Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуыТұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.
Мазмұны:
Кіріспе.....................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
Тұран жазығының физикалық географиялық орыны. Тибиғатының қалыптасу тарихы.
1.1. Тұран жазығының физикалық географиялық орынының ерекшеліктері. Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы...........6-13 1.2. Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының даму тарихы..............................................................................14-18 1.3. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық типтері.........................................................................................19-32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................71-72
Кіріспе
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді. Мақсаты: - Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ; түзетін әсерін; - Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін; - Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды; - Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету. Төмендегі мәселелерді шешу көзделген: - Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін; - Аймақтың зерттеу тарихын; - Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін; - Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын; - Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын; - Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін; - Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару; Практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар ֵГеография мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады. Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.
1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы. 1.1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны.
Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. /1/ Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік, орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51 метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі./2/ Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар: - Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы орынының; - дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы; - оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат - мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы; - Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы; - транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы; - Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы. Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді. Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
Скачать |