Қособа
ҚособаҚособа Жалпақтал ауданындағы Көктерек ауылы маңындағы оба. Ол 19 қорғаннан және 1 құрбан шалатын орыннан тұрады. Қорғандар топырақ үйіндісі түрінде.Топырақ үйінділерінің диаметрі 6-50 м, биіктігі 0.2-2 м. Құрбан шалатын орынның пішіні төртбұрышты (70×20 м), биіктігі 0.5 м-ге дейін. Оба археологиялық барлау (Ғ.А.Кушаевтың басшылығымен) кезінде 1971 жылы табылды. Оған 197-1979 жылы Орал педагокикалық институтының археологикалық тобы (Кушаев, Б.Железчиков, В.Кригер) қазу жұмысын жүргізді. Әр түрлі дәуірге жататын 12 қорған қазылды. Нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырға жататын керамикалық ыдыстар, моншақтар, шағын қола білезіктер, сондай-ақ қыпшақ дәуіріне жататын бас киім жұрнақтары, тозған қорамсақ, қола айналар, темір жебе ұштықтары, т.б. табылды. Қособа ертедегі қола дәуіріне жатқызылды. Пайдаланған әдебиттер
Скачать |