Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары
Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастарыЖоспар
Абайдың құқықтық және саяси көзқарастары 3. Қорытынды 4. Әдебиеттер тізімі Абай Құнанбаев (1845-1904) Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ аулдарының арасына кең тарай коймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын қарамағандығы аулдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожа-молдаларды өз ауылын да ұстап, өз балаларын, оның ішінде Абайда Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3-4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлімінде «мүтәкәлимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін алараластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдибиеті классиктерінің шығармаларымен танынысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семйеде Абай ұзақ бола алмайды. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішіне осындай онерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. «Заманды қай жан билемек» дем өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды. Мұнысына кейін өкінгені «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» деген өлеңінен байқалды. Өмірінің ақырғы шағында, яғни 1903 жылда «Ойға тұстім, толғандым» деген өлеңінде өкінішін тереңдетіп, өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған тұста Абай ауыл арасындағы барымта, ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді кисық деп санап, бұларды тұзетуге де талаптанған. Бірақ бұл ниетінен іс шығара алмаған да, халқына пайдалы санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге кіріскен. Содан кейін «Көңілдін күйі тағы да, Өмірдін улап алды ішін, Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын» деп, біржола өлең жазу ісімен шұғылданған. Бұл шамасы, 80 жылдардың орта тұсы, Абайдың жасы — қырықты алқымдаған кез. Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен және алғашқы өлеңдерінен-ақ ақындық үшқыны шашырағанымен, біріңғай жазу жумысымен Абай жасы 40-қа жеткен кезде ғана айналысады. Өйтуіне өмір тәжиребесінің молаюы және көркем әдебиетке деген қөзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару ісіне жас өспірім кезінен араласқан Абай туған халқының тұрмысындағы сәулелі және көлеңкелі жақтарын түгел көріп, оның өмірін жан-жақты таниды. Халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсірмек болғанымен, бұл талабынан ол оншалықты нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп ойлаған істерін көркем сөзбен, әсірісе өлеңмен насихаттамақ болады. Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің ең күшті жанрлары шешендік сөз бен өлең-жыр болатын. Бірақ бұлар Абайды қанағаттандырмайды. «Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақыншы мал үшін тұрман зарлап» дейді ол. «Ескі бише бос мақалдап «дегенді Абай босқа айтпаған. Патриархты аулдың көне заманнан Абайға дейінгі дау істерін билер шешіп келген. Билік үстінде олар өз ара шешендік салыстырған, бірақ қай би әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ, қарасына қарамастан, сол жеңіп отырған. Қазақтың «Істің ағы білмейді, жігіттің бағы біледі» деген мақалы содан шыққан. «Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап «деуі қазақтың өлеңді ауызша шығаратын ақындардың көбі кедей болып, өлендерін күн көрістің құралына айналдырған; тындаушыларынан, әсіресе олардың байларынан ақы тілеген. Сондықтан да Абай оларды «Жат елде қайыршылық қылып жүрып, Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап» деп сөккен. Абайға дейінгі қазақтың байлары немесе атақтылары «руымыздан ақын мен бақсы шыққан жоқ» деп мақтанған. Өйткені ақындық кедейлердің күн көріс кәсібіне айналып, тілемсектік пайда болған. Содықтан Абай оларды менсінбей, «Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді қылған жоқтан қармап» деген . Ел ішінде аты ауызға ілінген дара ақындар шыға бастаған кезде, Абай олардан да мін тауып: «Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Олеңі бірі — жамау, бірі -құрау» деген. Халық жырларының эпикалық түрлерін айтатын жырауларды да жаңа заманға лайық көрмей, Абай «Батырды айтсам, елшауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, Әншейін күн өткізбек әңгемеге, Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап» деп, өз тұсының тыңдаушысына тигізе сойлеген. Қасқасы Абай қазақ ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын жөнінде көп нәр алғанымен, оның дәстүрлерін жаңа реалистік жазба әдебиетке шексіз үлгі етпеді.Оның көп қолданғаны — мақалдар мен мәтелдер. Бұларды өлеңіне ретін тауып қосып отырған. Мысалы, «Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп» деген мақалды өлеңінде «Берерменге бесеусің, Аларманға және алтау» деген түрде алған. Абайдың ислам діні тараған Шығыс елдері әдебиетімен жақсы таныстығы мәлім. Алғашқы бірер өлеңінде бұл әдебиеттің классиктерін пір тұтып, оларға сиынады да: «Иузи — раушан, көзі гауһар»,»Әлифби» тағы бірнеше қысқа өлеңдерін солардың үлгісінде жазады. Кейін «Масғұт» және «Ескендір» дейтін екі Шығыс хикаясын өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген Абай тәңріні тану жайындағы философиялық көзқарасын да өлең еткен. Шығыстың классикалық поэзиясының үлгілеріне үйренген. Алайда ол ислам ақындарының дінді уағыздайтын «мінажат» аталған щығармаларың үлгісінде аса көп ештеңе жазбаған. Абайдың жазу жұмысында үлгі көріп, сүйенері-алдымен орыс әдебиеті, әсірісе оның 19 ғасыры болған. Ахмет Ризаның Семейдегі медресесінен кетер алдында Абай үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де, Семеймен қатынасын ұзбей, ондағы орыстардан достар тапқан, әсіресе саяси көзқарастары үшін жер аударылған орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П. Михаэлиспен танысып, орысша білімін тереңдете түсүге жәрдем алған. Семейде айлап жатып және ауылға алып кетіп, Гоголь атындағы кітапхананың көп кітаптарын оқыған. Абайға ерекше жәрдем берген — өзінің туған інісі Халилолла (Халел) Өскенбаев. Ол орысша бастауыш білімді Семейде алған, одан кейін Омбыдағы кадет корпусында, Москваның Павлов атты әскери училищесінде оқыған. Замандастарының, әсіресе Г.Н. Потаниннің сипаттауында Халел әскери іспен қатар көркем әдебиетті де жақсы білген.Ол әскери қызметте жүргенде, жасы отызға жетпей қайтыс болған. Осы адамдардың ақылымен және өз ынтасымен Абай орысша кітаптарды көп оқыды. Бұлар — тек орыс авторларының шығармалары ғана емес, дүние жұзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының орыс тіліне аударылған енбектері. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философия және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Сол кездін атақты данышпаны Сократты да білетіндігі шығармаларынан көрініп отырады. Орыстың ойшыл ғалымдарынан Абайдың ерекше ұнатып оқығаны-В.Г.Белинскийдің енбектері. Оның эстетикалық қағидаларын өз шығармаларына таяныш қылып қолданған. Сайып келгенде, бұл қағидалардың айтары: өнер — өнер үшін емес, өмір үшін; көркем шығарманың міндеті — өмір шындығын қаз-қалпында сипаттау ; ақынның міндеті - өз заманының жыршысы болу. Көркем Әдебиетке осындай көзбен қараған Белинский орыс әдебиетінің 19 ғасырдағы өкілдерінен А.С. Пушкинді үлгіге тартқан. Оның айтуынша, Пушкиннен бұрынғы және онымен тұстас орыс жазушыларының бәрі Россия жерінде ағатын өзендер болса, Пушкин — солардың бәрін бойына жинайтын Еділ. Белинскийдін ойынша, өз ұлтын сүйген адам ғана бүкіл адамзатты сүйе алады. Белинскийдің бағасынша, орыс әдибиетін шын мағынасындағы бірінші ұлттық ақын — Пушкин. Белинскийдің бұл пікірін өз творчествосына нысана тұтқан Абай қазақтын бірінші ұлттық ақыны болған. Ол жазушылыққа үлкен тәжірибемен және теориялық даярлықпен кірісті. Көркем әдебиеттің теориясына жетік, оның өркендеуіне жөн сілтейтін адамның бәрі бірдей ақын я жазушы бола алмайды. Жазушылық, яғни көркем ойлап, сол ойын ауызша айта аларлық немесе қағазға түсіре аларлық дарын — адамның бойына табиғат беретін сый. Абай — осындай дарын иесі. Оның ойынша, ақындық — адамға «тәңірінің берген өнері», ол кез келген жерде таси бермейді, шабыт келген сәттерде ғана, яғни ақынның не қуаныш, не қайғыға батқан шақтарында ғана келеді. Абайдың өмір жолы М.Әуезовтің романдары мен зерттеулерінде толық бейнесін тапқан. Абайша, ақындықтың құралы — тіл,»Өткірдің жүзі, Кестенің бізі», яғни көркем өнердін басқа түрлерінің ешбір құралы тілдей өткір бола алмайды. Осындай ұғымдағы Аб Скачать |