WINDOWS операциялық жүйесімен жұмыс


WINDOWS операциялық жүйесімен жұмыс

 

Жұмыстың мақсаты:Windows ОЖ-нің негізгі түсініктері - тышқан, тышқанмен жұмыс істеу машықтары, Рабочий стол, Пуск батырмасы, есептер панелі, меню (негізгі және контекстік) түсініктерімен танысу; Windows ОЖ-нің командаларын жаттау.

1-жаттығу. Тышқанмен басқару әдістерін өңдеу.

Тышқан графикалық операциялық жүйедегі объектілерді басқарудың негізгі құралы болып табылады.Тышқанмен жұмыс істеу тәсілдері көп емес:

Көрсеткішті қою.

Егер тышқан көрсеткішін объектіге апарып бірнеше секунд бойы ұстап тұрса, онда көрсеткіш жанында осы объект туралы қысқаша мәлімет шығады.

Тышқан көрсеткішін Пуск батырмасына апарып көрінген мәлімет мазмұнын көруге болады.

Жаңа программаны оқытуды бастағанда басқару элементтеріне апарып көрсеткішті орнату арқылы объект туралы мәліметті шақырып, соны оқып алу арқылы жүргізіледі.

Шерту

Шертудеп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, босатуды айтады. Егер шерту объектіде орындалса, онда объект ерекшеленеді (қолдануға дайындалады).

Пускбатырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертсе, онда Негізгі мәзір ашылады.

Екі рет шерту

Екі рет шерту– тышқанның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басып, босатуды айтады.

Бұл әдіс көмегімен объектілермен әрекеттер орындалады. Программалар іске қосылады, мәліметтер файлдары ашылады. Менің компьютерім белгісінде екі рет шертіңдер, сонда Жұмыс столында Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесі ашылады, бұл терезеде негізгі объектілердің белгілері көрсетілген.

Жылжыту әдісі

Жылжытукөмегімен объектілер жылжытылады. Объектіні алып бару үшін (мысалы, Менің компьютерім белгісін) тышқан көрсеткішін қажет объектіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басып тұрып, объектіні қажетті жерге жылжытады. Жылжыту көмегімен тек объектілерді ғана емес, терезелерді де жылжытуға болады.

Менің компьютерім терезесін екі рет шерту көмегімен оның белгісіне шертіңдер. Тышқан көрсеткішін тақырып жолына апарып, сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, терезені жаңа орынға жылжытыңыздар.

Созу

Созу (Протягивание)жылжытуға ұқсайды, бірақ мұнда ештеңе жылжытылмайды, тек қана өзгереді. Егер көрсеткішті терезенің жақтауына немесе бұрышына қойса, онда ол қос тіл сызық түріне ауысады, одан соң тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тышқанды жылжытса, терезе өлшемі  өзгереді. Осы кезде созу әрекеттерін орындау керек.

Оң шерту

Бір объектімен бірнеше әр түрлі әрекеттер орындауға болады, оның біреуі негізгі болып саналады. Негізгі әрекет екі рет шерту арқылы орындалады. Ал, басқа қалған әрекеттер оң шерту көмегімен орындалады. Оң шертутышқанның оң жақ батырмасы арқылы орындалады. Тышқанның оң жақ батырмасын шерту деп тышқан көрсеткішін қандай да бір объектіге орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын басуды айтады. Оң шерту кез-келген объектіде меню ашады, ол менюді контекстік деп атайды.

Контекстік меню– объектілермен жұмыс жасау кезінде қолданылатын командаларды қамтитын басқару элементтері. Бұл командар тізбегі объектіге байланысты. Контекстік менюдің негізгі ерекшелігі онда Қасиеттер  (Свойства)  пунктінің бар болуы. Осы пунктке шертсе, объектінің қасиеттері туралы мәлімет алуға және оларды өзгертуге болады. Windows-тағы көптеген күйге келтірулер дәл осылай орындалады.

Әдейі жылжыту

Бұл әдіс жылжыту әдісіне ұқсайды, бірақ оң жақ батырманы шерту арқылы орындалады. Жылжыту әдісі көмегімен объект бір орыннан екінші орынға жылжиды, ал әдейі жылжыту көмегімен оң жақ батырманы шерткенде кішкене меню ашылады. Осы менюден объектіні жылжыту, көшіру немесе объект үшін жарлық құру әрекеттерін орындауға болады.

 

2-жаттығу. «Менің компьютерім» белгісінің көмегімен навигациялау.

1.   «Мой компьютер» белгісіне екі рет шерткенде, «Мой компьютер» терезесі ашылады. Осы терезе компьютерде орнатылған дисковод және қатты дискілер белгілері орналасқан.

2.   С: қатты дискісінде не бар екенін көру үшін осы белгіде екі рет шерту керек, сонда терезе ашылады. С: дискісіндегі түпкі буманың мазмұны көрінеді. Қалған іштестірілген бумаларды ашу да осылай жүргізіледі. Дискілер мазмұны және компьютер бумалары бойынша жүру файлдың құрылымы бойынша жұмыс жасау болып табылады.

3.   Терезелердің оң жақ бұрышында орналасқан rбатырмасына шертсе, тапсырманы орындау нәтижесінде ашылған барлық терезелер жабылады.

3-жаттығу. Сілтеуіш программасының көмегімен навигациялау.

1.   Пуск батырмасын шертіңіз, Негізгі меню ашылады. Программы Проводник командасын орындаңыз, Проводник программасының терезесі ашылады. Бұл программаның терезесі екі панельден тұрады. Осы панельде бумалар таңдалады және ашылады.

 Оң жақ панель – буманың ішкі мазмұны. Бұл панельде таңдалынған буманың ішкі мазмұны көрінеді.

 

4-жаттығу. Жаңа бума құру.

1.   Проводник терезесінің сол жақ панелінде СТУДЕНТ бумасын оның белгісіне екі рет шерту арқылы ашыңыз.

2.   Студент тересінің ашық жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Пайда болған контекстік менюде Создать пунктін таңдап, пайда болған ішкі менюден Папка командасын орындаңыз. Студент бумасында жаңа бума ашылуға тиісті Новая папка аты бар жаңа бума ашылады.

3.   Новая папка атын өзгерту үшін ат беріп, Enter пернесін басу керек.

 

5-жаттығу. Notepad [Блокнот] редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.

1. Проводник терезесінің оң жақ панелінде буманың белгісіне екі рет шерту арқылы өзіңіз құрған буманы ашыңыз.

2. Бума терезесінің бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған контекстік менюде тышқан көмегімен NEW (Создать)пунктінде Text Document (Текстовый документ)командасын орындаңыз. Бума терезесінде осы файлдың пиктограммасы пайда болады, пиктограммадан төмен NEW Text  Document.txt (Текстовый документ.txt) файлдың стандарттық атын көресіз. Осы файл атын басқа атқа өзгертіп, мысалы, My first text Document.txt деп, содан кейін Enter пернесін басыңыз. 

3. Файл пиктограммасы бойынша тышқанды екі рет шертіп, құжатты ашыңыз, Windows-тағы Notepad (Блокнот)редакторы мәтіндік құжаттармен байланысты, сол себепті редактор ортасына кіресіз.

4. Клавиатура көлемімен кішкене көлемді текст теріңіз. Кішкене болса да, текстік құжат дайындаңыз. Бірақ, ол файлға сақталған жоқ.

5. File (Файл)жазуына тышқанмен шертіп, Save (Сохранить)командасын орындаңыз. Нәтижесінде сіз құрған құжат My first text Document.txt файлында сақталады.

6.  Notepad терезесінің оң жақ жоғары бұрышында орналасқан rбатырмасында шертіп, ортадан шығыңыз. Блокнот (Notepad) терезесі жабылады.

7.  Файл пиктограммасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекстік менюде Open (Открыть)командасын таңдаңыз. Файл мазмұнын қарап шығу мүмкіндігі туады. Өз құжатыңызды көріп оның файл түрінде сақталғанына көзіңіз жетеді.

8.  rбатырмасында шертіп, Блокнот терезесін жабыңыз.

 

6-жаттығу. Бума ішінде объектілерді басқару, объектілерді сұрыптау.

1.   Проводник терезесінің сол жақ  панелінде TP (немесе BP, немесе TP 7) бумасын тауып, оның белгісіне шертіп, буманы ашыңыз. Нәтижесінде оң жақ бөлігінде осы буманың мазмұны көрінеді. (Егер TP бумасының терезесінде обьектілер ішінде BINбумасын екі рет шерту арқылы ашыңыз). Терезеде обьектілер 4 түрде көрінуі мүмкін: үлкен шартбелгілер, кіші шартбелгілер, тізім және кесте түрінде. Толық мәліметті кесте түрі көрсетеді.

2.   Видменюінде кесте командасын таңдаңыз. Кесте 4 бағаннан тұрады: Аты, Типі, Өлшемі, Өзгерісі. Терезе мазмұнын осы бағандардың кез-келгені бойынша сұрыптауға болады. Ол үшін баған атында шертсе жеткілікті. Егер мәлімет бағанға толық сыймайтын болса, онда жазу соңында көп нүкте қойылады. Өрістер тақырыптарының бөлік сызықтарына екі рет шерту бойынша сол жақ бөліктің ең аз ендігін орнатуға болады. Сонда әр объектінің қасиеті онда толық көрсетіледі.

3.   Берілген каталогта тип бойынша барлық файлдарды сұрыптаңдар (Бағанның Тип тақырыбында шертіңдер).

 

7-жаттығу. Объектілерді ерекшелеу.

Объект тышқанды бір рет шерту арқылы ерекшеленеді. Қатар орналасқан объектілер тобын ерекшелеу үшін топтың бірінші объектісіне шертіп, SHIFT пернесін басулы күйінде ұстап объектілер тобының соңғысында шерту керек, сонда топ толық ерекшеленеді.

1.   Жоғарыдағы айтылған әдісті қолданып, ағымдағы терезеде кеңеймесі PASболып келген барлық файлдарды ерекшелеңдер (алдыңғы тапсырмада объектілер Тип  бойынша сұралған еді).

     Әр жерде орналасқан объектілерді ерекшелеу CTRLпернесін басулы күйінде ұстап тышқанның со 



Скачать