Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы


Халықаралық туризмнің қазіргі даму тенденциясы

 

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристтік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ қазіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты еді. Туристтік тұтынушылықтың құрылымына басты әсерін тигізгені экономикалық конеъюктураның нашарлауы болды. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар, негізгі туристтік қызметті пайдалнушыларға – қоғамның орта буынына да әсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мәжбүр болды.

Экономикалық конъюктурадағы нашарлау әлеуметтік сфераны өзгертті, ол өз ретінде туристтік сұранысқа әсерін тигізді. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалыс уақыты ұзартылды, апталық жұмыс мерзімі қысқарып, икемді жұмыс кестесі еңгізілді. Бұның барлығы халықтың бос уақытын ұзартты және туристтік қызметті пайдалнушылардың санын көбейтті. Осындай жағдайда туристтік қызметтің потенциалды тұтынушыларының шеңберінің кеңеюі бірінші тенденция болып табылады. Халықаралық туризмнің екінші тенденциясы – егде адамдардың туристтік сұранысының кеңеюі. Солардың ішінен толығырақ зейнеткерлік жасқа тоқталық, өйткені егде адамдар жиі туристтік белсенділік көрсетеді. Зейнеткерлік жас дамыған елдердің көбінде 60-65 жас аралығында болады. Экономикалық төмендеуге байланысты кейбір өндіріс орындары қаражат дағдарысына ұшырады, сондықтан да 60 жасқа толған адамдарды да, толуға таяғандарды да зейнеткерлік демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұлар нағыз мықты, үнемі қозғалыстағы адамдар, олардың бос уақыты мол және сапар шегуге әр уақыттада дайын болды. Олар ішкі және халықаралық туризм нарқының дамуына өз үлестерін қосты. Бүгінгі күнде егде туристтер – тәжіребиесі мол саяхаттанушылар. Өмірге қызығы басылмаған, тынымсыз адамдар, кейде қызық оқиға мен қауіпке толы сапарларға да шығады: шаңғымен таудан сырғанау, бұрқыраған өзендермен қайық есу, шөл даламен саяхат жасау және т.б.

Қазіргі егде адамдардың туристтік сұранысы өздерінің 10 және 20 жыл бұрыңғы қатарларының сұранысынан ерекше болып келеді. Бұрыңғы аталарына қарағанда олар батыл да, қайратты келеді.

Мүгедек егде адамдар да саяхаттап, өзіне жаңа сезім, әсер алғысы келеді, бірақ оған мүмкіндіктері жоқ. Мұндай категориядағыларға арналған «төртінші жастағыларға» атты бағдарлама бойынша арнайы құрылымымен Данияда «Дайнэдж Ассоциэшн», Нидерландыда «Сенье Ваканти План», Швейцияда «Свериджес Пенсионарсфорбинд» атты демалыс клубтары жұмыс істейді.

Осындай факторлар туристтік тұтынушылықты ілгері жылжытты. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауымен және бос уақыт мөлшерінің ұлғаюына байланысты халықтың рекреациялық сипатында келесі тенденциялар байқалады – демалыс уақытының бөлшектелуі және қысқа мерзімдік сапардың көбеюі. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының басында Авсрияда және Ұлыбританияда халықтың 20 % демалысқа жазда және қыста шығып тұрды, ал 10 % жылына үш және одан да артық саяхатқа шығып тұрды. Осындай жағдайлар Германия, Италия және басқа да Еуропаның дамыған елдерінде байқалды. Турлар қысқа, бірақ жиі болып тұрды. Батыс елдерінің әдебиеттерінде бұған «үзілісті саяхат» деген ат берілді. «Үзілісті саяхат» туристтік фирмалар үшін өте тиімді болып отыр. Өйткені қысқа мерзімдік саяхаттың бір күні жай саяхат күнінен едәуір жоғары. Онымен қатар «үзілісті саяхатты» адамдар жыл бойы пайдалнылады, ол туристтік саладағы қиын мәселелрді шещуге мүмкіндік тұғызады (маусымдық кезеңдегі қонақ үй және көлік мәселелерін жеңілдетеді). Батыс Еуропаның халықтары демалыс және мейрам күндеріндегі маршруттарды жиі пайдаланады. Олар көрме, мұражай, галерея және дүкендерді аралап, экскурсия жасауды ұнатады. Ұлттық саяжайларда уик-энд өткізеді немесе жақын жерлердегі фестиваль, карнавал, әртүрлі тағамдардың дәмін анықтауға қатысады.

Батыс Еуропаның нарқына қысқа мерзімдік сапарға туристерді жеткізушілер негізінен Германия мен Ұлыбритания болып отыр. 1993 жылы бұл екеуінің үлесіне 35 және 10 % келді. Олардың көбісі Франция, Австрия және Германияда уақытын өткізеді. Қысқа мерзімдік келушілер жағынан бірінші орынды Франция алады. Ол жақын туризмді дамыта отырып, уақытша қысқа мерзімге келушілерді Германиядан, Ұлыбританиядан, Бельгиядан, Испаниядан және Италиядан қабылдайды.

Демалудың түрінде де тамырымен өзгерістер енуде. «Көңіл көтеру мен қозғалысқа қызығушылықтың жарылысы» келесі тенденция болып табылады. Жағажайжа жатып пассивті уақыт өткізу, демалысты өткізудің көп тараған түрі болса да, бірті-е-бірте жаңа талаптарға орын беруде. Бұрыңғы «Үш S» («Sea-Sun-Sand») – теңіз  — күн – жағажайдың орнына жаңа формула «Үш L» (Lore-Landscape-Leisure) – ұлттық салт-дәстүр – пейзаж – бос уақыт келуде. Бұл жаңа құндылыққа сәйкес келіп, адам психологиясында бекітілуде, қазіргі туристің ойын және мінез-құлқын білдіреді.

Күнделікті ақиқат пен шындықтан қалмау үшін турист жергілікті колоритке ынталанады, басқа халықтың тұрмысын, әдет-ғұрпын, мәдениетіндегі ерекшеліктерді білуге тырысады. Сонымен қатар, белсенді демалып, күш-қуатын қалпына келтіруге ұмтылады.

 


Скачать