ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемлекеттер жағдайы


ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемлекеттер жағдайы

 

ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемлекеттер жағдайы

 

Ұлыбритания

 

            1918 жылғы соғыстан кейінгі кезектен тыс сайлау нәтижесінде Лоид Джордж бастаған коалициялық кабинет құрылды. Соғыс ауыртпалығы және Ресейдегі Қазан төңкерісі жаппай жұмысшы қозғалысын әкеп соқты. 1918 жылы «Жаңа сайлау» заңы қабылданды. Сайлау құқығы ер азаматтарға 17 жастан, әйелдерге 30 жастан бастап берілді. 14 жасқа дейінгі жастарды міндетті түрде мектепте оқыту, білім жүйесі ақысыз болатын болды. 1920 жылы күзде Англия бір жылға созылған экономикалық дағдарысқа шалдықты. Өзгеріс өнімі кенет қысқарды. Жұмысшылардың саны көбейді. 1922 жылы 19 қазанда Лоид Джордж қызметінен кетті. 1922 – 1923 жылдары концерваториялық партиялардың әрекеті 100 есе асады. Жаңа үкімет құру лейбористтік партияға жіктелді. 1924 жылы 24 қаңтарда Англияда бірінші лейбористік үкімет құрылды. Үкімет басына Рамсей Макдонольд келді. І лейбористік үкімет бірнеше шаралар ұйымдастырды. Зейнеткерлердің зейнетақылары артты. Жұмыссыздыққа бөлінетін жәрдемақының мөлшері көбейтілді

 

Франция және Испания

 

            1929-1933 жылдары дүниежүзілік дағдарыс капиталисттік елдердегі ішкі әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді. 1934 жылы 6 ақпанда 20 мыңнан астам қарулы фашисттер Париждің көшелеріне шықты. Олар Парламентпен басқа да үкімет үйлерін басып алуға әрекет жасады. Франция комунисттік партиясының шақыруымен Республикалық қорғауға Парижбен басқа да қалалардың мыңдаған жұмысшылар көтерілістерге шықты. Париждегі шеру «фашизм жойылсын» деген ұранмен өтті. Фашисттердің үкіметін басы палу әрекетіне Франция демократиялық күштері соққы берді. 1936 жылы жазында Франция Парламентті 133 заң қабылдады. 1931 жылы Буржуазиялық демократия нәтижесінде биліктен айырылған Испания реакциялық топтары қайтадан билікке жетуді аңсады.

 

Италия мен Германиядағы фашизм

 

            1920-1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала орныққан фашисттік қозғалыс кең көлемді лаңкестік әрекетті ұласып, тез арада күшейіп алды. «Фашизм» ұғымын алғаш соғыстан кейін қарулы көтеріліске шыққан жұмысшы қозғалысына қарсы реакцияшыл күштер пайдаланған болатын. 1919 жылы наурыз айында Миланда бірінші жалпыұлттық жиналыс болып өтті. Онда фашисттік әскери отрядтардың одағы құрылды. Олардың бағдарламалық талаптарында: елде республика орнату, жаппай сайлау құқығын енгізу, салық салу, кедей шаруаларға жер беру, жеке меншік кәсіпорындарына жұмысшы бақылауын қою, өнеркәсіптің белгілі бөлігін мемлекеттік меншікке беру, шіркеу иеліктерін тәркілеу еңгізілген еді. Бұл идеялар буржуазиямен қатар жұмысшылар мен шаруалар тарапынан қолдау тауып, сайлаушылардың бір бөлігі социалистер қатарына өткен болатын. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны ұйымдастырушы Бенито Муссолини болды. Муссолини 1922 жылы 28 қазанда фашистік топтардың Римге жорығын ұйымдастырды. Үкімет өз еркімен биліктен кетті. Король фашистерге қарсы әскер жіберуден бас тартты. Король осыдан кейін оны Римге шақыртып, үкіметті басқаруды ұсынды. Муссолини парламенттің қолдауына ие болды. Фашистердің үкімет билігіне келуі әдеттегі үкімет алмастыруға ұқсамады. Бұл контр-революциялық төңкеріс еді. Италия фашизм орнаған

І-ші Еуропа елі болды. Бұл жылдар Италия тарихында «Қаралы жиырма жыл» деген атпен енген еді. Фашистік төңкеріс Италия саяси институттарын түбегейлі қайта құрудың бастамасы болды. Алғашқыда парламент бұрынғысынша жұмыс істеп тұрды, барлық партиялар заңды деп есептелді. Муссолини құрған үкімет коалициялық бағытты көздеді. Үкімет парламенттің қызметіне нұқсан келтіріп, оған тиесілі міндеттерді өзіне алып, өз жұмысын бірден күшейтті. 1923 жылы сайлау реформасы жасалды. Реформа фашизмнің саяси мақсатына парламентті толығымен бағындыруды қамтамасыз етуді көздеді.

            Заң шығарушы билік 1922 жылы желтоқсанда ҮФК қолына шоғырланды. Оған Муссолини төрағалық етті.

 

Үндістан

 

            Азияның оңтүстігіндегі елдердің көбі Англияның отары болды. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы Британдық Үндістан еді. Ол ХХ ғасыр басында артта қалған қоғам өмірінде касталар жүйесімен феодалдық қатынастар үстемдік еткен еді. Саяси билік ағылшын королінің қолында болды. І ші дүниежүзілік соғыс жылдарында халық тұрмысы нашарлады. Салық төлемі күрт өссе, ақша құны төмендеп, елде құнсыздану жайлады. Өндіріс заттары, тамақ қымбаттап, қала тұрғындары мен шаруалар күйзеліске ұшырады. Миллиондаған шаруалар уақытында салық төйлей алмай, жерден айырылып, қаңғып қалды. Кедейленген бұқара халық қалаларға қарай жылжыды. Жұмысшылардың жұмыс уақыты 14 сағаттан асты. 1917-1918 жылдары аралығында Ганди және ҰЧК халықты үкіметке бағынбауға шақырды. Ұлтазаттық күрес ағылшын тауарларына байкот жариялаумен ұласты. Ағылшын тауарларын сатып алмау жұмысқа, мектепке бармау, сайлауға қатыспау, салық төйлемеу секілді қадамдар жасау жоспарланды. Ганди бастамасымен Бомбей, Мадрас, Ахмад-Абад, Камкурд қалаларында жаппай ереуілге шығу ұйымдастырылды. 1 апта өткенде амрицар қаласындағы бейбіт митинг күні оларды оқ астына алды, мыңдаған адам өліп, жарақаттанды. Бұл оқиға бүкіл елді алаңдатты. Пенджаптан басталған толқын Үндістан шығысына, оңтүстігіне, батысына тарап миллиондаған шаруалар қала тұрғындары ереуілдер мен шерулерге қатысты. Отаршылдардың билеу жүйесіне қауіп төнді. Кейбір аудандарда халық қарулана бастады. 1927-1934 жылдары шаруашылық күйзеліске ұшырады. Әлемдік экономикалық дағдарыс 1929 жылы елдің жағдайын қатты қиындатты, дағдарыс кезеңіндегі халық наразылығы ұлт-азаттық көтерілістің өршуіне апарды. Германияның КСРО-ға қарсы шабуылы Үнді солшыл күштер арасында жаңа көзқарас туғызды. Енді олар Англияны қолдады. Соған орай 1942 жылы тамызда ағылшын үкіметі Үнді компартиясына ашық қызмет атқаруға рұқсат берді. Ереуілдер, толқулар, ашаршылық, қымбаттау, ел жағдайын әбден нашарлатты. Аштыққа қарамастан Үндістан 1 миллионнан астам астықты шетке жіберді. Азық-түлік бағалары 10 есе қымбаттады. Азиядағы соғыс қимылдары Үндістан шекарасына жақындады. Тамыз, қыркүйек айларында елде стихиялар мен харталар жайлады. Жастар теміржолдарды бұзуға, станцияларды басып алып, көпірлерді қиратуға кірісті. Ағылшындар бұл жолы да күш қолданып, оларды басып тастады. 2000-дай алам оқ құшты. 60000-ға жуық адам абақтыға қамалды. Сайман комиссиясы Үндістан компартиясының концеспциясын, жобасын дайындап, оны бекіту үшін Үнді саяси күштерімен Лондонда дөңгелек үстел келіссөздері өтті. Бірақ Үндістан Ұлттық конгресі оған бармады. Англия үкіметі Үндістанды басқару туралы жаңа заң қабылдауды өз қолына алды.

 


Скачать