Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі


Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі

 

 ӘОЖ: 82:929                                                                                       

 

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ

 

Даурбекова Ширинкуль Седазымқызы

Б. Момышұлы атындағы №44 орта мектеп. Шымкент қаласы

 

″Туады ерлер, ел үшін″

Өлмейді ісі мәңгілік,

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп мәңгілік

Кетпейді естен асыл ер,-

деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.

„Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін.

„Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы.

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, –

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

 Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.

„Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын.

Қаршадайынан-ақ  жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.

Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді.

1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.

Бауыржан ата туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің „Арпалыс”, Әзімхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер”, ұлы БауыржанМомышұлының „Жанымның жарық жұлдызы” және тағы басқа шығармалар еді.

 Тумасынан асқан дарынды Баукең 1956 жылы ең алғаш қаруын қаламға айырбастап, бірыңғай жазушылықпен айналысады. Оның қарымды қаламынан туған „Ұшқан ұя”, „Артымызда Москва” , „Майдандағы кездесулер”, „Куба әскері”, „Жон арқа”, „Өмір өшкен жоқ” атты түрлі шығармалар әдебиетімізге қосылған ерлік рухқа толы, елеулі де мол мұра болды.

Ер елімен еңселі. Б. Момышұлының үлкен әдебиетке келуінен де оның отаншылдығын, өз қаруластарына деген сүйіспеншілігін көреміз.

„... Менің көп достарым, майдандастарым опат болды. Егер солар белгісіз күйде қала берсе, онда оның өзі тірі қалғандардың арына, бәрінен бұрын өз басымның ар-намысына шек келтірген болар еді”,- дейтін Баукең.

Ол өз шығармаларында өзінің адамгершілігін, азаматтық тұлғасын бар мүмкіндігінше беруге ұмтылды. Момышұлы шығармаларында да сол Момышұлы күйінде көріне білді. (Бауыржан атаның Ұлы Отан Соғысының 20 жылдығына арнап сөйлеген өзінің үн таспасы).

Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы „Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі” деген тақырып болғандықтан, мен батыр атаның шығармаларындағы мәселелердің ұлы Абаймен үндестігіне тоқталамын.

Сондықтан Бауыржан атаның көтерген мәселелерін ұлы Абаймен үндестігін табу үшін көп іздендім.

Сонда екі ғұламаның шығармаларындағы басты-басты мына мәселелерге, атап айтқанда, биік адамгершілік, рухани тазалық, шындық пен ар-намыс, ел бірлігі, отаншылдық, достық, жолдастық, өнер-білім, ерлік тақырыптарындағы үндестікке тоқталдым.

Ұлы Абайшығармаларында шындықты былай суреттейді:

Шындық – мансапқорлыққа, екі жүзді жәдігөйлікке, тоғышарлыққа қарсы әділеттің алмас қылышы”. Бұл туралы ұлы Абай „Шыннан артық құдай жоқ”дей отырып, өзінің „Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат” деген  өлеңінде ол тіршілікте көзі көрген, халық тәжірибесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды шынайы адамгершілікке шақырады.

Ал Бауыржан ата өзінің шығармаларын бастан аяқ тек тамаша бір

қасиетке - „шындық” атты ұлы сөзге тіреді деп ойлаймын.

„Біздің нақты болмысымыз – шындық. Шындықты суреттеп жазу кемістік емес, керісінше, дұрыс түсіндіре алмаушылық кемістігі”.

„Шындық бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта. Кім өтірік айтатын болса, оны мен емес, тарих жазалайды”.

Шындықтың қасиеті жайында ата-бабадан қалған киелі сөз, қисапсыз ойлар баршылық. Соның бірі Төле би бабамыз: „Жіп түйінсіз байланбайды, сөз шындықсыз байланбайды”,- деген. „Шындықты айтсан рас, маймылға да құлақ ас”. „Алысар болсаң шыныңды айт, қауысар болсаң, сырыңды айт”,- деген екен Төле би бабамыз.

Абай:„Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан сақтанбақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі - намыссыздық”.

Надандық – білім –ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Намыссыздық – күллі адамзаттың ең қас жауы.Ол ұятсыздық, жігерсіздік.

“Ар ұялар іс қылмас”,-дейді ұлы Абай, сондықтан ұлы данышпан болашақ ұрпаққа қай істі істесенде ар-ожданның таразысына сал, ақылмен істеген істің жеңісі де, жемісі де болады.

Қазақтың ең ірі, ең қасиетті сөзі - намыс. Батыр атаның „Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес, намысың үшін өлсең бопты” дейтіні де сондықтан деп ойлаймын. Ол „Ұшқан ұя” кітабында „Намыс – азаматтың алтын түбі” деген.

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң

      Кімді көрсем,  мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым,

      Тұра қаштым жалмажан, -

деп, Абай осы туындысында намыссыздықты, көрсеқызарлықты шегіне шығып сынаған. 

Намыс – азаматтың алтын түбі. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайтын, сүйегіне таңба түсірмейтін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны - өз үйі деп Бауыржан атамыз айтқан.

Ұлы Абай: „Қазақтың біріне-бірі қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғындығынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? ”- деп сұрақ қоя отырып, өз елінің, өз қандастарының күншілдігініне,  бірін-бірінің жетістігін көре алмаушылығынына мынадай философиялық ой ойлайды: „Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді;  әрбір арсыз, жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады”.

Бауыржаната күншілдік, біреудің жетістігін көре алмаушылық сияқты теріс әрекеттерді жек көреді. Соған дәлел, генерал-майор Чернюгов Бауыржанға,

Панфиловшылдығы, оның дәстүрін сақтағыштығы үшін сөгіс беріп, сол күншілдікке қарсы, қаймықпастан: „Панфиловтың аты ешқашан да өшпейді, оның дәстүрі Кеңес Армиясының рухында мәңгі өмір сүретін болады”,- деп жауап берген екен.

Батыр атаның күншілдікті, намысты, ерлікті сынау арқылы да өзгелердің және басқалардың биік мұратын көрсетеді.

Абай өзінің лирикалық өлеңдерінде „Адам баласы бірін-бірі сүйе білсін, бірінен-бірі жаулық іздемей, достық іздесін” деген пікірді аңсайды. „Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат” деген өлеңінде:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін-бірін жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз,-

деп татулық, достық мәселесіне айрықша тоқталған, достықтың түбі – татулық деп түйіндеген  есептеймін.

Ал қаһарман батыр Бауыржан Момышұлы атамыз:

Достық дегеніміз - өзара ақталған сенімнің түтіні.(Жаман дос басында күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңда бұлт шалса іздеп таба алмайсың)”,-деген.

Ұлы Абайқалың еліне, жұртына, халқына 



Скачать