Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму
Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк дамуТiл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бiрi қоғамдағы жалпы мәдениеттiң құрамдас бөлiгi болып табылатын тiлдердi оқытудың толыққанды жүйесiнiң тұрақты қызмет етуiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлi деңгейлерде және әр түрлi нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкiндiгiнше үздiксiз процесс болуға тиiс. Қазіргі уақытта Бұл саладағы негiзгi назар жеткіліктi көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтайлы әрi табиғи жолы болып табылатын әр түрлi оқу және тәрбие мекемелерiне аударылып отыр. Талап етiлетiн бiлiм мен дағдыны толық әрi терең игеру үшiн қажеттi үздiксiздiк принципi оқытуды мектепке дейiнгi тәрбие мекемесi — мектеп — жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Алайда аталған модель оның жоғары сапалық көрсеткiштерi бола тұра, талап етiлетiн сапалық аспектiнi, яғни халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарын кеңiнен қамтуды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Осыдан барып, республика азаматтарының тiлдiк даярлығын жүзеге асырудың басқа да жолдары мен тәсiлдерiн iске асыру қажеттiгi туындайды. Балалар әлеуметтiк коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу кезiнде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тiл даярлығында мектепке дейiнгi мекемелер зор рөл атқаруға тиiс. Сондықтан олардың санын көбейту жөнiнде мүмкiн болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда, қазақ тiлiнде оқытатын мектепке дейiнгi мекемелер жүйесiн кеңейтуге назар аударған жөн. Тiл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы бiлiм беретiн мектептер үлкен мүмкiндiктерге ие болып отыр. Бұл жерде маңызды проблемалардың бiрi оқушыларды отандық оқулықтардың жаңа буынымен қамтамасыз ету болып табылады. Бiрiншi кезекте Бұл қазақ тiлiнде оқытатын сыныптарға қатысты. Бүгiнгi таңдағы оқулықтар өзбек, ұйғыр және басқа тiлдердегi ұлттық мектептерге де қажет. Қазақстанның әлеуметтiк-мәдени жағдайына бейiмделген орыс тiлiндегi оқулықтар шығаруды ұйымдастыру қажет. Оқу орындары түлектерiнiң мемлекеттiң әлеуметтiк кеңiстiгiне одан әрi табысты кiрiгуi мақсатында оқыту тiлi мен меншiк нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында жетекшi пән болуға тиiс мемлекеттiк тiлдi оқытудың саны мен сапасына көңiл бөлу керек. Бұған қажеттi сағат саны басқа тiлдердiң есебiнен емес, оқу процесiн жалпы оңтайластыру нәтижесiнде бөлiнуге тиiс. Мемлекеттiк тiлдiң бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi жағдайы одан әрi де жақсартуды талап етедi. Бұл жекелеген пәндердi оқыту сапасымен қатар, олардың санына да қатысты. Елдiң бастауыш, орта және жоғары оқу орындары ұсынатын қазақ тiлiнде оқытылатын мамандықтар шеңберi мүмкiндiгiнше шаруашылық, мәдени, қоғамдық және басқа да қызметтер саласын қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтiлуге тиiс. Тiлдердi тиiмдi меңгеру саласындағы мүмкiндiктердi кеңейту мен тереңдету үшiн дәстүрлi оқу орындарындағы оқытумен қатар кейбiр басқа әдiстерде керек екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтың түрлi оқу орындарында оқу мүмкiндiгi жоқ ересек тобына қатысты. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы аталған топқа да қолданылуға тиiс. Өз бетiмен оқып-үйренуге арналған теле- және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тiлi сабақтарын өткiзудiң түрлi нысандары кеңiнен енгiзiлгенi дұрыс. Алайда, Бұл жерде басты бағыт мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытуға арналған тегiн тiл курстарының жүйесiн ұйымдастыру мен қолдану болуға тиiс. Мұндай курстар жұмыс орындарында арнайы нормативтiк актiге сәйкес құрылғаны жөн. Курстарда оқудың нәтижелiлiгiне мүдделіліктi арттырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеу керек. Курстарда оқудың нәтижесi қызметкердiң негiзгi кәсiби қызметiнiң нәтижелерiмен бiр деңгейде қаралуға тиiс. Аталған ереже тiл туралы заңдардың талаптары қолданылатын қоғамдық қызмет салалары үшiн мiндеттi болуға тиiс. Мұндай курстар сонымен қатар түрлi деңгейдегi әкiмияттарда ашылып, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуы мүмкiн. Курстарды ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржылай қолдау Қазақстан халықтары тiлдерiн қолдау қорын құрудың нәтижесiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тiлдiң қолданылуы қоғамдық өмiрдiң барлық саласында iс жүзiнде тұрақты болып отыр және мемлекеттiң күш-жiгерi бұл жерде осы жағдайды қолдауға бағытталуға тиiс. Қазақстан халықтарының тiлдерiн қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға конституциялық құқықты iске асыру жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету қажет. Ана тiлiн үйрететiн таңдаулы жексенбiлiк мектептер тәжiрибесiн жинақтау мен тарату мақсатқа сай келедi. Жексенбiлiк мектептерге мүмкiндiгiнше одан әрi қолдау, соның iшiнде кiтап және оқу-әдiстемелiк қорын құруға көмек көрсету керек. Елдiң орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлт тiлдерiн оқытатын мамандарды даярлау жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн. Ғылыми қамтамасыз ету Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру әлем тiлдерiн дамыту тәжiрибесiне сәйкес жаңа әлеуметтiк-мәдени және ғылыми болмыс аясында оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкiндiктерiн кеңейтудi талап етедi. Аталған саладағы негiзгi мiндет, терминологиялық шығармашылықты қоса алғанда, жаңа лексикалық бiрлiктердi енгiзу процестерiн бiрыңғайлау болып табылады. Терминологиялық жұмыстың негiзгi принциптерін тұжырымдау қажет. Терминологиялық шығармашылық жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет жүйесiнiң бiрыңғай принциптерiне сүйенген, орталықтандырылған ғылыми негiзделген болуға тиiс. Қазіргi қазақ әдеби тiлiнiң грамматикалық нормаларының бiрiздiлiгiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында орфографиялық кеңес құру мүмкiндiгiн көздеу қажет. Оның қатысуымен қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру жөнiндегi қызметтi жалғастырған жөн. Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты одан әрi дамыту талап етiледi. Бұл мақсатта диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңестер қызметiн кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге көшiру жұмыстарын жалғастыру қажет. Мемлекеттiк тiлдi дамыту мәселелерiн ғылыми қамтамасыз етуде А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты басым рөлге ие болуға тиiс. Осы мақсатта оның материалдық-техникалық базасын күшейту, мамандар құрамын ұлғайту, iргелi және қолданбалы лингвистикалық зерттеулердi әзiрлеуге мемлекеттiк тапсырысты кеңейту қажет. Институт лингвистиканың теориялық және қолданбалы мәселелерi бойынша сараптамалық бағалау мен қорытындылар беруде жетекшi орында болуға тиiс. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы тiлдiк даму Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық әрi көрiнiстi нысандарға айрықша назар аудару қажет, Бұл кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастар журналдары. Солардың арасында мемлекеттiк тiлде шығарылатын теле- және радио хабарлар, журналдар, көркем және анимациялық фильмдердiң жалпы саны мен сапасы егемен Қазақстанның қажеттiктерiн қанағаттандыра алмай отыр. Қоғамдық қызметтiң аталған саласында мемлекеттiк ынталандырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеп, енгiзу қажет. Мемлекет Бұл ретте белсендi позиция ұстануға тиiс. Бұл сонымен қатар мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру мәселелерiне, оны ғаламдық компьютер желiсiне енгiзуге қатысты. Мемлекеттiк тiлдiң жұмыс істеуiн қамтамасыз етудiң неғұрлым күрделi учаскелерiнiң бiрi халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл аталған саладағы тiлдiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң күрделiлiгiмен сабақтасып жатыр. Алайда, мемлекеттiк тілдiң денсаулық сақтау, сауда, көлiк және байланыс сияқты салаларға енуi мүмкiндiгiнше мұндай ықпал ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға болатын жерлерде іске асырылуға тиіс. Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, елдiң мамандандырылған оқу орындарында — жоғары, орта арнаулы және кәсiптiк оқу орындарында мамандарды тиiстi даярлауды кеңейту қажет. Одан басқа, аталған талаптар атқаруға тиiстi кәсiби мiндеттерiнiң қажеттiгiмен сабақтасып жатқан салаларда мемлекеттiк тiлдi меңгеру бөлiгiнде мiндеттi талаптарды белгілеу қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлiк ұйымдары, банктердiң есеп-кассалық бөлiмдерi жатады. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi — Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары) көзделген Iс-шаралар жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi орган Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру нәтижесiнде бұдан алдыңғы кезеңде болған өзгерiстердi ескере отырып, әрбiр келесi екi жыл сайын жасайды. Мұндай жоспарлау Бағдарлама ережелерiнде айқындалған ұзақ мерзiмдi стратегиялық перспективаларды міндеттi түрде ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс. Мұның алдындағы Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру тәжiрибесi орындалуы қысқа мерзімге есептелген іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру — шешiмi ағымдағы перспективада айқындалған мiндеттердi жүзеге асыруға орай әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы өзгерiстерге неғұрлым икемдi оңтайласуға мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Осындай ұзақ мерзiмдi перспективаны ескере отырып жасалған ағымдық жоспарлау барынша нақтылығымен және нәтижелерiнiң шынайылығымен ерекшеленедi. Сонымен бiрге, Бұл Тiкелей орындаушылардың жауапкершiлiгi мен Бағдарламада көзделген iс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн арттыруға жәрдемдеседi. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру оның қолданылуының аумақтық және әлеуметтiк тынысын кеңейтетiн аймақтық және салалық бағдарламалар елеулi рөл атқаруға тиiс. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру оны іс жүзiнде жү Скачать |