Іс қағаздарының номенклатурасы
Іс қағаздарының номенклатурасыКез келген ұйымның күнделікті қызмет барысында түрлі құжаттар түзіледі. Олар: бұйрықтар, келісім-шарттар, бағдарламалар, жоспарлар, жұмсалатын қаржы сметасы, есеп берулер және т.б. Мұнымен қоса әрқилы іскерлік байланыстар бойынша өзге ұйымдардан да құжаттар келіп түсіп жатады. Уақыт өткен сайын олардың қатары көбейіп, көлемі ұлғая беретіндіктен қажетті құжаттарды іздеп табу ісі де күрделене түседі. Тіпті бірте-бірте ол проблемаға айналады. Құжат ұйымда түзіліп немесе бір жақтан келіп түскеннен кейін, бұл фактіні тіркеуге алу қажеттігі туады. Өйткені тіркеу осындай құжаттың бар екендігін немесе болғандығын дәлелдеу үшін керек. Бұл операция құжат жайлы тиісті мәліметтерді жазу және оған тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырылады. Құжаттың тіркеуге алынуын қамтамасыз ететін жұмыс техникасы классификациялау және индекстеу процестерін қамтиды. Классификациялау мен индекстеу құжаттарды тиісінше салаларға бөліп, топтастыруға және маңыздыларын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл және барлық құжат кешенінің логикалық құрылымдарын өзіндік ерекшеліктеріне қарай реттеуге, анықтамаларды дұрыс пайдалануға көмек береді. Ұйымда жасалған және сырттан алынған құжаттардың құндылықтары біркелкі болмайды. Бір құжаттар бар, тұрақты түрде және ұзақ уақыт қолданыстан түспейді, енді бір құжаттар бар, аз ғана уақыт қолданылғаннан кейін қажеттілігі біртіндеп азая бастайды. Яғни қысқа ғана уақыт пайдаланылады. Егер құжаттарға уақтылы сараптама жүргізіліп, құндылығы аз ақпараттарды жоюға бөліп отырмаса, онда ұйымда көп ұзамай қосымша қаржылық және материалдық шығындарды қажет ететін үлкен мұрағаттық материалдар жиналып қалады. Бірақ қолда құжаттарды іріктеу ісін жүргізуге негіз болатын нормативтік құжаттар болуға тиіс. Өйткені құжаттарды заңсыз түрде жою – қылмыс. Ең соңында ұйым жұмыс барысында түзілген құжаттар мен істердің жоғалып кетпеуі үшін олардың тиісті есебін жүргізіп отыруы қажет. Бұның барлығы да жоғарыда аталған проблемаларды болдырмас үшін әмбебап нормативтік құжат қажет екенін аңғартады. Міне, осы құжаттың аты істер номенклатурасы деп аталады. Қазақстан Республикасының СТ 1037-2001 « Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» деп аталатын Мемлекеттік стандартында былай деп көрсетілген: «Істер номенклатурасы: ұйымда пайда болған, сақталу мерзімдері көрсетіліп, белгіленген тәртіпте ресімделген істер атауларының жүйеленген тізбесі». Істер номенклатурасы істердің классификациялануын, индекстелуін, жүйеленуін және сақталу мерзімдерін ресми бекітеді, сондай-ақ ол алғашқы есепке алу құжаты болып табылады. Құжаттардың ақпараттық мәні оларды бірнеше топқа бөлуге мүмкіндік береді. Бүкіл ұйымның, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің негізгі қызметін көрсететін ақпараттары бар құжаттар (басшылық, жоспарлау, қаржыландыру, өндіріс, маркетинг, бақылау және т.б.) неғұрлым бағалы құжаттар болып есептеледі. Тағы бір құжаттар бар, олар көмекші, қосалқы сипатта болып келеді. Бұл топтағы құжаттардың басым көпшілігі оперативтік, бухгалтерлік есеп беру және есеп-қисап, өндірістің, құрылыстың, жөндеу жұмыстарының, жабдықтаудың екінші дәрежелі мәселелері, әкімшілік-шаруашылық істеріне қатысты кейбір мәселелер қамтылған құжаттар. Бұлар уақытша анықтамалық мәнге ие. Жеке құрам бойынша құжаттар өз алдына дербес бір топты құрайды. Олар қызметкерлер мен сырт мекемелердің қызмет фактілерін, жұмыс стажын, еңбекақы мөлшерін, зейнетақы көлемін, оқу орындарына қатыстылықты т.б. куәландыру туралы жеке сұраныстарын орындау үшін қажет. Бұл құжаттардың қамтитын уақыты шамамен бір ұрпақтың өмірі ұзақтығымен пара-пар болады. Құжаттар орындалғаннан кейін іске топтастырылады (тігіледі). Іс – мекеме қызметінің белгілі бір мәселесіне арналған және тиісті тақырыбы бар жеке мұқабалы папкаға тігілген құжаттардың жиынтығы (мысалы, басқаруға, жоспарлауға, қызмет көрсетуге, жабдықтауға, кадрға, өткізуге және т.б. жататын құжаттар). Құжаттарды кейіннен істен жылдам тауып алу және оларды басқару мақсаты үшін тез пайдалану үшін істердің болжамды тақырыптарының тізімі жасалады. Ол іс номенклатурасы деп аталады. Іс номенклатурасы іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесінде жазылған ережеге сәйкес жасалады. Нәтижесінде, құжаттар орындалғаннан кейін ол үшін алдын-ала номенклатурада көзделген іске тігіледі. Іс номенклатурасының екі түрі бар – типтік номенклатура және нақты іс номенклатурасы. Типтік іс номенклатурасы қызметі біртектес мекемелер үшін іс атауларының тізімін белгілейді. Типтік номенклатураларды ведомостволар көп жылдық құжат ағынын талдау негізінде өзіне қарасты ведомостволар үшін жасайды. Мысалы, Білім министрлігі ЖОО-на типтік номенклатуралар жасап, жібереді. Типтік іс номенклатурасы нақты іс номенклатурасын жасау үшін ақпараттар көзі болып табылады. Нақты іс номенклатурасы нақты бір кәсіпорынның немесе мекеменің іскерлік қызметінің нәтижесінде пайда болатын іс атауларының тізімі. Нақты іс номенклатурасын жасаумен кәсіпорынның іс қағаздарын жүргізу қызметі айналысады. Номенклатура: - қызмет барысында құралған құжаттарды зерттеу негізінде; - мекеме қарайтын ведомостводағы типтік номенклатурада ұсынылған бөлімдер негізінде жасалады. Алдымен құрылымдық бөлімшелердің номенклатурасы жасалады, мұнда істің атаулары ғана тізілмейді, сонымен бірге оларды мұрағатта сақтау мерзімі де белгіленеді, содан кейін кәсіпорын кеңсесінің басшысы жиынтық іс номенклатурасын жасайды. Мекеменің жиынтық іс номенклатурасы бекітілгеннен кейін бұл құжат кәсіпорынның барлық бөлімшесіне жіберіледі де орындауға міндетті құжатқа жатады. Іс номенклатурасынан тыс іс жүргізуге жол берілмейді. Жоғары оқу орындары үшін типтік номенклатураның үлгісі қосымшада келтірілген. Бір іске тақырыптарына сәйкес бір түрлі құжаттар тігіледі, мысалы: ● мекеменің негізгі қызмет бойынша бұйрықтары; ● мекеменің әкімшілік-шаруашылық қызметі туралы бұйрықтары; ● бір іске әртүрлі құжаттар тігілуі де мүмкін, мысалы, ● актілер, іс қағаздарының жай-күйін тексеру анықтамалары және іс қағаздарын ұйымдастыру жөнінде жазысқан хаттар немесе ● сот органдарына және милицияға қылмыстық және азаматтық істер бойынша берілетін актілер, баяндау жазбалар, анықтамалар, мінездемелер, т.б. Құжаттардың негізгі үш тобын айқындай отырып, енді оларды классификациялау мәселесіне көшейік. Құжаттарды классификациялау дегеніміз – бұл оларды ұқсастықтары мен айырмашылық белгілеріне қарай бөлу деген сөз. Классификациялау жұмысы істерді (файлдарды) топтау үшін жүргізіледі. Топтау – құжаттарды іздеп табуды жеңілдету, олардың сәйкестендірілуін қамтамасыз ету, маңыздылық деңгейін белгілеу және осы негізде сақтау мерзімін айқындау, сондай-ақ құжаттың қол жеткізілуі мен ақпаратының қауіпсізділігі статусын тіркеу үшін қажет. Классификациялау ісі жалпыдан жекеге қарай жүргізіледі. Бұл жұмыс құжаттардың жалпы кешеніне тән негізгі ерекшеліктері бойынша бөлуден басталып, жекелеген, ең ұсақ топтарға тән белгілерге қарай бөлумен аяқталады. Классификациялаудың бірнеше негізгі белгілерін бөліп атауға болады. Құрылымдық белгі – бұл құжаттардың құрылымдық бөлімшелерге қатыстылығы тұрғысынан топтау кезінде пайдаланылады. Мәселен, «басшылық», «жоспарлау-қаржы бөлімі», «маркетинг бөлімі», «кадрлар жұмысы бөлімі». Құрылымдар негізі ретінде ұйымның штаттық кестесін алуға болады. Егер ұйымда құрылымдық бөліну жоқ болса, онда салалық, функционалдық, тақырыптық немесе пәндік-мәселелік белгілер қолданылады. Яғни істер қызмет бағыттары мен функциялары бойынша, тақырыптар немесе құжаттар қамтитын мәселелер бойынша топтастырылады. Істерді топтастырудың номиналдық (түрлік) белгісі құжаттардың қандай түрге жататындығына қарай топтастырылған кезде қолданылады. Көптеген функциялар мен қызмет бағыттары қатаң түрде белгіленген құжат түрлері бойынша құжаттау арқылы ресімделеді. Бұлар: жарғылар, ережелер, қаулылар, бұйрықтар, өкімдер,хаттамалар, стенограммалар, штат кестелері, жоспарлар, есеп берулер, ақпараттар, қызмет бабындағы хаттар т.б. Классификациялаудың авторлық белгісі істерді бір авторға – ұйымға, заңды немесе жеке тұлғаға қатыстылығы тұрғысынан топтастырған кезде пайдаланылады. Классификациялаудың корреспонденттік белгісі істерді қызмет бабы бойынша қатынас хаттар, қатынас қағаздар алмасатын ұйымдардың немесе тұлғалардың аттарына орай топтастыру кезінде қолданылады. Географиялық белгі арқылы істерді авторлармен, ақпараттың немесе құжаттың мазмұнымен байланысты белгілі бір территориялар бойынша топтастырады. Хронологиялық белгі – істерді уақыт кезеңдеріне сәйкес топтастырады. Мәселен, жылдық жұмыс жоспары, тоқсандық жұмыс жоспары, айлық жұмыс жоспары. Кейде істерді топтастыру кезінде өзге де белгілер: құжаттардың түпнұсқалылығы немесе көшірмелілігі, құжаттардың әзірленген тілі (шет тілдер) пайдаланылуы мүмкін. Бұл белгілер жоғарыда аталған белгілерден гөрі едәуір сирек қолданылады. Классификациялаудың негізгі принциптерін анықтап алғаннан кейін, істер номенклатурасының өзін жасауға кірісеміз. Істердің жиынтық номенклатурасы құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тарапынан немесе осы міндет ресми түрде жүктелген лауазымды тұлға тарапынан әзірленеді. Ұйым басшысы әрбір құрылымдық бөлімшеге өкімдік құжат арқылы шартты белгі (цифрлық, әріптік немесе әрі цифрық әрі әріптік аралас белгі) тағайындайды. Мәселен, 01 – басшылық, 02 – жалпы бөлім, 03 – жоспарлау-экономика бөлімі т.б. Әрбір іске де осылайша олардың индекстері белгіленеді. Индекстер істердің және құрылымдық бөлімшелердің реттік нөмірлерінен тұрады. Мысалы, 01-05. Істердің индекстері мекеменің іс қағаздарын жүргізу қызметіндегі құжаттарды ұйымдастыру жүйесін бекітеді. Номенклат Скачать |