Тұран және көне түркілер


Тұран және көне түркілер

 

Тұран және көне түркілер

                                                      

                                                                           Шежіремді ұрлапты, зулапты күн,

       Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.

     Алтын адам шынымен қазақ болса,

  Білген екен құнының қымбаттығын.

     М. Мақатаев

 

“Тұран”, “Түркістан”, “Қазақстан” - бұл түркі халықтарының, оның ішінде қазақ тарихының әр кезеңінде оларды біріктіру үшін пайда болған концепция, ұғым немесе идея. Қазақ - түркі халықтарының құрамдас бөлігі немесе тұрандықтар мен түркілердің тікелей ұрпағы.

Тарихи дәуірге дейінгі кезеңде көне түркілер Тұран тайпалар одағында болды. “Тұран” нәсіліне түркілер, угро-финдер және палеоазиат тайпалары жатады.

Ол туралы академик Н.С.Трубецкой: “Басында шығысславян тайпалары қазіргі Ресей территориясының Балтық пен Қара теңізді қосатын өзендердің бассейніндегі шағын ғана бөлігін алып жатты. Қазіргі Ресейдің басқа үлкен территориясын “тұран” немесе “орал-алтай” тайпалары  мекендеген. Осы географиялық облыста алғашында тұран тайпалары шығысславян, орыс тайпаларынан гөрі маңызға ие” дейді151. Сол кездегі тұрандықтардың жері – Еуразияның үштен біріне жуық аумағын алып жатқан Ұлы дала. Бұл тайпалардың барлығын  біріктірген ортақ тіл – “орал-алтай” тілі болды*.

Белгілі тарихшы Әбілғазының деректерінде ғұн, маджар, бұлғар, аулақ, авар, монғұл, татар, манчжур, фин, жоңғар деп аталатын халықтардың барлығы Түркілердің ұрпақтары92.

Ал Н.М.Карамзин болса “... көпшілігі Болгарларды славяндар дегенімен олар бұрын ерекше тілде сөйлескен. Ертеде олардың есімдері мен дәстүрлері тіптен славян емес, Түркілердікіне ұқсас... Византияның тарихшылары Угрлер мен Болгарларды Ғұндар деп атайды” дейді.

Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған.

Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың

“Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!”

Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы”

деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді.

Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін  ұстанды146.

Тұран тайпалары мен батырлары туралы алғашқы деректер зороастризмнің қасиетті кітабы “Авестада” кездеседі4. Онда б.д.д. II – I мыңжылдықтар арасында, яғни қола дәуірінде арийлер (ирандықтар) мен тұран және хьон (хион) тайпаларымен болған соғыстарын суреттейді. Тұран мен Иранның сол кездегі шегарасы Әмудария өзені арқылы өткен. Тұрандықтар осы өзеннің төменгі ағысы мен Арал теңізі маңында болса, хьондар солтүстік-шығысын, арийлер оңтүстік-батысын мекендеген. “Воркушаның жағасы тек ғана арийлердікі емес еді. Ол жерде арийлердің жаулары - турлар да Ардви Суре құдайына табынып, құрбандық шалатын еді”. “Тайпааралық соғыстардың қайнап тұрған кезінде ертедегі бір құдайға сыйынып, одан жауларын жеңуге көмекті бір тілде сұраған арий, тур, хьондар Арианам Вайджаның шекарасы, Әмудария мен Сырдарияның жағасында, Каспий мен Аралда, Еділ мен Кама маңында мекендеген. Яштада сақталған соғыстардың жаңғырығы б.д.д. ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы – б.д.д. І мыңжылдықтың басында, Заратуштрадан әлдеқайда бұрын болғанға ұқсайды” дейді проф. С.Г.Кляшторный 88.

Аталған тайпалардың Ұлы далада бір уақытта мекендегені тарихта дәлелденгенімен, олар бір дінге сенді дегенге келісуге болмайды. Себебі, ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға – яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды.

Бұл дін соңынан эволюцияға ұшырап дүниетанымдық ұғымдар бір жүйеге келгеннен кейін б.д.д. III - I мыңжылдықтар арасында мүшел күнтізбесі пайда болды.

Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған «зұлымдықпен күресу» кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.д.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан  ауд. – “Түйесі кәрі”) атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауд. – малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар – тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. “Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған” дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: “Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу” деп қол қойған94.

Көне түркілердің атамекені Алтай мен Орта Азия. Осы аймаққа үндіеуропалықтар келгенге дейінгі петроглифтерден Күн бейнеленген әртүрлі суреттердің табылуына және үндіеуропалықтардың осы аймаққа келгенге дейінгі тұрған жерінен күнге табынудың іздерінің кездеспеуіне қарап Күнге алғашында ғұндар табынған деуге болады. Демек, Күннің мәңгі қозғалысын білдіретін “свастика” мен “крестің” пайда болу бастауы сол көне дәуірде жатыр.

Сондықтан, проф. С.Г.Кляшторныйдың осы тайпалар бір дінге сенді деген пікірін қабылдауға болмайды.

Көне замандағы хьон, немесе хиониттер, соңынан тарихта “Ұлы иозылар”, кидариттер немесе ақ ғұндар (ғұнэфталиттер) – олардың ұрпақтары қазіргі қазақ пен қарақалпақ құрамындағы кердері және мойтұн рулары. Жалпы, сол кездегі адамдардың ұғымында екі дүние (немесе екі әлем) болған. Ол - Тұран мен Иран. Қалғандарының барлығы маңызы төмен шеткері аймақтар немесе кейбір тарихшылар анықтағандай “жабайылар” болған. Осы уақытқа  



Скачать