ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 

Қазақстан Республикасының шығысында орналасқан. 1932 жылы 10 мартта құрылган. Батысында Сөмей облысымен, солтүстігінде РСФСР-дің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде және шығысында Қытаймен шектеседі. Жері 97,3 мың км2. Халқы 914,9 мың (1985). Облыс ауыл шаруашылық саласында қол жеткен табыстары үшін 1967 ж. 9 июньде Ленин І орденімеп паградталған. Орталығы — Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облысының көп бөлігін Алтай тау жүйесінің және Оңтүстік Алтай жоталары (Сарымсақты жотасы, Нарын жотасы, Үлбі жотасы, Куршім жотасы, Уба жотасы) алып жатыр. Қиыр солтүстігін Қатын жотасы (облыстың ең биік жері — Мұзтау осында, биікт. 4506 м), оңтүстігін Тарбататай, Сауыр ‘ жотасы, Буцтырма бөгенінен батысқа Қалба жотасы қамтиды. Облыстың оңтүстігіп алып жатқан Зайсан көлінің шұңқыры біршама жазық келеді. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай, әсіресе таулы өңірінде полиметалл кендерінің мол қоры шогырланған. Сонымен қатар сурьма, сынап, қалайы, қоргасын, тас кемір, қоңыр көмір, жанрыш тақтатас, мәрмәр, отқа төзімді саз т. б. кендер барланған. 0блыс жөрінде Д. И. Мөнделеев таблицасына кіретін элементтердің басым көпшілігі табылған және олардың біразы ажыратыльш алынады. Климаты тым континенттік, қысы суық, аязды, жазы жылы. Ауаның орташа темпрасы япварьда —16—20°С (Марқакол қазан шұңқырында —25—26°С), июльде 18—22°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. Зайсан қазан шүңқырында 150—200 мм, тауаралық ойыстарда 400—500 мм, солтүстіктөгі биік таулы аудапдарда 1000—1500 мм. Облыс жер беті ағын суына бай (Қазақстандары су қорының 40%-тен астамы осында шошрланган). Гидроэнергия қоры мол келген ірілі-үсақты 300-ден астам өзені бар. Басты өзепдері Ертіс және оиың ірі салалары: Күршім, Бүқтырма, Үлбі, Уба, Ірі көлдері: Зайсан мен Марқакөл, таулы бөлігінде шипалы көлдер (Рахманов, бүлақтары т. б.) көп. Ертіс өңірінде Бұқтырма және Өскемен бөгендері салынған. Облыс жерінде негізінен қара топырақ, тау беткейлерінде ормандык, сүр, шалғындық, қызыл қоңыр топырақ тараған. Зайсан қазан шұңқырында қоңыр, сор және сортаң топырақ жамылғысы кездеседі. Өсімдік жамылғысы биіктік белдеуге байланысты таралган; жазықтар мен тауаралыққа зан шұңқырларда Жусанды дала, тау беткейлерінде итмұрын, долана жемістері, қайың, көктерек, шырша, самырсын, балқарагай, қарағай агаштары, субальпі, альпі шалгыны өседі. Таутеке, бұлан, марал, қоңыр аю, сілеусін, барыс, қасқыр, түлкі, жабайы шошқа, тиін, ондатра, баргузин бұлғыны кездеседі. Облыстың шығысыпда Марқакөл мемлекеттік қорыты, Қатонқарағай ұлттық паркі бар. Облыс жерінде қазақтар, сонымен қатар орыстар, украиндар, татарлар, белорустар, тағы басқа ұлт өкілдері түрады. Облыс қалалары — Өскемен, Лениногор, Зырян, Зайсан, Шемонаиха, Серебрянск. Облыс шаруашылығы көбінде түсті металлургия, электр энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ, құрылыс индустриясына, интенсивті мал, егіншілік,марал және омарта шаруашылықтары маманданган. Облыс енеркәсібі негізінен жергілікті шикізат қорына негізделген.

 


Скачать