Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу


Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу

 

Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық  кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді:A7: E25. Мұндағы А7– тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

Мәліметтер типі.Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

·         Сан

·         Формула

·         Мәтін

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.

Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б.  Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.

 

Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.

Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек.

Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.

Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

·         біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;

·              екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.

 

Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5салыстырмалы сілтеме болып табылады.

 

Абсолют сілтеме. Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.

Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

 

Автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады.  Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

 

Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдығы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Онытолтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.

 

Прогресия бойынша толтыру.Ол үшін  Түзету> Толтыру> Прогрессия (Правка>Заполнить> Прогрессия)орындау керек. Ашылған прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады. ОК батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.

 

Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің  ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.

Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.

 

Формулалар.  Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның анелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.

 

Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.

&nbs 



Скачать