Ырғыз – Торғай резерваты


Ырғыз – Торғай резерваты

 

Ырғыз-Торғай резерваты — Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан мелекеттік резерват. “Ырғыз-Торғай” табиғи резерватын құрудағы негізгі мақсат — киік санын көбейту. Резерват ашылған кезде, яғни 2007 жылы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған. Қазіргі кезде 45 мың киік бар.

Резерват территориясы географиялық ерекшелігіне байланысты екі учаскеге бөлінген. Олар “Атан басы” және “Ала­көл” жүйелері. “Атан басы” жүйесі тоғыз жолдың торабында орналасқан. Оңтүстігі Қызылорда, шығысы Қарағанды, солтүстігі Қостанай облыстарымен шектеседі.

Резерват шекарасына 7 шақырым сайын арнайы белгі қойылған. Онда “Ырғыз-Торғай” мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын аймақ. Кіруге тыйым салынған” деп жазылған.

 


Скачать