Тәңір – түркі Атлантидасы




Скачать

Тәңір – түркі Атлантидасы

 

Тәңір – түркі Атлантидасы

                                        

                “Тәңір діні- адамзат өркениетінің шоқтығы ...”

Ж.Тұран

 

Орхон-Енисей ескерткіштерінде жазылған көне түркілердің дүниетанымдық ұғымы бойынша, “Алдымен жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, олардың ортасында түркілер пайда болады”30. Көне түркілердің діні аспанның құдайы Тәңірге (Тенгри) табынуға негізделген. Ұлы даладағы түркі халықтарының негізгі құдайы болған Тәңір туралы ұғым б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Алтайда пайда болды 30. Француз ғалымы Жан-Поль Ру оны “тенгризм” терминімен атады. “Тенгри” қазақша “тәңір” термині “құдай”, “құдайлар”, “тәңір”, “рух-иесі” сияқты әлемді жаратушының көзге көрінетін бөлігі - аспанды білдіреді61. Сонымен қатар, «тенгри» түркінің екі сөзінің буыны “таң” және күннің ертедегі діни атауы – Ра, яғни екі сөз “Тан-Ра”-дан құралған. “Танра” атып келе жатқан таң мағынасын білдіреді. Бұл дін осы уақытқа дейін сақталған алтай-саян халықтары XIX ғасырда оны “ақыл-ес” (разум) мағынасын беретін “янг”, “аң” деп атады.

Бұл діннің космогониялық ұғымдары бойынша, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше сатыдан тұрады. Жоғарыдағы он жеті саты аспанды немесе Жарық патшалығын құрайды. Ал, төменгі жеті саты жерасты немесе Қараңғылық әлемін анықтайды. Ол екеуінің ортасында адамдар тұратын жер жатыр. Аспан мен жер жоғарғы субстанция аспандағы сатылардың ең жоғарысында - Қасиетті Аспан немесе Тәңір орналасқан223. Сонымен қатар, аспан қайырымдылар рухының, ал жерасты әлемі күнәкәрлерге арналған тозақ орыны болып саналады. Тәңір - Аспан құдайы болса, Ұмай жер-судың құдайы.

Қазіргі бізге белгілі діндердің ішінде ең көнесі және соңынан пайда болған дүниежүзілік діндердің қалыптасуына тікелей әсер еткен осы дінді қазір түркі халықтары ұстанбайды. Бұл дін қазіргі уақытта толық зерттеліп болмағанымен ғылымға белгілісі оның аңшылықтан көшпенділікке ауысып жатқан кезде тұран тайпаларының ішінде пайда болғаны. Бұл дін түркі халықтарының адамзат өркениеті дамуына қосқан үлесі болып саналады. Сондықтан біз Тәңір дінін қазіргі ұстанатын дін ретінде емес, адамзат өркениетінің дамуына зор әсер еткен рухани-танымдық құбылыс ретінде ғылыми тұрғыдан қарастырамыз.

Көне түркілердің Тәңірі (Тенгри), яғни түркіше “Аспан құдайы”, немесе “Мәңгі көк аспан” түркілерге қамқоршы болып, олардың халық болып қалыптасуына көмектескен5. Ол аңыз бойынша, көне Алтайдағы түркілерге дұрыс өмір жолын көрсету үшін Тәңір өзінің сүйікті ұлы - қасиетті Гесерді (Кедер -   Хызыр – Георгий - Джиржис) жібереді. Бұл есімдер бір адамның атын білдіреді. Гесер жер бетіндегі алғашқы пайғамбар. Осы қасиетті пайғамбардың қайырымды істері туралы түркі халықтарында көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Түркі халықтарының көбінде “Гесер” немесе “Гэсэр” атты көне эпостар бар. Ондаған ғасырлардан бері оның есімі өзгеріп, түркі халықтары оны қазір Кедер, немесе Хызыр деп атайды. Қазақтардың  ислам дінін қабылдағанына мың жылдан асса да, олар Хызыр бабаға сыйынып, оны айрықша құрмет тұтады.

Тибет халқының ерте заманғы тарихын жырлайтын батырлық дастан “Гесер“ 700 мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпос. Белгілі ғалым М.Мюллердің болжамы бойынша, тибет халқы көне тұран тайпаларының оңтүстік бөліміне жатады. Алғашында “Бон“ дінін тұтынған тибет халқы, б.д. VII ғасырынан бастап тибеттік буддизм “Лама дінін“ ұстанғанымен, оларда әлі күнге дейін өлген кісіні жерлегенде “тәңірге табыс ету“ немесе “көкке тапсыру“ сияқты түркі халықтарында көнеден қалған дәстүрлері сақталған. Тибет және түркі халықтарының өзара ұқсастығы олардың тұрмыс-дәстүрлері мен қолөнері, оның ішінде кілем-текеметтеріндегі ою-өрнектерден де айқын көрінеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған деректер бойынша, тибеттіктер тұнғыстардың немесе тоғыз-оғыздардың туыстары. Тоғыз-оғыз және ұйғырлар бір халық175.

Ал Кедер немесе Кердерінің шығу төркіндері бір сөз екені Н.Веселовскийдің47, В.Бартольдтың27, С.Толстовтың148 деректерінде дәлелденген. Қазіргі ғылымға белгілі деректерде б.д.д. I мыңжылдықта түркі тайпаларының, оның ішінде кердерілердің (“ұлы иозылар”) Алтайда тұрғаны белгілі. Шамамен б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда көне түркілердің Тәңір діні Алтайда пайда болды. Яғни, көне түркі тайпасының біреуінің Кедер пайғамбардың есімімен аталуы заңды құбылыс. Себебі, Сырдария өзені мен Арал теңізі маңындағы хион немесе кердерілердің тарихы Алтайдағы көне түркі тайпалары және олардың діні Тенгримен тығыз байланысты.

Буряттың “Гэсэр”59а деген эпосында батыр жігіт Гесер немесе Кедер қылыш пен семсерден де күшті “Құдай” деген сөзбен бұлақты басып алып, жас қыздарды беріп тұруды талап еткен айдаһарды жеңген.

Тұран тайпалары, оның ішінде “ғұндар күнге, айға, аруақтарға, аспан мен жердің рухына табынды” дейді “Қытайдың Геродоты” - Сымь Цянь90. Олардың рухани жетекшісі – шамандардың қар, бұршақ, жауын жіберіп, желді қуатын аспанда өздерінің мемлекеті болған. Византия тарихшысы Менандр “ертедегі түркілер отқа, суға және жаратқан құдайға сыйынып оларға арнап түйе, өгіз, қой сойып садақа берді” дейді. Дүниежүзілік діндер классификациясының негізін салған М.Мюллердің дәлелдеуі бойынша, көне Алтайдан шыққан Тенгридің мағынасы монғұл, тұнғыс, татар, және фин тайпаларына немесе алтай-орал тілдері тобына және қытай тіліне ортақ120. Осы ұлы ғалымның кезінде, яғни XIX ғасырда тибет халқының шығу тегі ғылымға белгісіз болғандықтан, тұран діні тобына жататын халықтардың толық классификациясы жасалмағанымен, ол “...егер тибет халқы орал-алтай тілдері тобына жататын болса, онда ол тұран тобының оңтүстік бөлігін құрайды” деп болжап кеткен болатын. Үш мың жылдай ұмытылып қалған Тұранның көне тарихын бір жүйеге келтірген Е.Кастрен мен М.Мюллер сияқты данышпандардың рухтарына тағзым ете отырып, олар болжаған тибеттіктер тұранның оңтүстік тобына, қытай, манчжур және полиазиаттар орталық тобына, ал монғұл, тұнғыс, түркіден бастап финдерге дейінгі халықтар тұранның солтүстік тобына жататынын қазір дәлелденгенін айта аламыз. Адамзат тарихы мен өркениетінің шоқтығы болып саналатын тұрандықтардың тарихы уақыт өткен сайын ғылыми жаңалықтармен толығып, өзіне тиесілі тарихтағы абыройлы орынын алады.

Өз басшыларына берілген дәреже Тангли-Кутуды немесе “Аспанның ұлын”/қыт./ ертедегі ғұндардан алынғанын қытай тарихшылары дәлелдеді. Соңынан пайда болған қытай императорларының негізі осында жатыр. Оның мағынасы “аспан ұлынан”, “аспан ризашылығымен болған императорға” өзгерген. Қытайша бұл сөз Tien – аспан құдайы және жалпы құдай, ал императордың сөздігінде “ұлы”, яғни жердегі өмірді жоғарыдан басқарып отырған “жалғыз” әмірші. Қытай тілі тұран тілдері сияқты агглютинацияға ұшырамағанын, ал Тенгри сөзінің алғашқы мағынасы аспан, одан кейін аспан құдайы, жалпы құдай, соңында рух болғанын ескергенде бұл сөздердің төркіндерінің бір екенін көреміз.

 Көне түркілердің ұғымында Тенгридің мағынасы табиғи құбылыстарға Аспан - Көк Тәңірі, Аспан - құдай ретінде болды. Аспан жердегі тіршіліктің барлығынан жоғары, қол жетпейтін Ұлы және абсолютті қалпында белсенді күш, өмір мен берекенің көзі ретінде діни сана-сезімге енді. Ертедегі қытай мен шумер халықтарының діни ұғымдарында Тенгри осылай қабылданды. “Қытайдың ертедегі  мемлекеттік діні – ол үйлесімді ұйымдасқан дін жүйесі. Ол “Тянь” - Аспан, “Шань-ди” – Бірінші Елбасы және әртүрлі рухтар құрметтеуден тұрады*.

... Аспан құдай ретінде ғажайып күшпен көрінбейді, ол біреуді басқадан бөліп көмектеспейді, ол табиғаттың кәдімгі қалыпты жағдайында танылады. Аспан өз күшімен күннің жарығы, жауын, ыстық пен суық, желдің екпіні, жыл мезгілін ауыстыру арқылы әлемдегі құбылыстарды басқарады”73

*_____________ “Тянь-Шань” - Тәңір дегеннен шыққан. Ол тұран жүйесіндегі барлық халықтарға, оның ішінде қытайлықтарға да ортақ ұғым. Сондықтан, Тянь-Шань тауын “Тәңір” (Tengri) деп өзінің негізгі атымен атаған дұрыс.

Тұран тайпалары мен қытайлықтарға ортақ тағы бір ерекшелік - ол аруақтарға табыну. Бұл дәстүр барлық халықтарда кең тарағанымен, осы уақытқа дейін ерекше деп келген қытайдың діндері мен солтүстік Азия дәстүрінің төркіндері бір екені анықталды. Мысалы, Сібірден Орта Азияға көшкен ғұндардың Тора тайпасы өз бабаларының моласы басына құрбандық шалуға елшілерін жіберіп тұрған. Олар молалар мен қорғандарды тірі жан баспасын деп және аруақтар шығып кетпесін деп қоршаған. Ал, Қытайда осындай қорғандар белгілі уақыт өткеннен кейін табынатын тұрақты орындарға, ал кейбіреулері аруақтарға табынатын ұлы храмдарға айналды. Қытайдағы аруаққа табыну мен финдер, лапландтықтардың отбасындағы табыну сияқты діни сенімдер алғашында бірдей, бір-біріне өте ұқсас болғанын көреміз. Алдында аспанға табынудан басталған діни сенім, соңынан мәңгілік өлмейтін күшке айналған аруақтардың рухына сеніп - сыйынуға айналды. Аруақтардың рухына с