Салықтардың экономикалық мәні


Салықтар - қаржының алғашқы санаты Салықтардың айырым белгілері

Салықтар - бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.

Салықтар қаржының алғашқы санаты (категориясы) болып табылады.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүруінің, дамуының негізі болып табылады.

Кез келген мемлекет өзінің қаржылық негізінің болған кезінде ғана өмір сүреді.

Салықтартар, баждармен қатар мемлекеттің өзіне ақша табуының ертеден келе жаткан әдісі болып табылады.

Салықтың көрсетілген белгілерін қарастырайық.

1. Салық - бұл мемлекеттің бекітімі.

Тек мемлекет қана азаматтардың салық салу режимін енгізе алады, оларға ақшаный, белгілі бір сомасын бергізуге міндеттейді. Қазақстан Республикасында салықтарды төлеу міндеті азаматтардың конституциялық міндеттері аясында белгіленген. Осы орайда мемлекет өзінің саяси билік субъектісінің өкілеттілігіне сүйене отырып әрекет етеді.

Белгілеген субъектісінің белгісі ретінде салық кез келген мемлекеттік емес міндетті төлемдерден айрықшаланады.

2. Салық әрқашан құқықтық нысанда ғана болады.
Салықты қандай да бір заң, жарлық, декрет, т.б. шығармайынша алу мүмкін емес. Бұл құқықтық акт жазбаша түрде жасалып, тиісті қолдар қойылып, мөрленіп заңдық күшке енеді.

Салықтың құқықтық нысаны оны төлемдердің, алымдардың, жарналардың кез келген түрінен ерекшелейді.

3. Салық бұл занды белгіленген төлем.

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарды заңда белгіленген Салықтарды төлеуге міндеттейді. Азаматтар заңсыз белгіленген салықты төлемейді, ал төлеуге болмайтын салық болуы мүмкін емес.

Бұл жерде айтпағымыз, осы қағида өкілетті органдарға қатысты жағдайлардың бүкіл кешенін қамтитындығы.

4. Салық мәжбүрлеу сипатына ие.

Салықтың мәжбүрлеушілік кезі екі жағдайда көрінеді. Біріншіден, салық төлеушінің тілегі мен күшіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өзінің Салықтық міндетін өз еркімен орындамаса, одан ақшаны мемлекет күшпен немесе сот арқылы алады.

Салықты алудың мәжбүрлі сипаты оны қайырымдылықтан, еркін қарыз беруден, мемлекеттік банктерде салымдар ашу, т.б. кез келген түрінен айрықшалайды.

5. Салық міндетті толем болып табылады.

Салықтартың міндетті белгісі - салық төлеуші заңда белгіленген төртіп пен мерзімде салық төлеуге міндетті.

Салықтың белгіленуімен сәйкес салық төлеушіде мемлекет алдында нақты қаржылық міндет туындауы керек. Ол мұнда ақшаның белгілі бір сомасын мемлекетке береді, ал шынайы салық кезінде онімнің жарты бөлігін береді. Осы міндеттерді орындамау, біріншіден, осы ақшаларды (өнімді) мәжбүрлеп алуға, екіншіден осы субъектіні белгіленген жауапқа тартуға (яғни, оны жазалау) әкеп соғады.

Салықты төлеу міндеті оның төлемін қабылдау міндетімен сәйкестендірілген.

6. Салықты төлеу салық төлеушінің заңды міндеті болып табылады.

Салықты белгілей отырып мемлекет Салық төлеуші тұлғалардың осы Салықты төлеу міндетін туғызады. Бұл орайда, осы міндет заңдық сипатқа ие болады. Яғни, салық төлеуші өзінің ақша төлеу міндеттерін орындамаған жағдайда құқық бұзушы болып саналады.

Конституция - бұл, саяси декларация да, көркем шығарма да емес, ол нормативтік-құқықтық акт, оның әрбір сөзі белгілі бір заңдық жүктемеге ие болуы керек. БІЗдің ойымызша, бұл жағдайда «борыш» санаты Салықты тіиісу міндеттілігінің мемлекеттік-құқықтық сипатын көрсетеді.

7. Салық нақты қаржылық міндетті туғызады.

Салықтар - бұл қаржылың-құқықтық құрал, осы арқылы мемлекет өзіне қажетті қаражатты алады.  Қаржылың міндеттеме де, кез келген міндеттеме сияқты, екі субъектіге ие: несиегер, яғни, мемлекет өкілетті тұлға ретінде болады және борышкер, ол салық төлеуші болып табылады. Осы қаржылық міндет аясында несиегер борышкерден Салықтар, белгілеген ақша сомасын белгіленген мерзімде және белгілі бір тәртіпте талап етуге құқылы, ал борышкер Салықтар төлеудің белгіленген механизмі негізінде бұл соманы мемлекетке өткізуге міндетті.

Салықтартық міндеттеме салық төлеушінің міндеттерін ғана емес, оның кейбір салық заңымен қарңарастырылған құқықтарын қамтиды.

8. Салықта ақшаны құқықтық негізде өндіріп алудың өзіндік орны бар.

Салықтар - бұл әрқашан да өзгенің ақшасын мемлекеттің мәжбүрлеп алуы болғанына қарамастан, ол оның лигитимдік негіздегі меншігі болып келеді. Осынысымен салық мәжбүрлеуден ерекшеленеді. Салық Салықтар төлеушінің заң бұзушылығы немесе қандай да бір әрекетіне байланысты жауапқа тарту болып табылмайды. Салықтартың төлеушілері заңға бағынушы, тәртіпті адамдар болып табылады. Осынысымен Салықтар айып және компескелеу шараларынан ерекшеленеді. Салықтар ақшаны мәжбүрлеп алу, мемлекеттің өзгенің меншігін өз пайдасына алуы сипатына ие болғандықтан, Конституцияның 26-бабында белгіленген жеке меншік құқығына қол сұқпау кағидасы мен Салықтартардың өзара қатынасы туралы теориялық мәселе туындайды. Көрсетілген бап былай дейді: «Сот шешімімен болмаса, ешкімнің де өз меншігінен айырылуы мүмкін емес. Мемлекет қажеттері үшін меншікті мәжбүрлеп алу заңда қарастырылған кейбір жағдайларда ғана оны екіжаққа да тең жағдайда алынуы мүмкін» (3-тармақ).

Мәселе мынада: Конституцияның 26-бабының қорғаушы механизмі Салықтартарға тарала ма?

Барлық сыртқы белгілер бойынша Салықтартар осы баппен қамтылады.

Расында да, салыкты төлеу, біріншіден, мүлікті алу болып табылады, одан кейін салық төлеуші одан айырылады. Екінші-ден, бұл алу мәжбүрлі сипатңа ие, үшіншіден, Салықтарты төлеу мемлекеттік қажеттіліктер үшін жүзеге асырылады.

9. Салықты төлеу мемлекеттік жауапкершілік шараларымен
қ амсызд андыры лған
.

Егер салықты төлеу процесінде ақша алу мәжбүрлі сипатка ие болса, ол Салықтар төлеушінің өзінің салықтың міндеттерін орындамағандығына жатады.

Бұл орайда, құқық бұзу сипатына байланысты күқың бұзу-шыны жазаға тартудың көптеген шаралары қолданылады және ол қаржылық-ңүқықтық, әкімшілік-құқыктык, және қылмыс-тық-ңүқыңтық сипаттарды да қамтиды.

Құқық бұзған салық төлеушіге қолданылатын жазалар тура­лы айтқанда, теориялық сүраң туындайды, мұндай жауап-кершілік негізінде не жатыр: салық заңын бұзу, оның салдары-нан салық төлеушінің құқық бұзушы ретінде көрінуі, немесе Салықтар міндетін орындамау. Қойылған мәселенің маңыздылығы-на қарамастан, ол теориялың та, тәжірибелік те мәнге ие. Құқық бұзылған кезде тұлғаны заң бұзушы ретінде жазалай отырып, мемлекет жазалаушы орган ретінде көрінеді.

10.        Салыққа оның төленуі үшін мемлекеттік бақылау әрекеті
тән.

Салық төлеушінің әрекеттеріне бақылау әрңашан мемлекеттік бақылау сипатына ие. Мұнда Салық бақылауын жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік органдарға тексерушілік өкілеттіліктер берілген, олар Салықтар төлеушінің барлың қүжаттарын, акпарат-тарын тексереді, тіпті көсіпкердің коммерциялық қүпиясын да қарай алады, бұлардың бәрін ашып корсету салық төлеушінің міндеті болып табылады. Осылайша, салықтың баңылау - бұл әркашанда, Салықтартың сипаттық белгісі болып табылатын мем-лекеттік баңылау.




Скачать