Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады. Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.
ҚорытындыСонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. 1991ж. желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделген. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары – арнаулы салық режімі – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасының салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар. Скачать |