Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер
Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдерЭкономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен әкономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Мысалы, дамыған елдер типологиясы құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады. Олардың түгелдей дерлік экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі мен экономикалық әлеуеті жоғары. Экономикасының құрылымы мен оның халық-аралық географиялық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесімен және әлемдік өндірістегі бұл елдер үлесінің қомақты болып келуімен сипатталады. Бұл жерде жинақтаушы көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіруі болып табылады. Өйткені ол, БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ дегеніміз — сол елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны. Сонымен қатар бұл жерде осы елдің ЖІӨ ішінен шетелдік компаниялар әкелген инвестициялар мен олардың сыртқа аударылған кіріс пайдалары және шетелдік жұмысшыларға төленген еңбекақылары есепке алынбайтын жалпы, ұлттық өнім (ЖҮӨ) өндіру де көрнекті көрсеткіш. Аса маңызды осынау қос көрсеткіш елдердің экономикалық күш-куатының әлеуетін керсетеді. Осы себепті аса жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылықтар жоқ. Бірақ ЖІӨ өндірудің жалпы мөлшері және жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жоғары тұрған — Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, т. б. елдерде жағдай керісінше қалыптасқан. 1998 жылы болған Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) инфляция бұл елдердің ұлттық экономикасын едәуір шайқалтты. Сонымен қатар әлемдік экономиканың жай-күйі мен оның даму ырғағын білу мақсатында әрі дүниежүзілік масштабтағы экономикалық жағдайларды талдауда жалпы әлемдік өнім (ЖӘӨ) керсеткіші де қолданылады. ЖӘӨ дегеніміз — дүние жүзінің барлық елдері аумағында өндірілген ақырғы дайын өнімдер мен қызметтердің көлемін анықтайтын көрсеткіш. ЖІӨ өндірудегі, әдетте қолданыла-тын АРВК өлшемі, БҰҰ-ның халықаралық салыстырулар шегінде жүргізген зерттеулері бойынша дамуы кенжелеп қалған елдерде оны үш есеге дейін кемітіп керсетеді екен. Өйткені бұл елдерде тауарлық емес (бартерлік айырбас, үй шаруашылығын ұстау мен тұрмыс-тіршілікке қажетті заттар жасау, т.б.) секторлар ауқымының кең болуы себепті, онда өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемін АҚІН долларының айналымдағы курсымен көрсетуде ЖІӨ мөлшері тіптен 40%-ға дейін азаюы мүмкін. Өз кезегінде ол дүниежүзілік өндірістегі дамушы елдер үлесінің аз болуына өкеліп, олардың ЖӘӨ-ге қатысты қарқынын да бәсендетеді. Сондықтан ЖӘӨ есептеулері АҚШ долларының кәдімгі ресми курсы бойынша емес, баламалы жол—САҚП негізінде жүргізіледі (қосымшадағы 5 -кестені қараңдар). Яғни, дүние жүзінің әрбір елдеріндегі бірыңғай азық-түлік торсебеті мен тауарлар жиынтығының күнына катысты САҚП бойынша, айырбас бағамы негізінде белгіленген валюталардың сатып алу қабілетінің салыстырмалы коэффициенті есебінде қолданылады. Осылайша есептеу өнеркәсібі дамыған жетекші елдер көрсеткіштерін орташа 20—30%-ға кемітумен қатар әлемдік экономикадағы негізгі топтар елдерінің арасалмағьш да өзгертеді. Мәселен, ЖӘӨ көлемінде дамыған Батыс елдерінің үлесі 55%-ға түсіп (ағымдағы валюта курсымен — 75%), ал дамушы елдердің мұндағы үлесін 40%-ға дейін көтереді (ал ресми валюта бойынша 19% болмақ). Экономикалық даму деңгейі төмен елдердегі шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құнындағы еңбеқақы шығыны аз болуы себепті, олардың бағасы да арзан болады. Ал осы тауарлар мен қызметтерді ЖӘӨ жүйесіне лайық-тап бағалағанда, олардың бағасы 10 —15%-ға көтеріледі. Сыртқы қарыздар мен телемдерді, сондай-ақ елдер арасындағы капиталдар қозғалысы және тауарлар мен қызметтердің халықаралық тасқындары тәрізді маңызды көрсеткіштерді анықтауда (ЖӘӨ негізіне) көбінесе ағымдағы валюта курсы негізге алынады. Валюталардың ағымдағы ресми курсына, сол сияқты оның сатып алу қабілетіне негізделген ЖІӨ есептеу жүйесін, әдетте, БҰҰ статистикалық мәліметтерінде қолданады. Ал Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (ЭЫДҰ) өздерінің ЖІӨ және ЖӘӨ есептеулерінде тұрақты валюталық курсты қолданады. Бұл тәсіл бағалар мен валюталық курстардың салыстырмалы түрдегі тербелістеріне жол бермейді және әрбір елдің дүниежүзілік өнімдегі нақтылы үлес салмағын ағымдағы ресми валюта курсын қолданып, тура дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Дамыған елдер тобына БҰҰ-ның типологиялық жіктемесі бойынша ЭЫДҰ-ға мүше 24 мемлекет пен Шығыс Еуропа және КСРО құрамында болған бұрынғы социалистік, ал қазір өтпелі экономиканы бастан өткеріп жатқан елдер енгізілген. ЭЫДҰ мүше елдердің Жапония мен Түркиядан басқаларының барлығы батысеуропалык немесе осы аймақтан бастау алған қоныс аударушы елдер. Бұлардың бәріне әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы бірыңғай ұлттық шаруашылық шегіндегі ұдайы өндіріс процесі, экономиканың интенсивті жолменен әрбуі, ендіргіш күштер дамуының жоғары деңгейі тән. Бұл елдерде дүние жүзі халқының 1/5 белігіне жуығы тұрса да, ол өзіне әлемдік экономика мен ғылыми-техникалық әлеуеттің негізгі бөлігін шоғырландырған. Батыс елдерінің жалпы шаруашылық дамуының деңгейі, олардың сыртқы және ішкі экономикалық саясаттары әлемдік рыноктың халахуалын, дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық жаңғыруын, сондай-ақ әлемдегі ғылыми-техникалық өзгерістердің негізгі бағыттарын болжал анықтайды. Бірақ кейінгі жылдардағы есептеулерде әлеуметтік салалардағы қол жеткізушілік мүмкіндіктері де ескерілуде. Мәселен, адамзат дамуының индексі (АДИ) көрсеткіштері есепке алынуда. Сондықтан да бұл типология елдері өз ішінде жалпы көрсеткіштері жағынан әр түрлі болып келетін топшалар түзеді (мұндағы ЖІӨ өндіру САҚП өлшемімен берілген): 1. Дамыған елдердің кешбасында тұратын топшасын әлемдік экономика мен саясатта көрнекті рел атқаратын Батыстың жетекші елдері құрайды. Оларды «үлкен алтылық» (АҚІП, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия), кәбінесе Канаданы қосып, «үлкен жетілік» елдері деп те атаймыз. Бүкіл дүние жүзінде жалпы ұлттық өнім мен өнеркөсіп өндірісінің жартысынан астамы осы елдер үлесінде. Жан басына шаққанда ЖІӨ өндіру 25000 доллардан (Италия) 40000 долларға (АҢІП) дейін жетеді. 2. Келесі топшаға Батыс Еуропаның дамыған кіші елдерін жатқызамыз. Бұлардың алдыңғы топшадағы елдерге қарағанда қуаты мен әлеуеті зор болмаса да, дүниежүзілік кейбір көлемді экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешуде алатын рөлі зор. ЖІӨ өндірудегі жан басына шаққандағы керсеткіші, әдетте, олардан кем түспейді. 3. «Қоныс аударушы капитализм» елдерін көбінесе жеке топшаға беліп карастырады. Бұлардың барлығы Ұлыбританияның бұрынғы отарлары — Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты Израиль де осы топшаға жатады. Олар іс жүзінде феодализм құрылысын басынан кешірмей, экономикалық дамудың өзгеше кешірме жолын ұстанды. ЖІӨ-ны жан басына шаққанда және оны өндіруде Канада мен Австралия алда. Ал ОАР басқа-лардан біршама артта (9000 доллар) қалуда. 4. Біріккен Ұлттар Ұйымының және кептеген халықаралық ұйымдардың ресми құжаттарында, Шығыс Еуропа мен ТМД елдері осы типологияның айрықша «өтпелі экономикалы елдер» топшасына біріктіріледі. Бұл елдердің көпшілігінде жан басына шаққанда ЖІӨ өндіру бірінші жөне екінші топша елдерінен анағұрлым төмен, тек кейбірінің (Чехия, Венгрия, Балтық маңы елдері) ғана көрсеткіштері үшінші топша елдерімен шамалас келеді. Бұлардың көбісі даму деңгейі жағынан дамыған және дамушы елдер шегіндегі аралық жағдай сипатындағы елдер. Осы топша ішінде бірқатар елдердің басшылары, жеңілдікпен несие және басқадай көмек түрлерін алу ниетімен өздеріне дамушы елдер мәртебесінің берілуін мәлімдеді. Ол өз кезегінде құпталды. Осындай елдер қатарында — Балқан түбегі, Кавказ сырты және Орталық Азия республикалары, сол сияқты Қазақстан да бар. Дамушы елдер типі және олардың ала-құлалығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзінің қалған барлық елдері мен жер аумақтарын дамушы елдер типологиясына жатқызады. Бұл — типология елдерінің жер көлемі бүкіл құрлықтың жартысынан астамын, ал Қытайды қоса есептегенде, жер шары халқыньің 70%-дан астамын құрайды. Олардың кейбірі (Қытай, Иран, Таиланд) бұрын жартылай отар күйін кешкен, ал біразы XIX ғасырдың басы (Латын Америкасы елдері) мен XX ғасырдың алғашқы жартысында (Шетелдік Азия елдері) өз тәуелсіздіктерін алған отар елдер. Осы типтегі басым көпшілік елдер отаршылдықтан өткен ғасырдын екінші жартысында ғана (Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбір елдері азаттық алған дүние жүзінін 100-ден астам жас мемлекеттері. Осындай құрамы әр түрлі елдерді бірнеше топшаға біріктіреміз: 1. Дамушы елдердің ішінен табиғи-экономикалық және еңбек ресурсы қуаты жағынан аса көзге түсетін — Үндістан, Бразилия, Аргентина және Мексика сияқты елдер оның «негізгі елдері» аталынатын бірінші топшасын құрайды. Осы аталған мемлекеттер өнеркәсіп өнімін қалған дамушы елдердің барлығы бірігіп өндіргеннен артық береді. ЖІӨ өндіру дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай темен (7000—10500 доллар көлемінде), ал Үндістанда ол жан басына шаққанда бар-жоғы 2500 долларды құрайды. 2. Келесі Азияның жаңа индустриялы елдері, кейде «Азиялық айдаһарлар» деп аталатын Скачать |