Қырғызстан


Қырғызстан

 

Қырғыз Республикасы, Қырғызстан – Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 5,2 миллион адам. Қырғыздар (60,6%), орыстар (15,3%), өзбектер (14,3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом.

Географиялық орны

Қырғызстан — Орта Азияда орналасқан ел, солтүстігінде Қазақстанмен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында Тәжікстанмен, ал батысында Өзбекстанмен шектеседі. Солүстіктен оңтүстікке 454 км, ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр. Мемлекеттік шекаралары, негізінен, таулар аркылы өтеді. Сол себепті тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде шекараларын айқындау мақсатында көршілес мемлекеттермен келісімдер жүргізілді. Геосаяси жағынан алғанда ел аумағы аса маңызды аймақ болып табылады. Елдің географиялық орнының бұл ерекшеліғін НАТО-ға мүше елдер халықаралық терроризмге қарсы күресте маңызды тірек пункті ретінде пайдалануда. Соңғы жылдары Қырғызстан астанасындағы «Манас» әуежайында НАТО-ның әскери-әуе күштерінің шоғырлануы осының дәлелі.

Тарих

Қазіргі Қырғызстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. II ғасырда пайда болған. Біздің заманымыздың VI—XII ғасырлары аралығында бұл аймаққа Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған болатын. Кейіннен олар моңғол-татар шапкыншылықтарына ұшырап қуғындалды.

XIX ғасырда алдымен Қоқан хандығының иелігінде болып, кейіннен Түркістан губерниясы құрамында Ресей империясына өз еркімен қосылды. Қырғызстанның табиғат жағдайы өте қолайлы, таулы жерлеріне Ресейдің ішкі аудандарынан шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүрді. Бұл жағдай бұрын тек қана кешпелі мал шаруашылығымен айналысып келген қырғыз жерінде, жаңа шаруашылық түрлерінін; дамуына қозғаушы күш болды.

Қазан революциясынан кейін бұл аймақ Қара Қырғыз автономиялық облысы деп аталды, ал 1926 жылы Қырғыз КСР-і болып қайта құрылды. 1991 жылы Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады.

Бүгінде Қырғызстан Республикасы әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.

Табиғат жағдайы мен ресурстары

Қырғыз жері, негізінен, таулы болып келеді, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі — Жеңіс шыңы (7439 м) орналасқан. Бір-бірінен кең тауаралық аңғарлар (Шу, Ыстықкөл, Талас) арқылы бөлініп жатқан тау жоталары басым түрде ендік бағытта орналасады. Олардың геологиялық-тектоникалық құрылысы, ландшафтылық сипаты өте күрделі. Таулы аудандар қуаты 8—10 балдың күшті жерсілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.

Қырғыз жерінің 95%-дан астам бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан, ал оның 40%-дан артық бөлігі 3000 м биіктікте жатыр. Биік таулы жер бедері мен соған сәйкес қалыптасатын табиғат жағдайлары елдің экономикасын өркендетуге күшті әсерін тигізеді.

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардың (молибден, мыс, сурьма), Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі. Тауалды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр көмір және таскөмір, мұнай коры барланған. Көптеген кең орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады.

Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ең ірі өзені — Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады.

Климаты шұғыл континентті сипатта, жаз ыстық, қыс суық болып келеді. Таулы жер бедері ауа температурасы мен ылғалдын таралуына өте күшті ықпал етеді. Ауаның орташа температурасы жазық жерлерде қыста -4°С, жазда +25°, +27°С-қа дейін көтеріледі. Мұндай жағдай топырақ-өсімдік жамылғысының ете күрделі құрылымын қалыптастырады. Әсіресе бұл жағдай биік тауларда өте айқын байқалады. Сондықтан елдің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді.

Тянь-Шань таулары аралығында орналасқан Ыстықкөл елдің ең басты рекреациялық байлығы болып есептеледі, оны «Тянь-Шаньның інжу-маржаны» деп атайды.

Шатқал жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан Сарышелек көлі және оның айналасындағы жеміс ағаштары мен сирек кездесетін жаңғақты ормандар алқабы Сарышелек қорығының құрамына енеді. Мұнда Қырғызстанның көрікті демалыс-сауықтыру орындары орналасқан.

Ыстықкөл

Ыстықкөл — Орта Азияның ең ірі көлі, ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 6280 км2, ұзындығы 182 км-ге созылып жатыр. Пайда болу тарихы жағынан тектоникалық көл болып саналатын Ыстықкөлдің тереңдігі 702 метрге жетеді. Су көлемі көп болғандықтан, Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Көл айналасымен қоса, айрықша қорғауға алынған Ыстықкөл қорығының аумағына енеді. Ыстықкөл жағалауында жалпы саны 100-ден асатын демалыс орындары, емдеу-сауықтыру мекемелері орналасқан. Емдеу-сауықтыру мақсатында көлдің шипалы тұзды суы ғана емес, жағалаудағы емдік балшықтар да пайдаланылады. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералды бұлақтар да өте көп. Шолпан-Ата, Ыстық-Ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан шипалы су көздері көпшілікке танымал.

Өнеркәсіп

Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.

Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті металлургия болып табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.

Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын (Жалалабад облысындағы «Макмалалтын»), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде.

Ауыл шаруашылығы

Қырғызстан — Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Ол Қырғызстан жерінің басым бөлігінің таулы болуымен, өнделетін жер үлесі көрсеткітттінің төмендігімен түсіндіріледі. Өнделетін жерлердің басым көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы шабындықтардың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді. Нарын облысында жайылымдардың, әсіресе қысқы жайылымдардың үлесі басым. Елдің оңтүстігіндегі Ферғана жотасының беткейлерінде пішен дайындалады.

Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысңарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың басқа жеткен. Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны — қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар есіретін шаруашылықтар бар.

Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі өсіріледі, Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қал 



Скачать