50-90 жылдар аралығында әдебиет саласында жүргізілген ғылыми жұмыстарды сала-саламен шолу
50-90 жылдар аралығында әдебиет саласында жүргізілген ғылыми жұмыстарды сала-саламен шолуЛекция мақсаты: - 50-90 жылдар аралығында әдебиет саласында жүргізілген ғылыми жұмыстарға шолу жасау. - Халық ауыз әдебиетінің зерттелу жайын анықтау. Сұрақтар:
Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары. Қазақ эпосын (Р.Бердібаев, О.Нұрмағанбетова, Ш.Ыбыраев), халық өлеңдерін (Б.Уахатов, А.Сейдімбеков), ауыз әдебиетіндегі қара сөз үлгілерін (С.Қасқабасов), шешендік сөздерді (Б.Адамбаев), дастандық поэмаларды (Б.Әзібаева) жанрлық жағынан зерттеу. Халық ақындарының және Жамбылдың шығармашылығына арналған еңбектер (М.Жолдасбеков, Н.Төреқұлов). Фольклордың көне түрлері, тарихилығы проблемалары жайлы фольклортанудың тарихына арналған зерттеулердің шығуы. Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу мен дәуірлеу. Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалы мен жалпытүріктік байланыстар (М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева, Х.Сүйіншәлиев). «Мұхаббат-наме», «Оғыз-наме», «Қорқыт ата», «Диуани хикмет» (Иассауи), «Құтты білік» (Баласағұн), «Түркі тілі сөздігі»(Қашғари), т.б. кітаптардың қазақ тіліне аударылуы. Осы саладағы зерттеулер. Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті (М.Мағауин) проблемаларының зерттелуі. Олардың қазақ әдебиеті тарихын кеңейтудегі ролі. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары шығармаларын жариялау мен зерттеу саласындағы жұмыстар. Дулат, Шортанбай, Мұрат, Ә.Кердері шығармашылығына жаңа көзқарас. Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектер (Ә.Марғұлан, Ш.Сәтбаева, З,Ахметов, Қ.Мұхаметқанов, Ж.Ысмағұлов, М.Мырзахметов). Абайтанудың тарихы, ондағы қайшылықты жағдайлар. Абай мұрасы жайлы Қ.Жұбановтың, М,Әуезовтың еңбектері. С.Мұқановтың зерттеуі. Соңғы жылдардағы зерттеулер. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі (Б.Кенжебаев). Бұл саладағы жаңа еңбектер. А.Байтұрсынов пен М.Дулатов шығармаларының басылуы. Олар жайлы зерттеулер. Ш.Құдайбердиев (Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиұлы). С.Торайғыров (А.Еспенбетов), Ғ.Қарашев (Қ.Сыдиқов), М-Ж.Көнеев (С.Дәуітов) шығармашылығына арналған жаңа зерттеулер. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары: - Фольклордың көне түрлері, тарихилығы проблемалары жайлы фольклортанудың тарихына арналған қандай зерттеулерді білесіз? - Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалы мен жалпытүріктік байланыстар жөнінде айтып беріңіз. - Абайтанудың тарихы, ондағы қайшылықты жағдайлар туралы әңгімелеңіз. Әдебиеттер тізімі:
Скачать |