Шертетін ғасырлардан ғасырға сыр


Шертетін ғасырлардан ғасырға сыр

 

Қазақ ұлтының ұясы атанған Ұлытаудың атақ-даңқы алысқа кеткені рас. Бабаларымыз берекелі бірлік, бәтуалы тірліктің қамымен ұлт тауының етегіне ертелі-кеш келіп, бас қосып, елдіктің ертеңінің жағдайын ақылдасқаны, болашағын белгілегені де тарихтан белгілі. Содан да болар – Ұлытау үш жүздің басын қосқан тау – депр айтылып келе жатқаны. Әр тасына тарихтың таңбасын түсіріп, ғасырлар ізін қойнына бүккен таудың өткеннен шертер сыры да аз емес. Заңғар шыңдар мен ақ қайыңды тоғайы, бал бұлағы, сайраған құстарының сазды әуендері кімді болса да өзіне баурап, табиғатының тамашасымен таң қалдырады. Тау басында «Алтын орданың» соңғы хандары Едіге мен Тоқтамыстың қатар жатуы, Кеңгір бойындағы «Жошы мазары дегенде алыс-алыс елдерге барып туристік сапар мен саяхаттап қайтатын азаматтары … өзіміздегіні бағалай бермейтін қазақы кейпіне кейде еріксіз таң қаласыз. Солай дей тұра туризм кластрін дамыту туралы ел Президентінің арнайы тапсырмасы бары ойға оралып, сол мәселе бойынша Ұлытауда осы бағытта қандай істер қолға алынып жатыр, алда не тындырылмақ деген сауалдар төңірегінде Ұлытау ауданының әкімі елімізге белгілі айтыскер ақын Әнуар Серікбайұлы Омаров мырзамен ой бөлісудің реті келді. – Әнуар Серікбайұлы айтыскер ақын ретінде де қаламы қарымды журналист ретінде де танымалсыз. Сан мәрте сахна төрінде елдің жай-жапсарын жырға қосып, ортаға ой салдыңыз. Енді міне бір жылдан асты. Қасиетті Ұлытаудың атындағы ауданның әкімісіз. Ақынды пен әкімдіктің бір-біріне жақындығы бар ма? Әңгімені осыдан бастасақ. – Әрине, ақындық жайлы – ол былай, ол былай деп талдап, жіктеп таратып айтудың дәл қазір реті болмас. Асылы, ақындық Алладан келген дейді ғой. Қанда бар қасиет қайтсе де көрінбей қалмайды. Кезінде жыр жампозы Жамбыл бабамыздың өзімен сөз сайысына түскен Омар атамның ақындығы оның ұрпақтарының бойынан көрінуі заңды. Омар атамның өз баласы болып бауырында өсіп, өз әкемді аға, шешейді жеңге деп өскен жайымыз бар. Атамның әлдиіменен бойыма жыр қонған ба деймін. Жасымнан домбыра үні мен төкпе жырды естіп өскеннен кейін қара сөзден өлең жеңіл дегенді көңілге түйіп өстім. Сан айтыста елдің жай тілге оралды, жақсылықты мақтадық. Кемшілікті тезге салуға тырыстық. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары өрістеген айтыс өнеріне аз болса да үлес қосқанымды мақтан етемін. Ұлттық өнерге өгей өспегеніме қуанамын. Ал, ақынның айтқанының бәрі орындала беруі оңай емес. Биліктегілерге мәселе ұсынып осылай етсек болады деп ұрандау айтуға оңай болғанмен атқаруға келгенде қиын екені белгілі. Бұлай басын ашық айтып отырғаным әкімшілікте әкім болғанға дейін де лауазымды қызметтер атқардым. Ел үшін төккен тер тегін кетпейді. Сол жылдары (айтысқа араласқан кездерім де) елдің атынан ақындар ғана мәселе көтеретіндей болып көрінетін де оны әкімдер орындауға міндетті сияқты саналатын. Енді қарасаңыз ақынды да әкімді де мазалайтын ортақ бір ой – халықтың хал-жағдайы. Қайтсек елдің жағдайы дұрысталып әлеуметтік мәселелері алға шығадыға саяды. Осылай десек ақын мен әкімнің бір-біріне жақындығын көресіз. Ақынның айтқанын әкім көңілге түйіп, ойына жиып атқарар ісінде басшылыққа алса мәселе шешілді дей беріңіз. Сондықтан да, ақын да әкім де халықтың қамын жейтін халықтық қызметші десеңіз қателеспейсіз. – Әнуар мырза, ұлттың тауы Ұлытау тарихи астана деп те аталады. Осы ретте тарихи жер туристік орталық болуға сұранып-ақ тұрған жоқ па. Қалалй ойлайсыз? ٲ– Қазақ деген қабырғалы елдің тарихы тереңде жатыр. Соның бастауында Ұлытаудың тұруы заңды да. Бұрынғы бабаларымыз бұл жерді хандардың ордасы деп те атаған. Сонау Шыңғыс ханнан бастап оның Бахадұр ұлы Жошының ат үстіндегі ғұмыры осы Ұлытау даласында өткен. Жошының өлімін күймен естірткен Кетбұғаның бұғанасы қатып, буыны бекіп, билікке түскен жері де осы Ұлытаудың алқабы. Оның бер жағындағы сан ғасырлардың құпиясын қойнына бүккен тарихи орындар жетіп жатыр. Тау басындағы қатар жатқан Едіге мен Тоқтамыс хандар жайлы ертелі-кеш тоқтамай әңгіме айтуға болады. Басқамыр, Аяққамыр кешендері, Теректі әулие мекені, Ақмешіт әулие деп рет-ретімен, санап-санап айтар болсақ бір таңды атыруға болады. Жер бетінен Жерұйық іздеген Асан Қайғының іздері де тау түбінде сайрап жатыр. Асан Қайғының бәйбішесі Тана анамызды жергілікті тұрғындар тау басындағы жеті бейіттің бірінде деп есептейді. Алашахан мазары халқымыздың сәулет өнеріндегі теңдесі жоқ қайталанбас туындысы десек артық емес. Жалпы, Ұлытау өңірінде ұлтымыздың ұйысып ел болуына қатысты 800-ге тарта үстінде тарихи мұралар бар. Бұлардың дені ашық аспан астында күннің көзінде, желдің өтінде жатыр. Оларды қамқорлыққа алып, күтіп ел қажетіне жарату мақсатында көптеген жұмыстарды жүйелі атқару қажет-ақ. Неге десеңіз кешегі Кеңестік кезеңде күнбезді мазарлар, балбал тастар, белгілер ескіліктің қалдығы есебінде ескерусіз тасталып, талапайға түскен. Атақты ғалым атамыз Әлкей Марғұланның зерттеулерінде Ұлытау өңірінде 2000-нан аса балбал тастар бар деген, қазір содан қалғаны 30-40-тай ғана. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бүгінде балбал тастардың қолдан көшірмелерін жасаудамыз. Күмбездердің қызыл кесектерінен тұрғын үйлерге пеш салып алғандарда болған. Балбал тастарды мал қораның ірге тасына қалағандар да болған. Соның бәрі ұлттың өткенін ұмыттыруға бағытталған биліктің саясатының бір көрінісі сияқты. Ел егемендік алғаннан кейін жоғымызды іздеп, барымызды түгендеуге мол мүмкіндік туды. Аудан орталығында Ұлытау тарихи-табиғи мұражай қорығы құрылды. Республикалық Мәдениет министрлігіне тікелей қарайтын бұл қорықың құрылғаннан бергі тындырған жұмысы тіптен де көп-ақ. Мұның сыртында табиғаттың тұмса қалпын сақтауға орман-тоғай мекемесі шыр-пыры шығып, шырпысын егіп, шынарын баптап, шырылдап-ақ жүр. Бұл да болса еркін елдің тынысы ашылып, тындырар ісі көбейгенінің белгісі деңіз. – Тарихи орыны көп, табиғаты тамаша аң-құсы жыртылып айырылатын жерде туристік орталық неге құрмасқа. – Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туристік кластрді жетілдірудің экономикалық да, мәдени де, әлеуметтік тұрғыдан да маңыздылығына ерекше мән беріп, бұл істі кешеуілдетпей қолға алуды тапсырды. Елбасының бұл тапсырмасы орындалары хақ. Осы бағытта бізде де айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Рас сауалыңызда айтып тұрғаныңыздай алғы шарттардың бәрі бар. Табиғаты, тарихы келушілерді өзіне тартатын жерде туристік орталық ашудың не қиындығы бар дейтін шығарсыз. – Шыныда да, не қиындығы бар? – Басты қиындығы сол аудан территориясындағы барлық тарихи орындар түгелдей дерлік мұражай қорықтың иелігінде болса, орман-тоғайлы, өзенді-бұлақты, құрақты жерлер орман-тоғай мекемесінің меншігі болып табылады. Демек, бұл жерлерге аудан әкімшілігің құзыры жүрмейді. Ол жерлерде туристік үйлер, орындар, дем алатын жерлер салу үшін әрбір бөлінетін жер телімінде Премьер Министрдің рұқсаты керек.Әрбір бекет, әр орын үшін әрбір күні министрлер кабинетін мазалай беруге бола ма. Сондай-ақ, жасыл желекті орман-тоғайдың маңайына табан тигізу үшіноблыстық орман шаруашылығының рұқсатын алу қажет. Міне, әңгіме қайда жатыр. – Сонда аудан әкімінің бұл істерге араласуына мүмкіндік жоқ па? – Белгіленген тәртіп деңгейінде, заң бойынша жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Ұлытау ауданы көлемінде туристік кластрлікті дамыту үшін ауданның негізгі бас жоспарын қайта қарап, территориялық белгілерді нақтылауымыз керек. Сол үшін де ауданның бас жоспарын қайта қарап, негізгі-негізгі осы қалай деген істерді жүзеге асырудың жаңа жоспарлары жасалды. Бас жоспар бойынша аудан көлеміндегі туристік орындардың бой көтеретін жерлері нақтыланды. Аудан орталығының өзінде 3000-ға тарта тұрғын бар. Алда олардың санын 8000 адамнан асырсақ па деп ойлаймыз. Кешегі Кеңестік жүйе кезінде Республикадағы артта қалған 30 ауданның ішіндегі ең соңғысы болып тұрған Ұлытау ауданы теміржолдан қашық, автожолы нашар, инфроқұрылымдық жүйелері жетілдірілмеген қалпында бері қарай өтті. Қысы қатты, жазы желді, күзі қарлы-жаңбырлы табиғаты құбылмалы Ұлытауда жеті ай қыс, бес ай жаз деп айтылады. Екпіндете соққан боран мен желдің өтінде нағыз майталмандар ғана еңбек етіп келеді. Әрине, жылы су, жылы үйді кім жек көрсін. Қалаға кетіп жатқандардың негізгі себебі осында деп ойлаймыз. Сол үшін аудан орталығынан орталықтандырылған жылу жүйесін салудың негізгі іс-шара жоспары жасалынды. Осы жоспарға сәйкес Бас жоспарда орталық жылу қазандығы, жылу магистральдары және орталық кәріз жүйесінің жобалық-сметалық құжаттарына тиесілі мемлекеттік сатып алу байқаулары арқылы жеңімпаздар анықталып, аталмыш құжаттар түгелге дерлік әзірлену үстінде. Осы жобаларды республикалық бюджет арқылы іске асырса Ұлытаудың туризм орталығы ретіндегі жол ашылады деген сөз. Ауызсуды да үйді-үйге кіргізудің маңыздылығына мән беріп отырмыз. Осының бәрі маған дейін де сан басшылардың басын ауыртып – «Ойпырмай-ай дегізіп ойландырып, ойға алып орындасақ-ау деген армандары десем артық айтқандық болмас». Сабақты ине сәтімен дегендей Ұлытаудың осындай мәселелерін жинақтай келіп облыс әкімшіліктің алдына Бас жоспарды қорғауға барғанымда ұсынысты қолдауға ие болдық. Облыс әкімі Серік Нығметұлы ұлттың тауы Ұлытауды үлгілі етіп көрсетуге қажетті мүмкіндікті қолдап отыр. Ендігі мақсат тарихи орынның ұрпаққа өз мәнінде қызмет көрсетуіне қол жеткізу. Мұның сыртында салтты атқа мініп, тау жырасын аралап тарихи орындарды шолып қайтам деген шетелдік меймандарға да қолайлы жағдай жасап қойсақ қасиетті жердің аты алысқа кетері ақиқат. Алыс-жақыннан келіп-кететін мейман көбейсе сөз жоқ аудан экономикасы да өрістей түсері хақ. Туризмнің түрі көп қой. Мысалы, Экотуризм, атпен серуендеу, сондай-ақ, әулиеге тәу етіп келушілер де бар. Осымен қоса Ұлытау жерінде тауда, орман да, көл де, тіпті, шөл де бар болғандықтан саятшылық пен аңшылықты да жоғары деңгейде ұйымдастыру мүмкіндігі мол. – Ұлытаудың ертеңі де осы туристік орталықтың қанат жаюына байланысты дейсіз бе? – Бұл мәселені бір жақты қарауға бол 



Скачать