Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесіКӨКТҮРІКТЕР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ІРГЕСІН ҚАЛАҒАН ТАЙПАЛАР ЖҮЙЕСІ
Ахмет Ташағыл Мимар Синан университеті, Анкара қ.,Түркия
Тарихта алғаш рет түрік атауымен мемлекет құрған Көк түріктер, осы ерекшелігімен тарихта маңызды орын алады. Тарихта шамамен екі жүз жылға жуық өмір сүрген Көк түріктердегі тайпа жүйесі, ғасырлар бойы зерттеліп бүгінгі Түркі әлеміне бір көпір болғаны белгілі. Бүгінгі тақырыбымыз да Көк түріктердің тарихындағы әртүрлі аттармен, ұйымдармен белгілі болған тайпалардың композициясы болмақ. Бұл композиция, басқаша айтсақ тайпалардың ыдырауы мен әрекеттенуі Көк түрік мемлекетінің 744 жылы құлағанынан кейін де жалғасып, тіпті көш кездерінде де маңызды рөл ойнаған. Көк түрік мемлекетінің іргесін қалаған A-shih-na (Ашина)әулеті болатын (1). Бұл мемлекет егемендік алып құрылғаннан кейін 941 жылға дейін, жойылғанға дейін сол тайпадан шыққан бектер тарапынан басқарылып келді (2). Осы кезде әйгілі уәзір Тоныкөктің A-shih-te әулеті болатын. Бұл тайпа 620 жылдары II-ші Көк түрік мемлекетінің құрылуында маңызды рөл атқарды. Алайда, Тоныкөктен кейін (шамамен 725 жылдар)A-shih-te тайпасы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сондықтан A-shih-na бірден-бір басқарушы болып табылады. Жалпы бұлар туралы басқаруды A-shih-na әулетінің қолға алуына хақ беретін каризматикалык аңыздар да бар (3). Осыдан кейін 542 жылы тарих сахнасына шығып, 545 жылы Қытайдағы Батыс Вэй (Wei)мемлекеті тарапынан ресми танылған Көк түріктер төлес тайпаларын бағындырғаннан кейін ғана өз бағымсыздықтарын қорғай алатын жағдайға жетті. Ал бұдан бұрын түбірі Hsien-pi – ден келетін жуан-жуандарға вассал еді және Алтай тауларының оңтүстік етегінде теміршілікпен айналысатын. Төлестердің жуан-жуандарға шапқыншылығының алдын алған Көк түріктер, олардың 50 мың отбасын (кейбір деректерде 50 мың адам немесе 50 мың отбасы)өздеріне бағындырды, осыдан кейін де бағымсыздыққа қарсы күш арта түсті.
Төлес немесе Төлес тайпалары кім?
Деректерде төлес аты “барлық тайпалардың жалпы аты” ретінде көрсетілген(4). Одан көне дәуірлерге көз жүгіртсек Ғұндар дәуіріндегі Ting-ling-дер, олардан кейінгі Као-сһ-е- /б.з. 3- ж.ж./лердің жалғасы төлестер деп есептелінеді. Яғни, Орта Азиядағы бүкіл тайпалар Ұлы Ғұн дәуірінде Ting-ling, Juan-juan - Табғаш мемлекеті дәуірінде Као-сһ-е (Қаңлы), Көк түріктер пайда болғаннан кейін төлестер болып аталған. Негізінде Suei Shu мен Pei Shihдеректерінде төлестердің тарихтағы орны туралы айқын түсіндеріледі (5). Жағрафиялық таралуына қарасақ төлес тайпалары бес аймаққа жерлескен: Бірінші аймақ, Пу-ку (P’u-ku (бугу/бугут),Тонгра(T’ung-lo), Вей-хо (Wei-ho) Байырку (Pa-ye-ku), Фу-ло (Fu-lo)тапалары жасаған Тола өзенінің солтүстігі болып табылады. Бұл бес тайпа өздері өзара біріккен, осында жасайтын мең-чен (Meng-ch’en), ту-жо-хо(T’u-jo-ho), хун(Hun), ху-хсие(Hu-hsie), су-чие (Ssu-chie) сияқты кіші тайпалармен қосылып жиырма мың жетпіс әскер шығара алатын еді. Екінші аймақ, Хамидің (I-wu) батысы, Карашардың солтүстігі (Yen-ch’i)Ақтаудың (Pai-shan)етектері. Бұл жерде чи-пи (Ch’i-pi), пу-ло-чихи и - ших (P’u-lo-chihi I-shih), су-по (Su-p’o), на-хо (Na-ho), ву-куан (Wu-kuan), йе-ших (Ye-shih), юни-хуан (Yu-ni-huan)және басқа да кіші тайпалар бар, бұлардың да жетпіс мыңға жуық жақсы әскері болатын. Олардың кейбір тайпалары егіншілікпен айналысатын. Бұл түріктердің егіншілікке бастауындағы маңызды мағлұмат болып табылады (6). Үшінші аймақ, Алтай тауларының оңтүстік батысында еді. Бұл аймақтағы Сир Тардуш (Sir Tarduş (Hsie-yen-t’uo), ших-пан (Shih-p’an), та-чи (Ta-ch’i)лермен басқаларының да он мыңнан аса әскерлері болатын. Төртінші аймақ, Самарқанд яғни, Мәуереннахрдың солтүстігі Сырдария және оның тармағы Арис (A-te) өзені жағалауы болды. Бұл аймақтағы хо-чие (Ho-chie), по-ху(Po-hu),пи-кан (Pi-kan),чю-хай (Chü-hai),хо-пи-хси (Ho-pi-hsi),хо-цо-су (Ho-ts’o-su),па-йе-вэй (Pa-ye-wei),хо-та (Ho-ta)лардың да отыз мыңдық әскері болатын. Бесінші топтағы төлестер Хазар теңізінің (Te-I Hai)шығысында еді. Сан-суо-йен (San-suo-yen), мие -қу (mie-ts`u), луң-ху (Lung-hu) тайпаларының барлығы төлестерге жатады. Себебі мұнда огур тайпалары да бар (7). Төлестердің алтыншы тобы Византияның (Fu-lin) шығысында, шамамен Кавказдарда эн-чю (en-chü), алан(A-lan), пей-жу-чо-ли(Pei-ju-Chiou-li), фу-вен-хун (Fu-wen-hun)дар болды. Бұлардың саны жиырма мыңға жуық. Барлығының түбірі түрік емес (мыс.: аландар иран тектес) көпшілігі Сабар мен Хазарлардың негізін қалаған түрік тайпалары екендігі айтылады. Көрініп отырғандай жоғарыдағы таралу шығыстан батысқа қарай жөнелген. Ең шығыс аймақ ретінде Тола өзенінің шығысындағы Керулен бойы болса, ең батыс жағы Кавказдың солтүстігі болып отыр. Тіпті Қаратеңіздің солтүстігі де бұл алаңға қосылады. Бірақ бұл тақырыпта Қытай тарихшыларының мәліметтері жеткіліксіз болып отыр. Оңтүстік Сібірдегі қырғыздардан басталатын курынан (kurınan), тупо(Tu-po), толанка(Tolan-ka)лар және басқалары туралы айтылмағандығы қызық. Деректердін жетіспеушілігімен бірге, Сібір өлкесінің өзгеше екендігін ұмытпаған жан. 551 ж. бұрын Көк түріктерге бағынған төлес тайпалары жөнінде одан кейінгі кезеңдерде ешқандай мағлұмат жоқ. Тек 603 ж. Батыс Көк Түрік мемлекетінің қағаны Тардудың жеңілуімен бірге төлес тайпаларының да таралғандығы айтылады (8). Бұдан кейін Батыс Көк Түріктердін қағаны Чуло (Ch`u-lo) салықтарды арттырып, бүкіл малдарына қол сұққандығы, тіпті сир тардуштардың көтеріліс жасау ықтималынан сескеніп олардың жүзден аса басшыларын өлтірткені айтылады. Қағанның бұл басымдығына, үлкен салықтармен басқарушылығына шыдамы жетпеген Чи-пи (Ch`i-pi) шайнасы көтеріліс жасап Чулоны ауыр жеңіліске ұшыратты. Оларға сир тардуштары да қатысты. Осылайша Чинилер мен Сир Тардуштардың алған егемендігі ұзаққа бармады. Ше-куғй (She-kuli) басшылығындағы Батыс Көк Түріктерге бағынды. Шығыстағы ұйғырлардың арасындағы алты тайпа болса Ши-пи (Shih-pi) басшыларындағы Шығыс Көк Түріктерге бағынады. Барлық батыстағылар 621 ж. кейін Тунг Ябгуға тізе бүкті (9). 627 ж. Шығыс Көк Түріктердің маңызды кезеңі болып табылады. Бұл кезең мемлекеттің әлсіз кезі еді және сир тардушлар, байыркулар, ұйғырлар сияқты тайпалар бастап көтеріліс жасады. Осыдан кейін төлес атауы қолданылмады. Жоғарыда аты аталған тайпалар бір-бірімен сол аттарымен немесе басқа атаумен де бағымсыз таныла бастады. Ал Төлестер Байкал көлінің батысында кішкене бір тайпа болып моңғолдарға дейін (Тоолес (Tooles) тіпті осы күнге дейін қырғыздардың арасында дөнес әулетінің атымен Оңтүстік Сібірде мекендеді. Сир Тардушлар VII ғасырдың алғашқы жартысында Төлестердің ең мықты тайпасы ретінде тарих сахнасында маңызды рөл ойнады (12). Тонестердің жағрафиялық таралуында Алтай тауларының оңтүстігіндегі 10 мың әскерлік күші бар Сир Тардуштардың саны кейін келе 70 мың түтіндік болған. Шығыс Көк Түріктердің әлсіреуімен, олар шығыс қанатының (яғни тоғыз оғыздар) лидері ретінде көрінеді. 628 ж. бастап бағымсыз әрекет жасай бастаған Сир Тардуштар, бұрын 603 ж. орынсыз, әділетсіз салықтар жинап, бірнеше жүздердің басшыларын дарға асқан. Батыс Көк Түріктердің Қағаны Чулоны (Ch`u-lo) ауыр жеңіліске ұшыратты. 628 ж. Тунг (T`ung) Ябгу қаған басшылығындағы Батыс Түріктер ішкі қырқыстарға, ұрыстарға ұшырағандықтан Инан (603 ж. жеңіске жеткен басшылары Ишихпоның (I`-shih-po) немересі) 70 мың отбасылық әулетімен Шығыс Көк Түрік мемлекетінің билеушісі Ил Қаған (Chie-li) Hsel-li)-ға тізе бүкті. Алайда көп ұзамай бұл мемлекет сарсаңға ұшырады. Осылайша пайда болған саяси бостықтың орнын Сир тардуштардың басшылығы толтырды. Негізінде тоғыз оғыздар Инанның басшы болуын қалап, оған «Шығыс Көк Түріктерден қарсы мүдде іздеген Қытайдағы Таң әулеті қосылған болатын, бірақ бұған Сиртердуштар қарсы болып өз қағандықтарын алға тартты. Сир тардуштар 641 ж. дейін бағымсыз болды. 630 ж. Шығыс Көк Түріктердің құлауымен Қытайға жөнелген түріктердің кері қайтарылуы кезінде Сир тардуштар Көк Түріктермен де, Қытайлармен де соғысты. Бастапқы соғыстарда жеңіске жеткен Сир тердуштар басшысы қайтыс болған соң тақты бөлісе алмаған, екі ұлы Қытайларға жеңілді, 646 ж. түбегейлі ыдырады. Бугу, Тонгра, Тупо, Байырку, Толанко, Ху-шие, Амие (Эдиз) Чипи, Басмик, Курыкан, Қырғыз, Хун, Қарлұқтар және Ұйғырлар 646, 647, 648 жылдары Қытайдың Таң әулетімен келісімге келіп, бір-бір қытай атағымен бірге әскери шен берілді. Осыдан кейін Орта Азияда Қытай басымдығы бас көтерді. Түркіштер, Батыс Көк Түрік жерінде 635 жылдары саяси оқиғалар кезінде тарих сахнасына шықты. Осыдан кейін түркіштердің Батыс Көк Түріктерден шыққандығы белгілі. 634 ж. Қаған аталған Ишбара өз өлкесін он тайпаға бөліп, әрбір тайпаға бір-бір оқтан беріп, оларға Он Шад пен Он Оқ деген атақ берді. Бес Туо-Лу, осыдан кейін бес тайпаға бес-туо-лу аты, қалған бесеуіне де ну-ших-пи аты берілді. Бес туо-лу хандықтар (çorluk)ретінде Тоқмақ (suei-ye)өзеннің шығысында құрылды. Оң жақ тобын құрайтын ну-ших-пилер де Тоқмақтың батысында құрылды. Бұл құрылымнан кейін жалпы он оқ тайпа атына ие болды. Бес туо-ло тайпаларының арасындағы туркеш аты кейіннен барлық он оқ тайпаларының атына айналды (13). Қарлұқтар, тарих сахнасында, Алтай тауларының батысында Пукучен (Pu-ku-chen) көлі жағалауынан көрінді. Алай да бұл жер олардың алғашқы ата-мекені болмауы да мүмкін. Дегенмен, қарлұқтардың 30 ж. бұрынғы мекені жөнінде ой берді (14). 627 ж. бастап Шығыс Көк Түріктердің жеріндегі тайпаларында үлкен қорғаныс болды. Ол кезде Батыс Көк Түріктердің билеуш Скачать |