сол болғай! Көп кергімей қонып кетіңдер [М.Қ.] деген монологы арқылы бала психологиясының тағы бір қырын аша түскен.

Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдерінің бірі – мінездеу. Шығармада кейіпкер характерін сомдау, оның кескін-келбетін, сөйлеу мәнері мен психологиялық көріністерін, мимикасын бейнелеу шығарманың желісі мен композициялық құрылымын жетілдіруде маңызы зор. Мысалы, Мен болсам ағайыма тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза болсам, күйіп-жанып дызақтап кетем. Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол үшін өзімді өзім же