Алфавит - рухани бірлік негізі
Алфавит - рухани бірлік негізі Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар. Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес. Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ. Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт. Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым. Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. Саяси шарт – таңдалатын алфавит ұлттың рухани жадын дамытуға, саяси және рухани дара болмысын қалыптастыруға, ұлттық мемлекеттің, ұлттық идеологияның дамуына қызмет ету керек. Міне, осы үш түрлі шарттың бірі кем болса ол алфавит ұлтқа қызмет ете алмайды. Сонымен бірге техникалық прогрестің талаптарына толық жауап беретін артықшылыққа ие болуы да алфавиттің артықшылығы болып саналады. Алфавиттің техникалық және экономикалық тиімділігі, екінші орындағы шарттар. Жоғарыда айтылған негізгі үш түрлі шарт бірдей болғанда соңғы екі шартқа лайықты мән беруге болады. Біздің латын алфавитін қабылдауда қосымша шарттарды бірінші кезекте қарастырып отырған сияқтымыз. Өйткені, экономикалық факторлар өткінші сипатқа ие. Айталық экономикалық әлеуетіміз бекемделген соң тағы алфавит қабылдамаймыз ғой. Ал, техникалық артықшылықтарына келсек, әр алфавиттің өзіндік артықшылықтары бар. Бұл жерде шешуші фактор адам екенін ұмытпаған жөн. Жоғарыда аталған ең басты үш түрлі шартты негізге алғанда бізге ең тиімдісі көне түркі алфавитін жетілдіріп, пайдалануымыз. Оның себептерін нақтылап айтар болсақ: Бірінші қажеттілік көне түркі алфавитін жетілдіріп ұлттық алфавит ретінде пайдалану. Көне түркі алфавиті біздің тарихи төлтума алфавитіміз. Сонымен бірге дербес ұлт болудың бір шарты дербес тіл, дербес жазу, таңбасы болу. Бұл тұрғыдан да төлтума алфавитіміздің маңызы зор. 80-жылдарда батыс социологтары ХХІ ғасырдың соңында дүниеде 5-7 ұлт қана қалады. Ол ұлттар дербес тілі, дербес жазуы бар және оны сақтап дамыта алған ұлттар деп болжам жасаған екен. Сондықтан да дүниедегі көптеген ұлттар тіл, жазу мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Кезінде қытайда латын алфавитін аламыз ба, Қытайдың таңбалы жазуын сақтап қаламыз ба? деген мәселе төңірегінде қоғамдық талқы жүрген еді. Сонда қытай зиялылары ұлттық болмысызды жоғалтып алмаудың, ұлт ретінде жойылып, құрып кетпеудің бірден бір кепілі – қытайдың таңбалы жазуын сақтап қалу деп шешкен. Бір миллиардтан артық халқы бар, 5000 жылдық ұлттық тарихы бар қытайлар жазуымыздан айырылсақ ұлт ретінде жойылып кетеміз деп осынша алаңдап отырғанда, біздің ғаламдасудың қадамына ілесеміз деп ең негізгі ұлттық құндылықтарымыздың бірегейінен бас тартуымыз қандай батырлық. Ал, еврейлер ұлт ретіндегі даму болашағын кемелдендіру үшін әлдеқашан өліп қалған көне еврей тілін тірілтуге жан салуда. Сонда олар ағылшын тілі мен ағылшын алфавитінің артықшылығын білмей көрмей отыр ма? Әлде біздей танымай отыр ма? Жоқ, олар алфавит таңдаудағы тарихи шартты заң ретінде қабылдап, сол заңның талабына жүгініп отыр. Бұл тұрғыдан біз олардың озық тәжірибесін қабылдаудан бас тартпауымыз керек. Өйткені, біз зайырлы мемлекеттің өміршең мәдениетін қалыптасыру үшін күресіп жатқан елміз. Екінші дербес жазудың болуы – мемлекеттік құпияларды сақтаудың техникалық кепілі. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің де бір кепілі. Қазір біз компьютерде Американың программаларын қолданамыз. Сондықтан біздің компьютерлеріміздегі құпия деректеріміз сол программаларды жасаушылар мен оны жақсы білетіндер үшін «дайын аспен» тең. Жапондықтар өздерінің компютерлік жүйесін әлемге ашпай құпия ұстауда. Ол құпиялықтың басты кепілі жапон графикасының даралығы. Бүгінгі күні хаккэрлер емін-еркін кіре алмайтын дүниедегі бірден бір жүйе осы жапондықтарға ғана тән. Біздің ел даму үстінде және даму мүмкіндігі барынша мол ел. Сондықтан біз бүгінгі күннің талабын қанағаттандыру үшін емес, ертеңгі күннің асқақ мұраттары үшін де жауап бере алатын жол іздеуге тиіспіз. Техникамыз дамиды, саяси ықпалымыз күшейеді, біздегі техникалық, саяси және рухани құндылықтарымызға басқа елдер қызығатын болады, сонда өзімізді өзіміз қорғай алатын, өзімізде бар құндылықтарды басқалардың алдында бағалай алатын құралға ие болуға тиіспіз. Мұндай техникалық және рухани қорғаныстың іргетасы алфавиттен басталады. Үшінші ұлттық төл алфавиттің болуы – ұлттық дыбыстық ерекшеліктерімізді бұзбай таза сақтаудың және оны дамытудың жалғыз ғана кепілі. Табиғаты жат бөтен халықтардың дыбыстық ерекшеліктеріне арналған алфавиттердің қайсысы болса да біздің дыбыстық мүмкіндігімізге сәйкеспейді, соның салдарынан ұлтымыздың дыбыстық жүйесі бұзылады. Тіл қатынас құралы ғана емес – ойлаудың да құралы. Тіл ойдың қабы. Қабы бұзылған ой құтысы бұзылған аспен тең. Ойдың қабын таза сақтай алмасақ, ақыл-ойдың дамуы туралы сөз қозғаудың өзі артық. Орыс алфавитін қабылдаудан біздің кейбір дыбыстарымыз бұзылған. Айталық «ң» дыбысын айта алмайтындар мен ести алмайтындар қазақ жастарының үштен екісін құрайды. Олар «мың» деген сан есімді «мын» деп, «мең» деген зат есімді «мен» деп дыбыстайды. «Ң» деген дыбысты жеке айтсаң құйрығы бар «н» ба, құйрығы жоқ «н» ба деп сұрайды. Көптеген адамдар «і» дыбысының орнына «и» дыбысын, «ө» дыбысының орнына «у» дыбысын қолданады. Мысалы, Өмірбек деудің орнына «Умирбек» дейді. Темірді «Тимур»-ға алмастырады. «Ә» дыбысы адам аттарында қолданыстан шыққан. Оның орнына түгел «А» дыбысын қолданамыз. Мысалы, Әбдібекті «Абдыбек» дейміз. Төртінші ұлттық алфавиттің тарихи жазу болуы – тарихи жадымызды қалпына келтірудің ұлттық патриоттық сезімді жетілдірудің, отаншылдық тәрбиені сіңірудің ең тиімді жолы. Тарихымыз тереңде, көне түркілер біздің ата-бабаларымыз, олардан қалған мұралар біздің рухани байлығымыз деген сөздерді қанша мәрте естігенмен, жастардың бойында ол тарихтың өзінікі екеніне сенімі аз. Сенім болмаған соң нақты тарихи таным да қалыптаспайды. Тілі бөтен, өзі біле бермейтін жат алфавитпен жазылған бөтен мәдениет ретінде қабылдайды. Біздің жастардың көне түркі ескерткіштерін зерттеуге көп қызықпауының себебіде осында болса керек. Егерде ол ескерткіштердің жазуларын таныса, ол алфавитті өздері қолданып отырса тарихи мұраның рухын бойларына тез сіңіре алады. Ол мұралардың өздеріне ғана тиесілі мұра екеніне, онда жазылған тарих өз ата-бабаларының тарихы екеніне ақылы ғана емес жандары сенеді. Сенім күшейген жерде ұлттық тарихи жады да күшейеді. Ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім, отаншылдық рух, тарихқа, өз ұлтына деген құрмет осыдан қалыптасады. Бесінші көне түркі алфавитінің техникалық артықшылықтары. Латын алфавитіне көшуді жақтаушылар оның осы заманғы ғылыми техникаға икемділігін басты назарда ұстайды. Соның ішінде компьютерге кіргізуге қолайлы дегенді алға тартады. Алайда, бұл басты шарт емес. Жазудың қолайсыздығы жағынан дүниеде алдыңғы орында тұратын елдер Қытай, Жапон, Корей елдері. Мысалға қытайды алсақ, олар иероглифтерінің санына өздері әлі жеткен емес, қанша сөз болса сонша иероглиф бар. Бірақ олар біздің жазуымыз компьютерге кірмейді деп өздерінің тарихи жазуларынан жерінген жоқ, керісінше, жазуларын компьютерге кіргізе білді. Қытай жазуын компьютерде басу үшін алдымен ағылшынша транскрипсиясын жазып алып, сонан соң қытайшаға айналдырады. Сонда бас-аяғы 30 әріпті компьютерге кіргізе алмасақ, оны өзіміздің осалдығымызд Скачать |