Мәтіндік редактор


Мәтіндік редактор

 

Текстiк құжаттар редакторы – офистік программалардың кең қолданылатын түрі. Қазіргі кезде кең таралған текстiк редактор – MS Word болып табылады.MS Word – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы. Ол – текстік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алады.  

Word редакторының мүмкіндіктері:

·  Текстті шекаралары бойынша автоматты түрде түзету;

·  Автоматты түрде сөздерді тасымалдау;

·  Сөздердің дұрыс жазылуын тексеру;

·  Белгілі бір орнатылған уақыт аралығында текстті сақтау;

·  Санаулы минуттарда іс қағаздарын, резюме, автобиография, факс және т.б. көптеген құжаттарды құруға мүмкіндік беретін шаблондардың болуы;

·  Берілген сөз немесе текст фрагментін іздеу, оны көрсетілген фрагментпен ауыстыру;

·  Ішкі буфер арқылы жою, көшіру мүмкіндіктері;

·  Тексттке автоматты түрде құрылған күнін, уақытын, жазған адамның атын және т.б. қосуға болады;

·  Макрокомандалардың көмегімен текстке мәліметтер қорын немесе графика обьектілерін, *.wav форматындағы музыкалық модульдерді қосуға болады.

Тестік редакторлар жазу машинкаларына қарағанда тексті көркемдеудің көптеген мүмкіндіктеріне ие. Ішкі тақырыптарды, абзацтарды, жолдар арасындағы үлкейтілген аралықтарды, шрифт түрлерін, астын сызуды т.б. қолдану текст мазмұнының әсерлілігін арттырады. Дегенмен бір құжатта әр түрлі гарнитур шрифтерін көп қолданбаған дұрыс, себебі ол текст мазмұнын қабылдауды қиындатады. Бір мезгілде 2-3 шрифтен артық қолданбаған жөн. Мәтіндегі маңызды бөліктерді көрсету үшін әр түрлі түстерді қолдануға болады. Егер текст ақ-қара принтерде шығарылатын болса, кейбір түстер баспаға шығару кезінде қоңыр түс беріп, текстті оқуды қиындататынын есте ұстау керек. Тексті бөлу үшін рамкаларды қолдануға болады. MS Word құжат құрумен бір мезгілде орфографиялық тексеруді жүзеге асырады және қате терiлген сөздер болса, таныс емес сөздердің астын толқынды қызыл сызықпен сызып шығады. Грамматикалық тексеру дұрыс қойылмаған тыныс белгілерін, сөздердегі үйлесімсіздік және басқа қателерді анықтайды.

Тексті енгізудің екі режимі бар - қою және ауыстыру. Режимдерді ауыстырып қосу Insert пернесінің көмегімен жүзеге асырылады. Backspase пернесі курсордың сол жағындағы қате символды өшіреді, ал Delete пернесі курсор тұрған позициядағы символды өшіреді, оң жақтағы қалған символдар солға жылжиды. Енгізілетін символ қою режимінде автоматты түрде жолды жылжытады немесе ауыстыру режимінде символды алмастырады. Ағымдағы жолдың соңына жеткен кезде курсор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Enter пернесі абзацтың соңына жеткен кезде басылады.

Құжаттарды форматтаудың мынадай үш типі бар:

·  Символдық (шрифтік көркемдеу)

·  Құжат абзацын форматтау

·  Құжат беттерін (немесе бөлімдерін ) көркемдеу 

Шрифт- қандай да бір алфавит әріптерінен және белгілер мен цифрлардан құралған литерлер жиынтығы.

Шрифт сызылымынемесе гарнитура - шрифтің графикалық ерекшеліктері.

Шрифт көлемі- пункттермен берілетін шрифт биіктігі. Пункт - полиграфияда қабылданған өлшем бірлігі. 

Құжатты баспаға шығару үшін шрифт таңдау кезінде негізгі критерий оның оқуға ыңғайлылығы болып табылады. Таңдалған шрифт оқушы назарын құжат мазмұнынан алаңдатпауы тиіс.  

Текст фрагменттерін көркемдеу технологиясы құжатты өңдеушіге форматтауды екі тәсілмен жүргізуге мүмкіндік береді:

·  текстті теріп болғаннан кейін;

·  көркемдеудің қажетті атрибуттарын теру процесіне дейін беру. 

Символдық көркемдеудің параметрлері: шрифт типі (гарнитурасы), шрифт символдарының кеглі (биіктігі), литерлердің сызылымы, астын сызу, символдар түсі, бекітілген жол сызығына қатысты символдардың орналасуы (жоғарғы және төменгі индекс).

Абзацқұжаттың негізгі құрылымдық элементтерінің бірі болып табылады. Абзац атрибуттары:

·   жол шекараларын туралау типі, жолдар шегінісі, жоларалық интервал;

·   жиектеу және текст фонының түсі;

·   абзац мәтінінің құжат беттерінде араласа орналасуы. 

Туралаудеп абзац текстін берілген сол және оң жақ шекаралар аралығында орналастыру тәсілін айтамыз. Абзац текстін туралаудың төрт тәсілі қолданылады: солға қарай, оңға қарай, ортаға қарай және екі жақ шетіне туралау. Өріс деп текст мен парақ шетіне дейінгі ара қашықтық аталады. Абзац шегінісі тексттің өрістен ара қашықтығымен анықталады. Абзац шегіністері бір абзац текстін екіншісінен бөлуге немесе құжаттағы жеке абзацтарды визуалды түрде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 

Жоларалық интервал- бұл абзацтағы жолдардың бір-бірінен ара қашықтығы. Жоларалық интервал шамасы не жолдармен, не дәлірек болуы үшін пункттермен беріледі. 

Стиль- ат беріліп және шаблонда есте сақталатын текстті көркемдеудің сипаттамасы. Егер көпбетті құжат даярлау қолданылса, онда текстте жаңа құрылымдық элементтер пайда болуы мүмкін: колонтитулдар, сноска, закладки, қиылысқан сiлтемелер. 

Белгіленген текст (закладки)дегеніміз қолданушы ат беретін құжаттың  тексттегі белгілі бір орны. Алдағы уақытта осы арқылы:

·   құжаттағы белгіленген орынға тез көшу;

·   қиылысқан сілтемелерді құру үшін қолданылады. 

Қиылысқан сілтеме- құжатты оқушыға тексттің басқа бір фрагментіне немесе тексттегі суретке назар аударуды ұсынатын текст. 

Колонтитулдеп негізгі құжат текстінің сыртында, баспа беттерінің өрістерінде орналасқан парақ топтары үшін бірдей текст аталады. Жоғарғы колонтитул құжат текстінің үстінде, ал төменгі колонтитул негізгі тексттің төменгі жағында орналасады. Құжат беттерін көркемдеудің стандартты параметрлері мыналар болып табылады: бет өрістері, қағаздағы баспа парағының мөлшері, колонтитулдардың орналасуы, текст бағандарының саны.

 


Скачать