Информация және информатика


Информация және информатика

 

1.1. Информация

 

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз.

Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен

сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың,

хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады.

Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және

ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген

информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып,

айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста

болады.

 

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап,

информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі

қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады.

Оқи білу жәнз ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылы-

ғының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат

пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын

үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.

 

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының

пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын

ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады.

Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік

кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа

жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге

болады.

 

ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың

шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесі-

нің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теле-

дидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын

біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламала-

рын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.

 

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа

мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық

есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп

аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын

автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы

мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ

экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды

дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде,

сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда

және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана

бастадық

 

"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу

деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен

шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде,

қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті

информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп,

соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

 

Сабақ үстінде мүғалім жаңа информацияны оқушыларға

жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп,

естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті

информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол

суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақ-

тарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.

Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан,

газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдер-

ден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз.

Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде,

анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.

Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады.

Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар

береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып

жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік,

ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз

немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап бере

алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме,

сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен

музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер

мен кинофильмдер - бәрі де информацияны жеткізу түрлері

болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді

қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.

Жалпы түрғыдан алғанда, информация - таңбалар мен

сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып

саналады. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған

қүбылыстар меи нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы

шмесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар

мен мәліметтер алу дегш сөз.

 

Сонымен, информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар,

зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде

берілетін мағлұматтар.

 

Информацияның түпкі заттық мазмүны оның негізгі

қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен

қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса,

оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеу-

шілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп

соқтыруы мүмкін.

 

Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім

қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны.

Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжы-

рымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке үрындыруы мүмкін.

Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып,

қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады.

Өзекті (дер кезінде берілген) информация жүмыс шарттары

өзгерген жағдайда өте керек болады.

 

Егер бағалы, әрі өзекті информация түсініксіз сөздермен

жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер

информацияны пайдаланушылар тілінде жазса, ол тусінікті

болады.

 

Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық

сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б.

Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді

пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет

тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері, т.б.

Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліп-би) болып саналады.

 

Алфавит - белгілі бір тілдің кез келгея сөздерін құрай алатын

символдарының жиыны.

Алфавит мысалдары:1. Латын алфавиті: A, B, С, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, О, Р, Q, R, S, T, U, V, W, X, Ү, Z.

2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ё, Ж, 3, И, Й, К, Қ, Л,

м, н, ң, о, ө, п, Р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ,

Ы, I, Ь, Э, Ю, Я.

3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.

Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оны есептеу

техникасында кең қолдануға мүмкіндік берді. 0 жәж 1 мәндері

ЭЕМ-дерде "магниттелген - магниттелмеген", "заряды бар

- заряды жоқ", "іске қосылған - қосылмаған" деген сияқты

және тағы да басқа физикалық қалыптармен көрсетіледі. Екілік

сандар көмегімен кез келген алфавиттің символдары кодтар

түрінде таңбалана алады, яғни бұл - кез келген тілде жазылған

мәлімет екілік кодтар түрінде бейнелешді деген сөз.

Мысалы, ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері жәнз

цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен

бейнеленеді:

Әріп Код Әріп Код Сан Код

A 10000000 A 01000001 0 00110000

Ә 11110000 В 01000010 1 00110001

Б 10000001 С 01000011 2 00110010

В 10000010 D 01000100 3 00110011

Г 10000011 Е 01000101 4 00110100

F 11110001 F 01000110 5 00110101

"AHA" деген сөз 24-разрядты мынадай екілік сандармен

бейнеленеді:

AHA - 10000000 10001011 10000000

 

Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық

түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын

басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде

жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден

тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп

аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба)

деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңба-

ларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сэнды "байт" (ағыл-

шынның byte деган сөзінен) деп атау келісілген.

Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орна-

ласқан 8 биттен тұрады, мысалы,

Е - 10000101, е - 10100101, / - 00101111, 8 - 00111000

т.с.с.

 

Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға

айналады жәнз екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру

қиын емес. Ал әр 



Скачать