Объектілі - бағытталған программалау. Инкапсуляция, тұқым қуалау, полимарфизм.
Объектілі - бағытталған программалау. Инкапсуляция, тұқым қуалау, полимарфизм.VBA (Visual Basic for Applications) – объектілер мен оның атрибуттарын басқаруға арналған программалау тілі болып табылады. VBA Visual Basic тілінің тобына жатады. Қандай да бір қолданбалы программаға кіріктірілуі – сол программаға қатысты объектілі моделді құру болып табылады, яғни құрылған VBA программа сол программаның объектілерімен байланыстырылып, оларды тиімді басқаруға ықпал етеді. Excel, Word, Access орталарында жұмыс жасап үйренген қолданушылар үшін үнемі жаңа мәселелер, яғни қандай да бір әрекеттерді барынша тез әрі тиімді, жеңіл орандауға болатын жолын табу мәселесі туындап отырады. Осы мәселені шешу үшін Visual Basic for Applications қолданылады, бұл қарапайым программалау тілі мен әрбір қолданбалы программалардың мүмкіндіктерінің үйлесімділігі. VBA-да әр түрлі қосымша құруға болады, мұның формалар мен қосымшалардың интерфейсін басқару элементтерін қойып құрастыратын арнайы графиктік ортасы бар. VBA 60-шы жылдары пайда болды. Basic тілінің қазіргі программалау тілінің дилекті болып табылады. Basic тілінің бірнеше версиясы болды. Ал, 1992 жылы Microsoft ортасы Windows операциялық жүйесіне кіріктірілген және қазіргі жаңа мүмкіндікпен толықтырылған версиясын, яғни VBA-ны шығарды. Мұнда Windows-да қажетті элементтерді: диалогты терезелерді, меню сызғыштарын, саймандар тақтасын т.б. элементтерді құруға және басқаруға мүмкіндік беретін командаларды орындайды. Бұл VBA – Windows-ға арналған программалау тілі. Әрбір қосымшаның өзінің объектілерінің жиынтығы болады. Әрқайсысы өз ортасында және сәйкес кодтарында қолданыла алады. Кодтары кез-келген қосымшада сәйкес модуль түрінде анықталады. Модуль әрбір әрекетті сипаттайтын ішкі программмалардан тұрады. Инкапсуляция. Қосымшалардағы элементтер жұмысшы кітап және беттер, ұяшықтар, құжаттар немесе тексттің белгіленген бөлігі, жазбалар т.б. элементтер – объектілер болып табылады. Бұл объектілердің әрқайсысының өзіне тән сапасы, сипаттамасы және әрекеттері, оқиғалары бар. Программалау барысында объектілер қарастырылады, олай болса, VBA-да объектілі-бағытталған программалау жүргізіледі. 80-ші жылдардың ортасында комплекстік программалауда жаңа концепция – объектілі-бағытталған программалау пайда болды. Объектілі-бағытталған қосымшада мәндер мен программалық кодтар тұтас бір байланысқан объект ретінде қарастырылады, ал бұл құрылымды мәндер мен осы мәндері қолданылып әрекеттерді ұйымдастыру, өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Мәндер мен процедураларды біріктіру процесі инкапсуляция деп аталады және объектілі-бағытталған программалаудың негізгі қасиеті болып табылады. Осы процесс көмегімен әрбір объект қалғандарынан оқшауланады. Объектінің қасиетін өзгерту арқылы объектінің сипаттамасын өзгертуге болады. Қасиетінің мәнін өзгерту – бұл объектінің басқару тәсілдерінің бірі. Объектінің қасиетінің мәнін орнату синтаксисі төмендегідей: <Объекті>. <қасиеті> = <өрнек> Мысалы Range ("А2"). Value=0.5 ал, мәнін алу немесе оқу синтаксисі: <Айналымы> = <объект>. <қасиеті> Мысалы, x = Cells (1,1).Value Әдістер Әдістердегеніміз объектіге қолданылатын іс-әрекет, қимылдар. Мысалы, диалогты экранда көрсету немесе экраннан алып тастау. Әдісті қолдану синтаксисі: <Объект>. <Әдіс> Мысалы, Application. Quit Әдістер екі топқа бөлінеді: Public және Private. Public әдістер ("көрінетін") – объектіге қатысты сырттан шақырылып қолданылатын процедуралар. Private ("көрінбейтін") әдістер – кейбір амалдарды орындау үшін Public әдістерде қолданылатын ішкі процедуралар. Кластар мен объектілер Класс – объектінің шаблоны, яғни класс объектінің түрін және оның іс-қимылын анықтайды. Ал, объект кластың экземпляры болып табылады. Экранға қойылатын объектілер қолданушы интерфейсінің объектілері деп аталады. Қолданушы көріп тұрған объектілерді, интерфейстің визуальды элементтері деп те атайады. Хабарламалар және оқиғалар Объектілер жұмыс жасауға команда алады және хабарламалар арқылы мәндерді қабылдайды. Хабарламалар дегеніміз – процедураны шақыру. Хабарламалар мен оқиғалар арасында тікелей байланыстар бар. Оқиға дегеніміз - жүйедегі қандайда бір іс-қимыл, нәтижесінде хабарлама жасалады. Мысалы, перненің басылуы, тышқанның жылжытылуы, сәйкес объектінің іс-қимылын анықтайды, яғни оқиғалар. Тұқым қуалау Жаңа класс құру барысында оны базалық кластың немесе кластардың ұрпағы ретінде анықтауға болады. Мысалы, А класы анықталған десек, ал В А класының ұрпағы ретінде қарастырылса, онда В класында автоматты түрде А класының айнымалылары мен әдістері анықталған болады. Және А класы В класының бабасы деп аталады. Егер бір класс бірнеше кластардың ұрпағы болса, онда мұндай тұқым қуалау жиындық деп аталады. Полиморфизм Тұқым қуалау барысында қандай ретпен таралғандығына байланысты туындаған объектте қандай әдістің қолданылатыны белгілі, мұны полиморфизм деп атайды. Скачать |