Іс құжаттарының жіктемесі
Іс құжаттарының жіктемесіБасқару құжаттарын жіктеудің көптеген тәсілі бар. Олардың бірқатары мынадай: 1) мазмұны бойынша (жіктеудің маңызды түрі) – бұл: - әкімшілік мәселелері бойынша; - материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері; - жоспарлау; - бухгалтерлік есеп; - кадрлар даярлау; - сыртқы сауда қызметі және т.б. бойынша құжаттар болуы мүмкін. 2) Құжаттар шығарылуына қарай екіге: ресми және жеке құжаттарға бөлінеді. Ресми құжаттарды белгілі бір ережелер (стандарттар) бойынша ұйымдар немесе лауазымды тұлғалар жасайды. Ресми құжаттарға адамның жеке басы мен құқықтарын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ биографиялық сипаттағы деректері бар құжаттарды да (төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.) жатқызады. Жеке құжаттарды адамдар өздерінің қызметтік міндеттеріне қатыссыз жасайды. 3) Құжаттар жасалу орнына қарай: Сыртқы – мекеме алған (келіп түскен) немесе олар басқа жаққа жіберген (жіберілетін) және Ішкі – осы мекемеде жасалған және оның ішінде қолданылатын құжаттар болып бөлінеді. 4) Атауы бойынша басқару құжаттары көптеген түрге бөлінеді, мысалы, актілер, сауалдамалар, ведомостер, хаттамалар, нұсқаулықтар, есептер, бұйрықтар және т.б. Скачать |