Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері


Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері

 

Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:

1.      турист пен оның мүлкін сақтандыру;

2.      туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;

3.      шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;

4.      шетелдік туристерді сақтандыру;

5.      азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

6.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

7.      қауіпті жағдайларда  туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.

Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес  сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:

1.      автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

2.      көліктік сапарларды сақтандыру.

Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.

Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.

Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:

1.      коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе  кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);

2.      фирманың банкрот болуы;

3.      кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;

4.      форс-мажорлық жағдайлардың болуы;

5.      саяси қауіптер және т.б.

Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:

1.      кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;

2.      туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;

3.      тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;

4.      ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;

5.      дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

6.      дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);

7.      ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;

8.      туристі репатриациялау;

9.      шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.

Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.

Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.

Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.

Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.

Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:

1.      халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі;

2.      қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;

3.      ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;

4.      қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.

Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:

1.      3 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 50%;

2.      2 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 75%;

3.      қаза болу – сақтандыру сомасының 100%.

Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:

1.      туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;

2.      қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;

3.      жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;

4.      әскери міндетін орындауға шақырылу;

5.      кіру визасын ала алмау;

6.      келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.

Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.

 


Скачать