Программаға код қосу
Программаға код қосуПрограммалық код тек проектілеу режимінде ғана қосылуы мүмкін. Егер программа орындауға жіберіліп қойса, кодты қосу алдында оны тоқтату керек. Бұны Run менюінен End командасын таңдау арқылы немесе орындалудағы программа терезесін басқа тәсілмен(мвсалы, оның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «х» белгісін шерту) жабу арқылы жүзеге асыруға болады. Код – бұл Visual Basic программалау тілінде жазылған инструкциялар тізімі. Олар программаның қолданушының қандай да бір әрекетіне жауап беру сипатын анықтайды. Яғни код бұл программаның қандай да бір визуальді компонентінің жағдайына реакциясы болып табылады. Әрбір осындай жағдай белгілі ьір атауға ие. Және де жағдайлар тізімі формада орналасқан элементтерге немесе фйорманың өзіне тәуелді. Мысалы, қолданушы тышқанмен Command1 батырмасын шерткенде Command1_Clickжағдайы, ал форманың жүктелуі кезінде Form_load жағдайы пайда болады. Visual Basic – те программалау басқа программалау тілдеріне, мысалы С және С++ қарағанда күрделі емес. Сонымен, программаға кодты кодты қосу үшін форма терезесінен код терезесіне ауысу қажет. Ол үшін проект (Project) терезесіндегі сол жақтан бірінші View Code пиктограммасын шерту жеткілікті. Одан кейінгі (View Object) пиктограмманы щерту керісінше код терезесінен конструкциялау терезесіне көшуге мүмкіндік береді. Программаның код терезесінің негізгі бөліктерін қарастырайық. Тақырып жолағынан кейін тізімі бар екі өріс орналасқан. Біріншісінде формада орналасқан барлық компоненттердің аттары және форма аты болады. Кез келгенін таңдағанннан кейін оң жақ тізімде мүмкін болатын жағдайлардың аттары бейнеленеді. Қандай да бір жағдайды сипаттау алдында тізімнен оның атын таңдау керек. Осыдан кейін Visual Basic жағдайды өңдеу процедурасын құрады. Мысалы, егер қарастырылып отырған мысалда Command1 батырмасы үшін Click жағдайын таңдасақ, онда программа коды терезесінің жұмысшы бөлігінде төмендегідей дайындық пайда болады: Private Sub Commsnd1_Click() End Sub Бірінші жол процедура аты. Ал, соңғы жол End Sub оның соңын білдіреді. Бұл сатыда программистің жұмысы осы екі жолдың арасын.а программа кодын қосу болып табылады. Код Visual Basic-тің бір немесе бірнеше операторынан тұруы мүмкін. Бұл операторлар программаның орындалуы барысында Command1 атты батырмасының басылу жағдайы жүзеге асырылғанда орындалады. Мысалы, батырманы басқанда Text1 тексттік өрісінде «Бәріне сәлем!» жазуы пайда болуы үшін, қарастырылып отырған жағдайдың өңдеу кодына келесі түрдегі операторды жазу керек: Text1.Text=«Бәріне сәлем!» Осылайша формадағы Command2 батырмасының басылу жағдайының өңделу кодын құруға болады. Мысалы, Private Sub Command1_Click ( ) Text1.Text= «Сау болыңыз!» End Sub Бұл жағдайда программа жүктелгеннен кейін Command2 батырмасын басқанда тексттік өрісте «Сау болыңыз!» жазуы пайда болады. Скачать |