Алпысыншы жылдардағы әдеби сын
Алпысыншы жылдардағы әдеби сынЛекция мақсаты: - Қазақ жазушыларының кітаптарының шетел тілдеріне аударылуы мен олар жайлы сын пікірлерге шолу жасау. Сұрақ:
Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде КПСС Орталық Комитетінің идеология мәселелеріне арналған қаулы-қарарларының сыни және ғылыми ой-пікірлері және шалыс басқан қадамдары. КПСС Орталық Комитетінің 1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институтының жұмысы туралы қаулысы, оның «Біріңғай ағым» теориясын түзетуге бағыт сілтеуге ниеттене отырып, өзі пролеткультшылдық әпербақандыққа айналып кетуі әдебиет тарихындағы азатшылдық идеяларды тұншықтырып, европоцентристік көзқарасқа іш тартып орыс әдебиетінің әсер-ықпалын орынды- орынсыз тықпалауы, ұлттық ерекшеліктерге назар аударылмауы. Мектеп оқулықтары мен хрестоматияларын қайтадан жасағанда социологиялық дөрекілікке жол берілуі. Қазақтың ауыз әдебиеті тарихын жасаудағы ізденістер. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1 том, 1948) шығуы, оның ғылыми-теориялық мәні, кемшіліктері, орынсыз датталуы. «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» — (1949) сыншылық ойдың ғылыми арна табуы, очерк жасаудың жөн-жобасы, эстетикалық талдаудың солғындығы мен біржақтылығы. Абайтану ілімінің негізін қалаудағы М.Әуезовтың творчестволық ізденістері, Абай творчествосы жөніндегі еңбектер. Жеке творчестволардың зерттеле бастауы, монографиялық еңбекке арқау болуы. Қазақ әдебиеттануында әдеби сын очеркінің қанаттануы, монографиялық зерттеуге барлау жасау процесі. Қазақ әдебиет сыны мен ғылымының жаңа толқын өнерпаз жастармен толысуы. КПСС XX съезі, оның қоғамдық өмірдің бар саласына, әсіресе әдебиеттану мен сынға жасаған әсері. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары: - «Кемелденген» социализм тұсындағы әдеби сынның өзіндік ерекшеліктері - Партиялық принципке негізделген социалистік реализм әдебиетінің түрлі теориялық еңбектері қандай? - Көп томды «Қазақ әдебиетінің тарихы» туралы не білесіз? Әдебиет:
Скачать |