Енгізілген мәндердің дұрыстығын тексеру


Енгізілген мәндердің дұрыстығын тексеру

 

Жұмыстың мақсаты: Енгiзiлетiн мәндердiң дұрыстығын тексерудi және олардың программалық анализiн жасауды үйрену.

 

1-жаттығу. Дайындық сатысы.

1)     Visual Basic- тiң интегарлды құру ортасын жүктеу.

2)     Бiрiншi лабораторияда құрылған проекттi ашыңыз.

3)     Проекттi орындауға жiберiңiз.

4)     Бiрiншi тект өрiсiне сан емес, мысалы, өзiңiздiң атыңызды енгiзiңiз.

5)     Қандай да бiр амалды орындайтын батырманы басыңыз.

6)     Қатенiң пайда болғанына көз жеткiзiңiз.

Бiрiншi лабораторияда құрылған программа енгiзiлген атты нақты санға айналдыра алмады. Сондықтан ауыстыру функциясы қолданылмас бұрын, оның мүмкiндiгi тексерiлуi керек.

 

Осы мақсатта IsNumeric() функциясы қолданылады. Бұл функцияның аргументi жолдық өрнек. Нәтижесi логикалық типке жатады. Егр тексерiлетiн жол түрi бойынша сан болса, онда қарастырылып отырған функция мәнi  True болады. Керi жағдайда функция  False  мәнiн қайтарады. Осыған байланысты IsNumeric() №3 пррактикалық сабақта қарастырылған шартты операторларда қолданылады.

 

2-жаттығу. Программа кодының модификациясы.

1)     Программа кодының терезесiне өтiңiз.

2)     Private Sub Command1_Click() процедурасына өзгерiстер енгiзiңiз.

3)     X= Val(Text1.Text) операторының орнына келесi кордты жазыңыз

If IsNUmeric(Text1.Text) = True Then

X= Val( Text1.Text)

Else

MsgBox "Бiрiншi санды қайта енгiзiңiз! ", vbCritical

Exit Sub

End If

Егер Text1  өрiсiне енгiзiлген текст санға айналдырылса, онда х айнымалысына сәйкес мән меншiктеледi. Керi жағдайда прпограмманың орындалуы тоқтатылып, экранға "Бiрiншi санды қайта енгiзiңiз! " деген хабарлама шығарылады.

4)     Осылайша өзгертiлген кодты у айнымалысының мәнiн меншiктеу алдына қосыңыз.

 

3-жаттығу. Проект модификациясы.

1)     Проекттi толқтатыңыз.

2)     Button1, Button2, Button3 батырмаларының басылу жағдайларын өңдеу процедураларына сәйкес өзгерiстер енгңзiңiз.

3)     Программаны орындауға жiберiңiз.

 


Скачать