Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу


Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу

 

Демалыс үшін сапарлардың санының артуы урбандалу процесінің өсуі мен ХІХ ғасырда темір дол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристтік қасиеттерді, әсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қасиеттілікті арттырады.

ХІХ ғасырда медицинаның дамуы климаттың емдік қасиеттері мен теңіз суының жоғары дәрежеде бағалануына (таулы және теңіз маңы) әкеліп соқты. Темір жолдарының салынуы қасиеттері бар аудандарды туристтік сұраныс территорияларына «жақындатты». Ол техниканың дамуы үлкен масштабты туристтік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жағалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло, Ницца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу 19 жұз жылдықтың екінші жартысына жатады. (И.Г. Коль). ХІХ және ХХ ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандалу мен туристтік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею процестерінің арасындағы тәуекелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Сонымен, мысалы, неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдыменен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.

«Туризм географиясы» деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристтік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристтік лайықтылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау керек. Туристтік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шнютцтың еңбегінде табуға болады.

Автор еңбегінде туристерді қабылдаушы елдер мен айтақтарының экономикалық, қоғамдық және мәдени қаныастарының өзгеруіндегі туризмнің үлкен ролін атап көрсеткен.

Шнютц еңбегінде «қонақ үй кәсібінің» дамуының әсерінен жүзеге асқан туристтік қоныстардың кеңістіктік дамуына және қоныстардың түрінің өзгеруіне көп орын бөлген. Сонымен қатар, ол туристтік қозғалыстың әсерінен болатын табиғи, мәдени ландшафтыдағы өзгерістерді зерттеу қасиеттілігіне назар аударды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттегенде негізінен, ең алдыменен ішкі, әсіресе халықаралық туристтік ағымға көңіл аударды, сонымен қатар жергілікті жерді туристік жағынан игеруге де көңіл қойылды.

30-шы жылдары туризм географисының әлем бойынша қатты дамуына мүмкіншіліктер туады, әсіресе, Германияда (Р. Глюксман, А. Борман, Х. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В. Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р. Браун, К. Мак-Мерри).

Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылады.

Дәл сонда С. Лещицкиийдің алғаш туристтік географиямен туризм географиясы дейтін түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм деген терминді еңгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм деген түсінік үлкен роль атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристтік қозғалыспен байланысты.

Табиғи ортаның жағдайларына Р.Глюксманн көп көңіл бөлген. Оның туристтік проблематикалық кең диапазонын қамтитын еңбегін туризм туралы қазіргі ғылымның ең негізгі туындысы деп есептейді. Ол физикалық географияның зерттеулерінің бөлшектеріне кірмей, табиғи жағдайлардың туризмнің дамуына әсер етуіндей заңдылықтарды дәлелдеуге тырысқан. Ол ең маңызды рольді климаттық жағдайлар атқарады деп есептеген. Оған қоса, орман жамылғысы, жер беті суларының торларын ландшафттың оңды қасиеттерін аттыратын элемент ретінде қарастырады.

1937-1939 жж. неміс географтарыныңнақты туристтік аймақтар туралы еңбектері жарық көре бастайды. Х. Гассманның жұмысы Гарц тауларының батыс бөлігін қамтыса, Х. Дэблердің еңбегінде мекленбургтік теңіз жағалауындағы шипажайлар сипатталған, сонымен қатар Х. Позердің Крконошадағы туристтік қозғалысты қарастыратын жұмысын да атап кеткен жөн.

ІІ Дүниежүзілік соғыс туризм географиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндай зерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристтік қозғалыс үллкен қарқынмен дами бастайды.

ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталығы Франция және АҚШ болды, 1970-шы жылдардан бастап, сондай-ақ КСРО, Канада, Австрия, Ұлыбритания, Австралия, Жапония, Чехословакия, Югославия, Болгария, Германия, Польша солардың қатарына енді.

1945-1960 жылдардың арасында жаңа термин – демалыс географиясы пайда болып, ол туризм географиясы және рекреация географиясымен қатар қолданыла басталды.

1950 жылдардың аяғында Америка әдебиеттерінде жаңа түсінік – «таза ауадағы рекреация» дейтін сөздік пайда болды. Бұл терминді М. Клаусон еңгізді. Бұндай демалыс деп қала сыртындағы ашық аспан астында демалуды атайды екен.

1949 жылы туризмнің ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциациясы атты халықаралық ғылыми қоғам құрылады (Association Inernationale Expers Scientifigues du Tourisme). Оның орталығы Бернде (Швейцарияда) болады. Бұл ұйым өзінің елінде туристтік мәселелермен айналысатын әйгілі ғылыми жұмысшылардың басын қосты.

Әрине, Монте-Калода құрылған Халықаралық туризм Академиясы жөнінде де атап кеткен дұрыс (Akademie Inernationale du Tourisme (AIT)). Бұл ұйым 1956 жылы халықаралық туристтік сөздікті басып шығарады. AIT іс-әрекетінің басты мақсаты туризмнің географиялық негіздерін қамтитын ғылыми зерттеулерді өткізу. Бұл зерттеулердің қорытындылары – олардың жеке басылымы «Revue de Akademie Inernationale du Tourisme» де шығып отырды. Оның беттерінде туризм географиясы бойынша да көптеген жұмыстар басылды.

Германия Федеративті Республикасында соғыстан кейінгі жылдары туризм географиясының дамуына 2 ғылыми орталықтың маңызды әсері болды. 1950 жылы Мюнхендегі университеттің жанынан құрылған – Неміс экономикалық туризм институты (Deutsche Wirtschaftwissenschaftliche Institut fur Fremdenverkehr), сонымен қатар 1952 жылы Франкфурт-на – Майне университеті негізінде ашылған туризм институты (Institut fur Fremdenverkehrwissenschaft).

Туристтік шаруашылықтың дамуымен туристердің санының өсуі 1960-шы жылдардан бастап жағдайы жақсы жерлерді игерумен қатар, қолайсыз территорияларды да игеруге көше бастады. Бұл жылдары КСРО-да демалыс пен туризм орындарын аудандарда кең түрде жоспарлау етек ала бастады.

Б.Ц. Преображенский және Ю.А. Веденин КСРО-дағы туризм туралы ғылымның өтіп шыққан жолдарын қорытындылай келе мынадай 4 кезеңді көрсетеді:

1. (1968-1972жж.) рекреациялық географияның базистік моделінің құрылуы.

2. (1973-1978жж.) Базистік моделінің күшін аймақтық материалдарда тексеру.

3. (1979-1982жж.) уақыттық әдісті кеңістіктік уақыттың талаптарға өту базасы ретінде ашу.

4. (1983 және кейінгі жылдар) рекреациялық географияның кеңістікті теориясын құруға өту.

 


Скачать