Қазақстан
ҚазақстанҚазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ншы орында. Жер көлемі — 2 724 900 шаршы шақырымды құрайды. Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Дегенмен мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені. Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресей Федерациясымен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км республикаларымен, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. [1]. Республика жерінің қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі 87 20 ш.б. Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Республиканың географиялық орналасуы оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан Республикасының халқы 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[2]. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2009 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар — 63,1%, орыстар — 23,7%, өзбектер — 2,9%, украиндар — 2,1%, ұйғырлар — 1,4%, татарлар — 1,3% , немістер — 1,1%, кәрістер — 0,6%, түріктер — 0,6% [3]. Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Байқоңыр) бөлінеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі — қазақ тілі, орыс тілі ресми тіл қызметін атқарады. ГеографиясыҚазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия (Қаракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі саналады. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ орындары анықталған. Оның негізгі бөлігі (80%-ы) Каспий маңында шоғырланған. Республикада 200-ге жуық көмір кен орындары барланған. Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда қара металл кентастарының бір мыңнан аса орны табылған. Олар республиканың барлық жерінде дерлік кездеседі. Елімізде түсті металдардың ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын, мыс кендері алады. Олар, негізінен, Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда шоғырланған. Қазақстан сирек кездесетін металдарға бай өлке. Елімізде алтын мен күміс өндіру ежелден жолға қойылған. Нақтыланған алтын қоры жағынан Қазақстан әлемдегі жетекші ондыққа кіреді және күміс өндіру көлемі бойынша Азияда 1-орын алады. Елімізде 100-ден астам барланған уран кендері бар. КлиматыҚазақстанның солтүстік өңірлерінде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45 – 50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, дегенмен кейде ауа температурасы 35 – 40°С-қа жетуі мүмкін. Оңтүстік аймақтарда қысы жылы, дегенмен кейбір күндері мұнда да 30 – 35°С аяздар байқалады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге жетеді. Ішкі суларыСу — құрлықтағы сүйық, қатты, газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі блуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір мол. Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар. ӨзендерҚазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Онда көптеген су электр стансалары орналасқан. Ертіс – Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға су жіберіледі. Екінші өзен – Сырдария, негізінен, егін суаруға пайдаланылғандықтан, кей жылдары Аралға жетпей қалады. Балқаш көлі атырабындағы ең ірі өзен – Іле. Ал Батыс Қазақстанды, негізінен, Жайық өзені суландырады. Бұлардан басқа ірі өзендерге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Талас, Торғай, Ырғыз, Нұра, Ойыл, Жем, т.б. жатады. Көлдер және бөгендерҚазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар.Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы түйық көлдер. Көбінің суы тұзды, олардан тұз өндіріледі.Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді:
Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км2 тұщы су жиналған. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Шерубай-Нұра, Кеңгір және т.б. МұздықтарҚазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі — мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың зор қоймасы. Қазақстан жерінде мұздықтар таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы — Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Kүнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Алып жатқан ауданы — 2033,3 км2. Мұздың жалпы көлемі 100 км3. Өсімдіктері мен жануарларыҚазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Бұған қоса сүтқоректілердің 180, құстардың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104 түрі мекендейді. Жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау үшін мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған. Әкімшілік бөлінуіҚазақстан – унитарлы мемлекет. Құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық бағыныштағы қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауыл кіреді. Халық саны2009 — 17 ’200’000. 2006 ж. жылдың 1 шілденің күнінде Қазақстанда халық саны 16 301,4 мың адамды құрады. Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр. 2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республ Скачать |